03_Alexandra
Бекишева

Александра Маратовна

Бас директоры
Александра Маратовна Бекишева Тәуелсіздік жылдары ішінде өскен Қазақстанның жас кәсіпқойларының жаңа буыны болып табылады.
Заманауи Гуманитарлық Академияда жоғары білім ала отырып, ол білімін әрдайым тереңдетіп, кеңейтіп келді, сонымен қатар еңбек қызметіне қоса Ресей-Қазақстан Заманауи Гуманитарлық Университетіндегі, «ҚМЭБИ» Университетіндегі, University of Oxford Said Business School оқу орнындағы оқуын қатар алып жүрді. «ҚР-дағы жергілікті қамтуды дамыту» тақырыбына ғылыми жұмысын қорғады.
Александраның мансабы «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» Инжиниринг Компаниясы» ЖШС-пен тығыз байланысты. Қысқа мерзімде ол маман мен бөлім бастығынан бастап вице-президент деңгейіне дейінгі жолды өтіп келді және 2004 жылдан бастап кәсіпорынның қаржы мен коммерция мәселелері үшін толық жауап берді. Өзі жетекшілік ететін бағыттардағы бизнес-процестерді жетілдіруге едәуір үлесін қосты. Сонымен қатар Worley Parsons, Fluor, Aker, Fugro секілді халықаралық серіктестердің қатысуымен тиімді жұмыс істейтін кешенді жобаларды іске асыру жүйесін құрды. Ол кәсіпорынның сапасы бойынша басшылықтың өкілі болып табылады.
Жоғары кәсібилігі, терең теориялық даярлығы пен мол практикалық тәжірибесі, жобалау жұмыстарын орындау бойынша экономикалық және құқықтық аспектілерді керемет игеруі Александраның айрықша мінездемесі болып табылады.
2009 жылдан бастап Александра KPJV бірлескен кәсіпорнында қазақстандық серіктестік үлестерінің бірін басқарып келеді, ал 2014 жылы Теңізшевройл компаниясы үшін Болашақта кеңейту жобасымен/Сағалық қысымды басқару жобасымен (БКЖ/СҚБЖ) айналысатын осы компанияның Директорлар кеңесін басқарды.
Бірлескен кәсіпорынның (КГНТ, КИНГ, Worley Parsons, Fluor) құрылуы отандық компания басқа танымал әлемдік инжиниринг компанияларының қосалқы мердігері емес, алғаш рет жобаның тең құрылтайшысы болған қазақстандық инжинирингтің дамуындағы жаңа белес болды. Бұл қазақстандық сала үшін әлемдік тәжірибені тартуға және теңдесті өзара қатынасты орнатуға мүмкіндік беретін жергілікті және отандық компаниялар ынтымақтастығының жаңа нысанына өтуге ықпалын тигізді.
Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетикалық кешенінің дамуына үлесін қосқаны үшін Александра Бекишева «KazEnergy» медалімен марапатталды, сіңірген еңбегі үшін сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің грамотасы мен алғыс хатына, ҚР Энергетика министрлігінің құрмет грамотасына ие болды.