WIKA конференциясы

Wika 2023 Серіктестік конференциясында КГНТ логистика және жеткізу бөлімінің қызметкері Мухамедьяров Сәкен өлшеу техникасындағы жаңа жетістіктер туралы білуге және өнеркәсіптік сегментке арналған Wika өнімдері мен шешімдерінің тұсаукесеріне қатысуға, сондай-ақ нетворкингке қатысуға мүмкіндік алды.Біз өз кәсібилігін үнемі дамытып, жаңа мүмкіндіктерге ұмтылатын қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз

Leadership Talks

Bolashaq Petroleum Club аясында 6 маусымда Астанада КПО бас директорының орынбасары Адам Чарльз Лоумасспен Leadership Talks өтті, ол өзінің халықаралық жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, көшбасшылықтың маңыздылығын талқылады. Іс-шараға КГНТ бас директоры Александра Бекишева және Қазақстанның мұнай-газ компанияларының басқа да басшылары қатысты.

КГНТ-ның аңыздары

Біздің КГНТ командасында нағыз “аңыз адамдар” бар, олар бізбен бірге 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Олар өз ісінің кәсіпқойлары ғана емес, олар біздің мәдениетіміздің, дәстүрлеріміздің және құндылықтарымыздың ұйытқысы болып табылады. Оларсыз біздің жетістікке жетуіміз екіталай. КГНТ-да неше жыл қызмет атқарып келе жатқаныңызды төмендегі пәкірге жаза кетіңіз.

Экологтар күні

Барлық КГНТ ұжымының атынан экологтарды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Біздің ғаламшарымызды сақтауға жұмсаған өлшеусіз күш пен энергия үшін алғыс білдіреміз. Сізге сарқылмас ынта мен жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!
КГНТ көптеген жылдар бойы қоқыстарды бөлек жинау мәдениетін сақтап келеді, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайтып, өз жобаларын жобалау мен жүзеге асыруда қоршаған ортаға қамқорлық жасайды. Бұл экологиялық шешімдерді күнделікті өмір мен бизнеске қалай енгізуге болатынының жақсы мысалы. Барлығымыз бірге ғаламшарымызды болашақ ұрпақ үшін сақтау бойынша жұмысты жалғастырайық!
Эколог күні құтты болсын!

Балаларды қорғау күні

КГНТ-да қызметкерлердің балаларына арнап Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық есік күнін өткізу дәстүрі қалыптасқан. Бұл – балаларды ата-аналарының жұмыс орнымен, Компанияның тарихы және мәдениетімен таныстыруға тамаша мүмкіндік. Балаларға “болашақ қызметкер” бейджі табысталды, офистағы қауіпсіз мінез-құлық нұсқаулығы өткізілді, сондай-ақ квиз түріндегі қызықты ойын ұйымдастырылды. Көп жылдық тарихы бар кітапханаға ерекше көңіл бөлінді, онда балалар көптеген қызықты және жаңа дүниелермен танысты. Одан бөлек балаларға сыйлықтар табысталып, виртуалды шындықта балықтармен бірге “жүзуіп” үлгерді. Мерекені ұйымдастыруға қатысқан барлық қызметкерлерімізге алғыс білдіреміз.

КИМЭП-те бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Осы жылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің айы КИМЭП университетінде басталды.
Бос орындарының жәрмеңкесі – жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де еңбек нарығын көруге жақсы мүмкіндік береді: компаниялар күндізгі оқыту студенттері мен түлектермен таныса алады, ал жас мамандар-компаниялар туралы танысып, ұйымдардың өкілдеріне қызықтыратын сұрақтарын қоя алады.
КГНТ компаниясы КИМЭП-тің ТОП жұмыс берушілерінің қатарына кіреді. Бұл дегеніміз біз әрқашан да КИМЭП түлектерін өз қатарымыздан көруге қуаныштымыз. Бұдан бөлек, университет студенттерін жаздық тәжірибеге шақырамыз.
Егер КГНТ-ның жұмысына қызығушылық танытқан болсаңыз, хаттың тақырыбында «мен КГНТ-да тәжірибеден өткім келеді» немесе қызығушылық танытқан бос орынның атауын көрсете отырып түйіндемені мына мекен-жайға жіберіңіз job@kgnt.kz.

КИМЭП-ке жылы қабылдау және іс-шараныжақсы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз!

Болашақта кеңейту жобасына қосқан үлесі үшін күміс награда

КГНТ қызметкері Александр Чесноков Болашақта кеңейту жобасына қосқан үлесі үшін, атап айтқанда бизнес-серіктестерге белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін, мақсаттар мен кезеңдерге уақтылы қол жеткізуге және жобада ауыр жарақаттар мен өлім-жітімсіз 2022 жылдың сәтті аяқталуына ықпал еткен серпінді жұмыс кезінде керемет басшылық пен икемділік үшін Күміс наградаға ие болды. Александр механикалық-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін операциялардың көптеген түрлеріне арналған ресурстық жоспарларды, орындау реттілігін, қоршауларды орнату кестелері мен сметаларын, жобаға өзгерістер енгізу туралы хабарламаларды және жылу сынақтарын әзірлеуге бастамашылық білдіріп, белсенді қатысты.
ТШО біздің қызметкердің шикі газ объектілеріне қоршау орнату кезінде шығындарды үнемдеуге үлкен үлес қосқандығын атап өтті.

Спорт күні

6 сәуір Қазақстанда Спорт күні тойланады. Қалыптасқан дәстүр бойынша КГНТ-ның бас офисіндегі қызметкерлер үшін таңғы жаттығу-флешмоб ұйымдастырылды. Жаттығу әріптестерімізге көтеріңкі көңіл-күй мен энергия сыйлады!
Барлықтарыңызға денсаулық және спорттық рух тілейміз!

Серіктесіміз ТШО-ны туған күнімен құттықтаймыз

Бүгін Қазақстан Республикасының аумағындағы ең ірі мұнай-газ операторларының бірі, біздің сенімді серіктесіміз – «Теңізшевройл» компаниясы 30-жылдық мерейтойын атап өтуде. КГНТ өз атынан ТШО-ға сенімділік пен ұзақ мерзімді серіктестік үшін алғыс білдіреді және сәтті даму мен алға қойған мақсаттардың жүзеге асуын және қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының сақталуын тілейді!