Жастар күні құтты болсын!

Қызметкерлердің жас буыны КГНТ ұжымында ерекше орынға ие және компанияда жас мамандарды қолдауға арналған Жас мамандар кеңесі құрылған.  Біз компания қабырғасында өз әлеуетін іске асырып жатқан мамандарды мақтан тұтамыз. КГНТ жастары – саладағы үздіктер арасында жеке және кәсіби дамумен қатар, көптеген ішкі спорттық және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға белсене ат салысады. Жас ұрпақ дәстүрді сақтай отырып, корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға көмектесетін  заманауи көзқарастар мен достық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді.

Бүгін біз әрбір жас маманды атап өтіп, жастар күнімен құттықтаймыз! Сіздердің бастамаларыңыз, шығармашылықтарыңыз және жақсылыққа ұмтылыстарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Компанияның, саланың және елдің дамуына қосқан үлесіңіз – даусыз! Барлық бастамаларыңызға үлкен жеңістер мен табыстар тілейміз! Жастар күні құтты болсын!

Абай күні құтты болсын

Бүгін біз қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының 177 жылдығын атап өтудеміз.

Жазушы мен оның туындыларына құрмет көрсете отырып, флэшмоб өткізетін боламыз, онда ынта білдірген әрбір қатысушы «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңінің шумақтарын видеоға түсіретін болады. Абай Құнанбайұлы күні құтты болсын, әріптестер!

Қатысушы қызметкерлерімізге алғыс білдіреміз.

#КарьеравКГНТ

Мансаптық даму  адамның кәсіби қызметте өзін-өзі дамытуының маңызды процесі болып табылады, ол лауазымдық міндеттерге өзгерістер енгізетін, компаниядағы жаңа кәсіби мәртебеге ауысуға алып келеді. #КарьеравКГНТ айдары жалғасуда. Бүгінгі роликтің кейіпкері  коммерциялық ұсыныстар мен тендерлерді дайындау бөлімінің бастығы  –  Виолетта Тя. #KGNTDREAMTEAM

КГНТ Спартакиадасы

Белсенді өмір салты – бұл физикалық денсаулық пен психологиялық саулықтың ажырамас бөлігі, сондықтан КГНТ өз қызметкерлерінің спортпен айналысуын және белсенді демалысты ұстануын, сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі корпоративті спорттық шараларды өткізуін қолдайды. 29 шілде күні КГНТ компаниясының бас офисіндегі спорт залында қызметкерлер арасындағы кезекті Спартакиада өтті. Спорт жарысындағы бірнеше спорт түрлері  – біздің әріптестеріміздің арасында бірнеше жылдан бергі танымалдыққа ие болып келеді, осы жылы да шетте қалмады.   Осы жылғы жарысқа 15 қызметкер қатысты. Біздің қатысушыларымызды әріптестері қолдауға келді.

КГНТ 2022 спартакиадасының қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жеңімпаздарымыз:

1 Тетерин Альберт және  Иванов Евгений

2 Уваров Евгений

3 Мухамедьяров Сакен

Қыздар арасындағы жүлделі орынға ие болғандар:

1 Балкибекова Айнур

2 Ербатырова Юлия

3 Садыкова Айнаш

Жеңімпаздар грамоталарымен  марапатталды, сонымен қатар спорт залына абонементтер және спорт тауарлары дүкенінің сыйлық сертификаттары табысталды. Спорттық іс-шараның басқа қатысушылары да  салауатты өмір салтын ұстану және біздің қызметкерлердің топтық рухын қолдағаны үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

КГНТ түрлі-түсті жұмасы

КГНТ-дағы «Түрлі-түсті жұма» – бұл әрбір қызметкер ұсынылған кез келген түс пен суреттегі киімді киіп көре алатын күн. Бүгінгі күнгі түрлі-түсті жұмада «Жолақша» сызығы бар киім тақырыбын таңдадық. Әрбір қызметкерге жолақша сызығы бар кез келген киімді киіп келу тапсырмасы берілген болатын, тапсырманы жоғары деңгейде орындап шықты. Акциямызды қолдаған әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Келесі «түрлі-түсті жұмада» қандай тақырып таңдаймыз?  Идеяларыңыз бар ма? Пікірге өз ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар.

#KGNTDREAMTEAM

КГНТ көптеген университеттермен тығыз байланыста және әрқашан ең үздік жаңа мамандарды іздестіреді. Өткен аптада ҚБТУ мұнай-газ ісінің магистрант түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті, бұл іс-шараға компаниямыздың бас директоры құрметті қонақ ретінде қатысты. Магистратура түлектерінің арасында біздің қызметкерлеріміздің де бары қуантады, олар – Акболатова Айгерим және Комекбаева Перизат КГНТ командасы өз қызметкерлерімен мақтанады және олар үшін өте қуанышты, сондай-ақ алған білімдері практика мен компанияның миссиясын жүзеге асыруда пайдалы болады деп сенеміз.

Алғашқы көмек көрсету тренингі

Қызметкерлердің қауіпсіздігі – КГНТ-ның негізгі құндылықтарының бірі. Барлық қызметкерлерді қауіпсіз және жайлы жағдаймен қамтамасыз ету біз үшін өте маңызды, өйткені ешкім жазатайым оқиғалардан сақтандырылмаған. Сол себепті біз тұрақты түрде алғашқы медициналық көмек көрсету тренингтерін өткізіп тұрамыз. Оқиғалар орын алған кезде біздің тренингтен өткен әріптестеріміз зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын. Бас офистің әр қабатында көмекке жүгінуге болатын жауапты тұлғалар бар. Олардың суретін әр қабаттағы постерлардан көре аласыз.

Өзіңізге қамқор болыңыз және офис қабырғасындағы қауіпсіз тәртіп өзімізден басталатынын ұмытпаңыз.

I am text block. Click edit button to change this text. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

#KGNTDREAMTEAM

17 шілде күні  Алматыда жүгіруден Summer Run марафоны өтті, оған біздің қызметкерлер 12 км қашықтықта жүгіруге қатысты. Мыңнан астам спорт сүйер қауым кешкі жылы қала бойынша жарысты еңсерді. Қатысушылар жақсы көңіл-күй жинап, денсаулықтарын нығайтты. Біздің жүгірушілер командасы әрқашан белсенді және салауатты өмір салтын ұстанады. Сонымен қатар мәреге жеткен барлық қатысушылар естелік медальға ие болды. #KGNTDREAMTEAM

#БудущееПоколениеКГНТ

Біздің #БудущееПоколениеКГНТ айдары жалғасады. Қызметкерлеріміздің балаларының жетістіктері туралы жағымды жаңалықтарымызбен қуантқымыз келеді.

Өмірзақ Дина Аманкелдіқызы  – Теңіз кен орнындағы құрылыс жөніндегі супервайзер лауазымында жұмыс істейтін біздің қызметкеріміз Аманжол Аманкелді Өмірзақұлының қызы, мектепті «Алтын белгімен» бітірді. Құттықтаймыз!  Дина бұдан бұрын Қазақстанның 100 үздік оқушылары туралы кітап – «XXI ғасыр көшбасшысы» жинағында атап өтілген болатын. Кез келген елдің болашағын жас ұрпақ айқындайды. Бастамаларыңызға өркендеу мен жетістіктер тілейміз!

Бізді белгілеп, #БудущееПоколениеКГНТ хештегін қойыңыздар, ай сайын біз өз парақшамызда балаларымыздың жетістіктері туралы бөлісіп отыратын боламыз. Біздің балаларымыз – КГНТ болашағының бір бөлігі.