КГНТ-ның бас директоры Бекишева Александра, 3 қазанда Астана қаласында «KAZENERGY» XV Еуразиялық форумының шеңберінде өткен KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының VI форумына (ӘЭК) қатысты. Әртүрлі дәрежедегі қатысушылар, спикерлер мен басшылар өзекті тақырыптарды талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. ӘЭК VI Форумының негізгі тақырыбы “EmpowerHER Energy” ұранымен әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру болды.
2013 жылдан бері «KAZENERGY» әйелдер энергетикалық клубы Қазақстанның мұнай-газ және энергетика секторындағы гендерлік саясатты жүзеге асыру мәселелерімен айналысады. Бұл – әртүрлі сектордағы және компаниядағы әйелдерді топтастыруға арналған мамандандырылған алаң болып табылады. КГНТ гендерлік теңдік саясатын қолдайды және бүгінгі күні компания қызметкерлерінің 40,5%-ын әйелдер құрайды. Осы жылы КГНТ форумның маңыздылығы мен мақсатын қолдай отырып, демеуші ретінде қатысты.
#kazenergy#kgnt#кгнт#энергетика#форум