Туған күніңмен, КГНТ!
Осыдан тура 48 жыл бұрын арнайы жобалау-конструкторлық бюроны құру туралы шешім қабылданған болатын, ал қазір бұл, сіздер білетіндей, біздің екінші үйіміз – «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС». Көп жылдық тарих, үздік кәсіпқойлар, орнықты қағидаттар, корпоративтік этикеті және достық ахуал қалыптасқан ұжым, мұның бәрі – КГНТ және оның ең басты құндылығы – қызметкерлер! Әрқайсысыңыздың кәсібиліктеріңіздің арқасында бүгін Компаниямыз мінсіз беделге ие және сөзсіз біз 48 жыл ішінде біріншіміз! Әрқайсысыңызға алғысым шексіз және ең қызықты сәттеріміз алда екендігіне сенімдімін! Туған күніңмен, КГНТ!
Компанияның 48 жылдығына орай барлық кеңселерге торт түріндегі тәтті тағамдар жеткізілді.