КГНТ-да “Донор күні” акциясы өтті

КГНТ-да біздің жаңа дәстүріміз – “Донор күні” акциясы өтті. Барлық санитарлық нормаларды, сонымен қатар қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, КГНТ офисінде мини-зертхана орнатылды, мұнда әрбір ниет білдірген донор мыналарды:

– Өзінің қан тобын

– Резус факторды

– Гемоглобиннің деңгейін

– Келл факторды тексере алды.

Бас офисте біраз ерікті анықталды. Бүгін бізбен бірге болған әрбір жұмыскерге рахмет айтамыз✨ Ал сіз келесі жолы донор болуға дайынсызба? 😉

Республикалық қан орталығына көрсеткен көмегі мен іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз❤️

Хосин Канри атты “Кайдзен” жүйесінің екінші модулін сәтті оқып шықты.

Хосин Канри атты “Кайдзен” жүйесінің екінші модулін сәтті оқып шықты. КГНТ 27 қызметкерін – бірінші және екінші буындағы басшыларды жіберді және бұл басы ғана! Модуль әрқайсысын жақсы жағынан танып-білуге мүмкіндік берді және #KGNTDREMTEAM командасының қаншалықты ұйымшыл екендігін дәлелдеді, соның арқасында Компанияның мақсаттары, пайымы, құндылықтары мен миссиясы әрқайсысымыз үшін неғұрлым маңызды бола түспек.

КГНТ түрлі-түсті жұмалары

Офисіміздегі жұма күндері енді көңілді бола түспек! Біз жаңа дәстүрді енгізгелі жатырмыз – түрлі-түсті жұмалар. Көп ойланбастан, бірінші түрлі-түсті жұма үшін біз ең бірегей және бәлкім ең ашық түсті таңдаймыз деп шештік! Осы жұманың түсі – ҚЫЗҒЫЛТ және оның реңктері. Біз көріп тұрғандай – жаңа дәстүр барлық жұмыскерлерге ұнаған сияқты – ендеше осы қарқында жалғастыра бермекпіз. Комментарийлерде өз идеяларыңызбен бөлісіңіздер – келесі жұманың қандай түсін қалар едіңіз?

КГНТ-ның қызметкерлеріне білікті инженерлік-техникалық жұмыскер мәртебесі берілді.

Жаңа жыл бізге инжиниринг саласында және жалғыз осы салада ғана емес жаңа мақсаттар мен перспективаларды ашып берді. Күрделі, қызық әрі көлемді жобаларға қол жеткізу үшін Компания жоғары білікті мамандарды дамытуға және оқытуға едәуір күш сала отырып, жұмыскерлерді өсіруде. Осылайша, біздің көптеген қызметкерлерге білікті инженерлік-техникалық жұмыскер мәртебесі берілді, бұл көптеген жылдар бойынша бізге сапалы жұмысты орындауға және ең қызық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Және ең маңыздысы және бағалысы – Компания сияқты үлкен мақсаттарды қолдаушы болып табылатын, алға қарай үздіксіз қозғалу және ең жақсыға ұмтылу – сапалы жұмыстың кепілі екендігін есте сақтайтын адамдар.

#КГНТБолашақҰрпағы

Біз әрқайсысыңыздың жеңістеріңізді мақтан тұтамыз және қуанамыз, ал КГНТ-ның өсіп келе жатқан ұрпағының жетістіктері бізді одан да қатты қуантады. Бүгінгі күннен бастап біз #БудущееПоколениеКГНТ айдарын қосамыз. (@kgnt.kz instagram платформасында ғана)

Айдарымыздың бірінші кейіпкері – Теңіз локациясында құбыр бөлігі бойынша құрылыс жөніндегі супервайзер лауазымында жұмыс істейтін біздің қызметкеріміз Аманжол Аманкелді Өмірзақұлының қызы Өмірзақ Дина Аманкелдіқызы.

 

Дина өзінің балғын жасына қарамастан тапқырлығы жоғары және сапалы білімге ие дарынды балалар, Қазақстанның 100 үздік оқушылары туралы кітап – «XXI ғасыр көшбасшысы» жинағында атап өтілген болатын. Дина, құттықтаймыз! Барлық бастамаларың сәтті болсын және біз саған Компаниямызда дамуға мүмкіндік беруге әрқашан дайынбыз!

Балаларыңыздың айдарымызға түсуін қалайтын болсаңыздар, бізді белгілеңіздер және #БудущееПоколениеКГНТ хештегін қойыңыздар. Айына бір рет біз барлық балаларды бір постқа жинап, олар туралы, олардың жетістіктері туралы айтып беретін боламыз! Біздің балаларымыз – КГНТ болашағының бір бөлігі.

Компанияның қызметкерлері алғыс хаттарымен атап өтілді.

Қызметкерлеріміздің марапаттары өткен жылдың ең жарқынды оқиғаларының бірі болып табылады. Компанияның әртүрлі бөлімдердегі және локациялардағы қызметкерлері ҚР Энергетика Министрлігінің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және әрине, КГНТ компаниясының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен атап өтілді.

Әрқайсысыңызды адал еңбектеріңіз бен Компанияға, сонымен қатар салаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін тағы да алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.