Көрісу күні

Көктем мен жаңарудың шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Көрісу мерекесі құтты болсын! Ежелден бері бұл күні адамдар бірін-бірі көктемнің басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп және үлкендерге құрмет көрсету қалыптасқан! Жыл бақытқа және игілікке толы болсын!

Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлерінің күні

11 Наурыз Қазақстан Республикасында жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлерінің күні атап өтіледі.
Ең жылы лебіздерімізді қабыл алыңыздар! Сіздердің арқаларыңызда топографиялық карталар жаңарып, объектілерді жоспарлауға арналған геодезиялық жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіби еңбектеріңіз бен Компанияның дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!

Халықаралық әйелдер күні

Құрметті нәзік жандылар!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Келер күн езуіңізге күлкі, жылулық, жылы лебіздер сыйласын, ал үйіңіз бақытқа, үйлесімге және игілікке толы болсын!

КГНТ ерлер қауымының құттықтаулары

Жыл сайын Компанияның ерлер қауымы аруларымызға 8 Наурызға арналған мерекелік құттықтау дайындайды.
Дайындық іс-шараға дейін біраз уақыт бұрын басталып, нәтижесінде аруларымыз жағымды әсерге ие болады.
КГНТ арулары таңертеңнен бастап мерекелік көңіл-күймен қуаттанды, онымен қоса оларға сыйлықтар мен гүлдер сыйға тартылды.
КГНТ-ның ерлер қауымына Компанияның аруларына арнаған қамқорлықтары мен көңілдері үшін алғыс айтамыз!

Семинар: ҚР-да құрылыс құнын анықтау

КГНТ қызметкерлердің біліктілік деңгейі туралы қамқорлық жасай отырып, оларды семинарлар мен оқыту курстарына жібереді, ол міндетті түрде біздің жобаларды іске асыру кезіндегі жұмыс процесіне әсер етеді.
21-22 ақпан күндері біздің қызметкерлеріміз, Антошевская Марина мен Солтанаева Анастасия «Нормативтік құжаттардағы өзгертулерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы 2023 жылғы құрылыс құнын анықтау» тақырыбында семинардан өтті және алған білімдерін жұмыста сәтті қолодана алады.

Алғыс айту күні

1 Наурыз Қазақстанда Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл мейрам жылдан жылға қанатын кеңінен жаюда: бізге қамқорлық, әріптестеріне, жақындарына, туыстарына, соның ішінде бейтаныс жандарға көмек көрсететін жандарға алғыс айтамыз. Бүгін КГНТ Компаниясы Алматы қаласының офисіндегі барлық қызметкерлерге алғыс айтудың белгісі ретінде кәдесыйлар дайындады, сонымен қатар «Әріптесіңізге немесе Компанияға алғыс айтыңыз» жаңа жобасын ұсынды. Осы арнайы форманың арқасында әр қызметкер немесе Компания қонағы кез келген қызметкерге немесе жалпы КГНТ-ға алғыс білдіре алады, жылы сөздер міндетті түрде өз иелерін табады.