Қызметкерлер сертификациясы

КГНТ қызметкерлері – үнемі оқытудан өтіп, біліктілігін арттырып отыратын кәсіпқойлардың қоғамы.
«ҚазҚСҒЗИ»-да инженерлік-техникалық қызметкерлердің аттестациясынан сәтті өткен әріптестерімізді құттықтаймыз.
КГНТ-мен бірге жетістіктерге жетуін тілейміз!

Жұмыс орнындағы 5С жүйесі бойынша 2023 жылғы қаңтар айының жеңімпазы

Компания жұмысына белсенді тартылған біздің қызметкерлер, жұмыс орындарында енгізілген 5С жүйесін сенімді түрде қолдайды.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша “5С.1С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны” номинациясының жеңімпазы – Акажанов Ельдар, “5С.1С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңістігі” номинациясын Сумен қамту және су бұру бөлімі жеңіп алды.

Қаңтар айының жеңімпаздарын құттықтаймыз және компания басшылығына, сапа бөлімінің бастығына және ЕҚ, ДжҚОҚ менеджеріне 5С жүйесін енгізудегі тұрақты қолдауы үшін алғыс білдіреміз.

КГНТ-ның 9 құндылығы бар, соның бірі – Тұрақты даму.

КГНТ-ның 9 құндылығы бар, соның бірі – Тұрақты даму.

Осы құндылықты тарата отырып, Компания қызметкерлерді оқытуға жіберу арқылы, үздіксіз олардың біліктілігін арттыруда. «2023 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасындағы құрылыстың құнын анықтау бойынша жаңа әдістемелік тәсіл» тақырыбында өткен семинардың арқасында, біздің сметалық-экономикалық бөлімнің қызметкерлері, Антошевская  Марина және  Ольга Доля КГНТ-ның білім қорын толықтырды, ол міндетті түрде осы тақырып бойынша жаңа әдістерді енгізуге серпін береді.

КГНТ маскоты

Компания қызметкерлерінің арасындағы дауыс беру нәтижесі бойынша, КГНТ-ның маскоты (бойтұмары) болатын кейіпкер таңдалды, ол- жапалақ. Ақылды, сүйкімді және өз білімімен бөлісуге дайын!

Осы қуанышты жаңалыққа байланысты, біздің маскотымызға ат таңдау үшін байқау жариялаймыз. Қатысу үшін сілтеме арқылы өтіп, анкетаны толтыру қажет.  Ұсынылғандардың ішіндегі үздік нұсқаны Сапа комитеті таңдайды, жеңімпаз Компания атынан жағымды сыйлыққа ие болады. Өтінім 02.02.2023 жылға дейін қабылданады.

Байқауға қатысыңыздар және КГНТ-ның корпоративтік мәдениетін дамытуды қолдаңыздар!

КГНТ-дағы мансап

КГНТ үнемі жаңа таланттар мен өз ісінің кәсібилерін іздеу үстінде!

Егер сіз белсенді, бастамашыл, нәтижеге бағытталған және мұнай, газ саласында даму мүмкіндігін іздеп жүрген болсаңыз, біз барлық өзекті вакансияларды біздің @JobKGNT телеграм каналымызға және сайтымыздың «Карьера» (www.kgnt.kz) бөлігінде жариялайтынымыз туралы хабарлаймыз.

Өз мансабыңды КГНТ-мен бірге құр!

5С:1С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны

КГНТ-ның әр қызметкерінің жұмыс орны 5С стандартына сай болуы қажет.

Жұмыс орнындағы тәртіпке берілгендігі үшін кез келген қызметкер және бөлім осы жылдың басынан бастап ай сайынғы негізде  «5С:1С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясын жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

Үздік қызметкер және бөлім Сапа бөлімінің тексеруі арқылы анықталатын болады.

Бірінші айдың қорытындылары бойынша:

  1. Кулишова Валерия Андреевна, БЖТПА инженері
  2. Электр-техникалық бөлім жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қалған қызметкерлерді белсенді түрде қатысуға шақырамыз – ол үшін жай ғана жұмыс орнын 5С стандартына сай тәртіпте ұстау жеткілікті.

3D сканерлеу тренингі сәтті аяқтады

КГНТ-ның барлық қызметкерлері үнемі оқытуларға қатысып, білімдерін жаңартып және толықтырып отырады.

Бас геодезист Аскар Баймухамедов «Trimble TX10 сканерімен және  Trimble Real Works бағдарламалық жасақтамаларымен жұмыс істеу» 3D-сканерлеу бойынша оқытудан өтті.

Аскарды құттықтаймыз және кезекті рет кәсібилігін дәлелдегені үшін және 3D-сканерлеу саласындағы білімін растағаны үшін алғыс білдіреміз.