«Ұлттық домбыра күні» байқауының қорытындысы

Барлығымыз білетіндей, шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда қазақ ұлтының рухын, мінезін және тарихын бейнелейтін аспап – Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.

 

Осы тамаша мереке қарсаңында КГНТ-да қызметкерлер мен өскелең ұрпақ арасында қазақ өнерін насихаттауға бағытталған домбырашылар байқауы ұйымдастырылды.

Әріптестер мен олардың балалары домбырада өздерінің музыкалық орындауларын бізбен бөлісті.

Бүгін біз қатысушыларымыздың конкурстық бейнелерімен қуана бөлісіп, онлайн-дауыс берудің қорытындысын шығарамыз.

1 орын – Абельдинова  Жазира

2 орын – Атанияз Тайров

3 орын – Мұсабек Арлан

Қалған қатысушыларымыз алғыс хаттарымен марапатталды.

Баршаңызға байқауға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз және Қазақстанның түрлі қалаларында домбыраның тамаша үнімен қуантуды жалғастыра берулеріңізге тілектеспіз.

КГНТ түрлі-түсті жұмасы

Біз дәстүрімізді өзгертпейміз. Біздің кезекті түрлі-түсті жұмамыз сәтті өтті. Бұл «Түрлі-түсті жұманы» белсенді түрде қолдайтын қызметкерлеріміздің тек бір бөлігі ғана. Маусым айының соңғы жұмасында ақ түсті таңдадық.

КГНТ өкілдері «Schneider Electric» ұйымдастырған жабдықтардың жаңа технологиялары бойынша тұсаукесерге қатысты.

КГНТ өкілдері «Schneider Electric» ұйымдастырған жабдықтардың жаңа технологиялары бойынша тұсаукесерге қатысты, тұсаукесерде біздің қызметкерлер Компанияның инновациялық жаңалықтарымен танысты. Тренинг кезінде орындалған практикалық тапсырмалардан бөлек, біздің команда уақытын қызықты әрі пайдалы өткізді. «Schneider Electric» компаниясы бірнеше жылдар бойы өзін сапалы жабдықтардың лайықты мердігері ретінде көрсете білді. Оқыту іс-шараларына қатысуға мүмкіндік берген серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз.

КГНТ бас кеңсесіндегі Йога

Ал, сіз 21 маусым дүниежүзілік йога күні екенін білдіңіз бе? КГНТ-ның бас офисінің спорт залында йогадан жаттығулар өтетінін ше?

Офистағы әр қызметкерге бос уақытында айналысатыгн іс табылады. Әріптестер арасында футбол, теннис, жүгіру және жеңіл атлетика сияқты белсенді спорт түрлерінен басқа, арнайы шақырылған кәсіби жаттықтырушы жүргізетін йога жаттығулары да танымал. Жаттығулар офистің спорт залында тұрақты негізде жүргізіліп тұрады. Айта кететіні, барлық қатысушылар йога жаттығулары туралы жағымды пікірде және бұл жаттығулар тек қана тыныштыққа ғана емес, сондай-ақ жұмыс күнінің нәтижелі өтуіне ықпал ететіндігін айтуда және әріптестерін жаттығуға қатысуға шақырады!

Йога жаттығуларына жазылғыңыз келсе, Компанияның HR бөліміне жүгіне алатындықтарыңызды еске саламыз.

#БудущееПоколениеКГНТ

Бүгін біз #БудущееПоколениеКГНТ айдарын жалғастырамыз. Сіздерді біздің қызметкерлеріміздің балаларының жетістіктерімен қуантуға асықпыз.

Жақында КГНТ-ның  бас директоры, Александра Бекишеваның қызы – Тамара Беленькая бидегі серіктесі Даниил Кузнецовпен бірге Бременде (Германия) өткен спорттық би бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанды таныстырды, Қазақстанның тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бесінші орынды иеленді. Бұдан бөлек Даниил мен Тамара – Қазақстанның абсолютті чемпиондары! КГНТ ұжымының атынан шынайы құттықтауларымыз бен жылы лебізімізді қабыл алыңыздар!

КГНТ ұжымы тек қана қызметкерлердің ғана емес, олардың балаларының да жетістіктері туралы жаңалықтарды қуана қабылдайды. Сол себептен  өз жетістіктеріңіз туралы бізбен бөлісе алатындарыңызды еске саламыз, біз өз кезегімізде ұжымдастар арасында жаңалықпен қуана бөлісетін боламыз.

Бас кеңседе үстел теннисінен ішкі турнир өтті

КГНТ бас кеңсесінің қабырғаларында үстел теннисінен турнирлар жиі өткізіліп тұрады. Төмендегі қызметкерлер кезекті турнирдің жеңімпаздары:

3-орын: Изгиликов Саттар

2-орын: Шулятьев Денис

1-орын: Уваров Евгений

Жүлделі орындар дәстүр бойынша грамоталармен, сондай-ақ Компания атынан сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Барлық ұжым атынан әр қатысушыны құттықтаймыз және әріптестер арасында салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін алғыс айтамыз!

#KGNTLOCATIONS

Біздің қызметкерлеріміз тұрақты негізде локацияның түріне қарамастан марапаттармен көтермеленеді. Бұл кезекті рет КГНТ-ның командасында өз ісінің үздік кәсіпқойларының жұмыс істейтіндігін растап отыр. Жақында 3GP зауытында жұмыс істейтін біздің командамыз сапаны бақылау саласындағы міндеттерді орындау кезіндегі тиімді өзара әрекет, сонымен қатар өз ісіне берілгендігі, еңбексүйгіштігі мен жоғары құзыреттілігі үшін сертификаттармен марапатталды.

Біз әрқайсысыңызға сапалы жұмысыңыз үшін алғысымызды айтамыз және естеріңізге саламыз, сіз әрдайым өз фотоңызбен директке жіберу арқылы бөлісе аласыз және #KGNTLOCATIONS айдарының кейіпкері бола аласыз.

Біз – бір командамыз #KGNTDREAMTEAM

Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Халықаралық балаларды қорғау күнімен бүгін командамыз қызметкерлердің ата-аналарының жұмыс күндерінің қалайша өтетіндігін көргісі келген балаларын құттықтады. Ашық есіктер күніне әртүрлі жастағы 32 бала келді. Барлық балақайларға КГНТ қызметкерлеріндегідей бейдждар берілді. Компанияның барлық жаңадан келген қызметкерлеріне сияқты ғимарат бойынша экскурсия жүргізілді, соның барысында әрбір бала ұжыммен жеке таныса алды. Балақайлар Open Space бөлмесіне, Компанияның үлкен және кітапқа бай кітапханасына барды және тіпті VR бөлмеде балықтармен «жүзіп» те үлгерді.

Жарқын эмоцияларға толы бүгінгі керемет күнді біз келген балалардың алақандарынан жасалған бедерлермен есте қалдырғымыз келді. Офисте болудың соңғы кезеңі Бас директормен танысу және әрине марапаттау. Әрбір баланы біз корпоративтік сыйлықтармен, сонымен қатар КГНТ-ның болашақ қызметкерлеріне арналған сертификаттармен қуандыра алдық.

Ұжымымыздың КГНТ отбасының үлкен бөлігі болып табылатын балақайларды қуанта алғанымызға шексіз қуаныштымыз. Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

КГНТ командасы Тау Жарыс жарысына қатысты

Алматы марафонының әрбір жүгірісі – КГНТ-ның бүкіл жүгірушілер командасы үшін жаңа сын-қатер. Өткен жексенбіде әріптестеріміз таулы жерде өткен «Тау Жарыс» жүгірісінде 6,5 және 13 километр қашықтыққа жүгіріп өтті. Тауға көтерілу, жаңбырлы салқын ауа райы командамыздың командалық рухын тоқтата алмады. Әрбір қатысушы медальмен, сонымен қатар дәстүр бойынша Компанияның атынан сертификатпен және алғыс хатпен марапатталды. КГНТ қызметкерлерінің арасында белсенді еліктеу үлгісі мен салауатты өмір салтын насихаттап жүргендеріңіз үшін рахмет!