userbayev
Усербаева

Бекзат Амандыкович

Жобаларды және құрылысты басқару жөніндегі басқарушы директор
Бекзат Амандыкович – өршіл басшы, Қазақстандағы жас кәсіпқойлардың жаңа буынының өкілі.

Бекзат Фатих университетінің жобаларды басқару мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие, (Стамбул, Түркия).

Усербаев Бекзат Амандыкович өзінің еңбек қызметін 2010 жылы Борусан Холдингте (Түркия) жобаларды басқару бөлімінде жоба инженері ретінде бастады.

2011 жыл мен 2012 жыл аралығында Аджип ККО-да Қашаған жобасын жобалау бөлімінде маман лауазымында жұмыс істеді және Қашаған жобасы бойынша жобалау құжаттамасының ағынын бақылау, жеткізушілер мен мердігерлерден келетін құжаттарды салалар жөніндегі инженерлер арасында бөлу үшін жауапты болды.

2012 жыл мен 2016 жыл аралығында ПСН КазСтройда жобалау бөлімінде North Caspian Operating Company N.V. (NCOC)келісімшарттары бойынша жобаның аға инженері ретінде жұмыс істеді. ПСН КазСтройда жұмыс істеген кезінде 31-ден астамжерүсті және теңіздік  жобаларға тартылды. 17 жобаны аяқтады (баламаны таңдау фазасынан пайдалануға ендіруге дейін).

2016 жылдан бастап Бекзат Амандыкович өз жолын жоба инженері ретінде бастап, жобаларды және құрылысты басқару жөніндегі басқарушы директорға дейін жетіп, КГНТ-да жұмыс істеп келеді.

Бекзат Амандыковичтің айрықша сипаттамалары – халықаралық жобаларды басқарудағы жұмыс тәжірибесі, алға қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін экономика және басқару саласындағы білімдері. Бекзат Амандыковичтің табысты болуының негізгі факторы – алдын ала айқындалған нақты белгілі жоспардың болуы, тәуекелдер мен жоспардан ауытқуды барынша азайту, өзгерістерді тиімді басқару.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетикалық кешенінің дамуына қосқан үлесі үшін Бекзат Амандыкович ҚР Энергетика министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.