03_Alexandra
Бекишева

Александра Маратовна

Бас директоры
         Александра Маратовна Бекишева — ірі жобаларды басқарудағы тәжірибесі, стратегиялық пайымы мен мұнай-газ саласындағы процестерді терең түсінуі бірегей үйлескен кәсіпқой. Оның мансабы КГНТ компаниясында басталды, мұнда ол қаржылық және коммерциялық бағыттарды дамытуға жауап бере отырып, қысқа мерзімде маманнан бастап компанияның басшысына дейін жолды жүріп өтті. Дәл осы кезеңде ол компанияның ұзақ мерзімді жетістігі үшін негіз бола алған озық бизнес-процестерді ендірді.

Оның халықаралық көшбасшылармен, соның ішінде Worley Parsons, Fluor, Aker және Fugro компанияларымен серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыру бойынша жұмысы отандық және шетелдік компаниялардың өзара әрекеттесуін жаңа деңгейге шығарды. Александра қазақстандық компаниялар мердігер ғана емес, сонымен қатар негізгі жобалардың ортақ құрылтайшысы бола алатын тәсілдің бастамашысы болды. 2009 жылы Александра KPJV халықаралық бірлескен кәсіпорнында қазақстандық үлеске, ал 2014 жылдан бастап —компанияның Директорлар кеңесіне басшылық етті, мұнда ол Теңізшевройл компаниясы үшін Болашақта кеңейту жобасы/Сағалық қысымды басқару жобасы (БКЖ/СҚБЖ) атты негізгі жобаға жетекшілік етті. Бұл жоба жергілікті қамтуды дамытуда және қазақстандық мамандарды жаһандық нарықта жайғастыруда маңызды кезең болды. Оның талпынысының арқасында 2019 жылы «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС әлемдегі IPMA Delta® V 4.0. жаңа стандарты бойынша құзыреттіліктің IV сыныбына ие бірінші және жалғыз сертификатталған ұйым болды және 2024 жылдың қараша айында IPMA Delta® V 5.0 стандарты бойынша құзыреттіліктің V сыныбына ие бірінші және жалғыз сертификатталған ұйым болды.

Саланың дамуына қосқан үлесі үшін Александра ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен; ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен; KAZSERVIСE Мұнай сервистік компаниялар одағының Медалімен; «KAZENERGY» қауымдастығының Медалімен және Құрмет грамотасымен атап өтілді. Әртүрлі жылдары Александра «Petrocouncil» мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту жөніндегі кенесінің нұсқасына сәйкес «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы 50 ең ықпалды әйел» және «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы топ 30 көшбасшы әйел» тізімдеріне кірді.

Александра Заманауи Гуманитарлық Академияда, «КИМЭП» Университеті мен University of Oxford Said Business School университетінде білім алды, мұнда ол «ҚР-да жергілікті қамтуды дамыту» тақырыбына ғылыми жұмысын қорғап шықты. Осындай академиялық негіз оған стратегиялық пайымды қалыптастыруға және жұмыста инновацияларды ендіруге мүмкіндік береді.

Өзінің негізгі қызметінен бөлек Александра әлемдік деңгейдегі жобаларды басқару бойынша өз тәжірибесімен бөлісе отырып, мұнай-газ саласындағы негізгі форумдар мен конференцияларға белсенді қатысып келеді. 2022 жылдан бастап ол КИМЭП Президенттік клубының мүшесі және Қазақстанның жетекші университеттерінде шақырылған спикер болып табылады.

Александра Бекишева — пайымы стратегиялық батылдық пен практикалық нәтижелілікті үйлестіретін көшбасшы үлгісі. Оның жұмысы қазақстандық инжинирингтің позицияларын нығайтуға және жаһандық нарықтың сын-қатерлеріне сәйкес келетін тұрақты шешімдерді дамытуға бағытталған.