2023

XV KAZENERGY Еуразиялық Форумы

КГНТ басшылығы 2006 жылдан бері KAZENERGY қауымдастығы өткізетін XV KAZENERGY Еуразиялық Форумына қатысты. Бұл – 300-ден аса компаниядан 2,5 мыңнан аса делегат және 50-ден аса елдің өкілдерін жинаған, Каспий мен Орталық Азия аймағындағы энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасы.
Көптеген жылдар бойы Форумда ықпалды саяси қайраткерлер мен танымал сарапшылар бас қосып келеді. 2023 жылы іс-шара дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мүдделі органдардың қолдауымен өткізілді.
#KAZENERGY#энергетика#кгнт#kgnt#евразийскийфорум#форум#астана