Бухгалтер күні құтты болсын

Бүгін еліміздің үздік есепшілері кәсіби мерекелерін тойлауда! Сіздің кәсіби қызметіңізде бәрі сіздің есептеулеріңіздегідей даусыз сақтықпен орындалсын

#KGNTDREAMTEAM

Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы

21-23 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы өтті, форумда біздің бас директор Бекишева Александра Маратовна ” Жетекші батыс жобалау институттарымен және машина жасау кәсіпорындарымен ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ірі жобаларында елішілік құндылықтарды арттыру мүмкіндіктері” тақырыбында сөз сөйледі. Александра Маратовнаның сөз сөйлеуі халықаралық тапсырыс берушілермен бірлесе отырып, біздің елдің аумағындағы ірі жобаларды іске асыруды талқылауға арналған бірнеше тақырыпты қамтыды. Одан бөлек, КГНТ кәсіпқойлар командасы болашақта  салаға ғана емес, сондай-ақ елдің бүкіл экономикасына оң әсер беретін жақсартулар бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды.

КГНТ-дағы көк тусті жұма

Бүгін дәстүр бойынша  – КГНТ-да түрлі-түсті жұма. Біздің қызметкерлер ашық түстермен  жұмыс күніне өң берді. Осы жұманың түсі- КӨК. Біздің акциямызды белсенді түрде қолдауға шақырамыз. Келесі «Түрлі-түсті» жұманың түсі қандай болмақ? Төмендегі пікірде өз ұсыныстарыңызбен бөлісіңіздер. #KGNTDREAMTEAM

КГНТ командасы кезекті «Алматы марафоны» жарысына қатысты.

«Almaty Marathon» марафонының біреуі де біздің Компанияның қатысуынсыз өтпейді. Өткен жексенбіде болған жүгіруге экиден командасынан бөлек, қызметкерлер 10 км. және 21 км. қашықтықта жекелей жүгіруге қатысты, олар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, өткен жүгірістердің рекордын жаңартты. Айта кететін жайт, КГНТ-ның экиден командасы жалпы тізім бойынша қатысушы 62 команданың ішінде 15 үздік команда құрамына енді. Әрқайсыңызға жоғары жетістікке жетуге деген ұмтылыстарыңыз бен салауатты өмір салтын ұстану идеясын таратқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.

Әр адамның физикалық қабілетінің әртүрлі болатынын еске саламыз. Белгілі бір қашықтыққа жүгіруден бұрын оған физикалық және моральды түрде дайын болу керек. Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Өзіңізге қамқор болыңыз және ауырмаңыз.

КГНТ-да Кайдзен жүйесін белсенді түрде енгізуді жалғастырамыз.

КГНТ-да Кайдзен жүйесін белсенді түрде енгізуді жалғастырамыз.

Біздің команда кезекті «Өндірістегі оқыту» Кайдзен модулінен өтті. Екі күндік оқыту аралас режимде, оқытудың бірінші күні Кайдзен орталығында, ал екінші күні компания офисінде өтті, онда әр қатысушы өз білімдерін Компанияның ағымдағы процесінде қолдана алды.

Оқытуға қатысып, үздіксіз жақсарту мәдениетіне бейілділіктеріңіз үшін әрқайсыңызға алғыс білдіреміз және барлық жерде жетістікке жету мүмкіндігі бар екенін есте сақтаңыз!

КГНТ командасы “Кайдзен жылына”тимбилдинг өткізді

09 қыркүйек күні “КГНТ-дағы Кайдзен жылына”, сонымен қатар Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орайластырылған тимбилдинг өтті. Бұл іс-шаралардан бөлек, сіздердің әрқайсыларыңыздың қауіпсіз мінез-құлыққа деген бейілділіктеріңіздің арқасында біз барлық локацияларда оқыс оқиғаларсыз 11 000 000 адам-сағаты шегінің табалдырығын аттағанымызды атап өттік.

Тимбилдинг ашық аспан астында және Кайдзен орталығының үздік жаттықтырушыларымен бірге өтті, олар барлық қызметкерлерге тренинг өткізді. Сондай-ақ эстафета, логикалық және командалық рухты көтеретін ойын түріндегі әртүрлі белсенділіктер ұйымдастырылды. Тимбилдингқа қатыса алмаған локациялардағы әріптестерімізге компания атынан түрлі тәттілер тарту етілді.

Әрқайсыңызға ұмытылмас уақыт өткізгендеріңіз үшін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігіне бейілділіктеріңіз бен үздіксіз дамуға деген  ұмтылыстарыңыз үшін  алғысымызды білдіреміз.

КГНТ рефералды бағдарламасы

КГНТ-да  рефералды бағдарлама жұмыс істейтінін еске саламыз.

*Маңызды: бағдарламаға Компания қызметкерлері ғана қатыса алады. Ұсыныстар тек Алматы қаласындағы бос орындар бойынша қарастырылады.

(РУС) День донора в КГНТ

Осымен КГНТ қабырғасында кезекті мәрте  «Донор күні» ұйымдастырылып отыр, онда барлық ниет білдірген қызметкерлер қанға мұқтаж жандар үшін қан тапсыруға қатысты. Іс-шара Республикалық қан орталығымен (РҚО) бірлесе отырып ұйымдастырылды.  Осы жылғы қан тапсыруға ниет білдірген әріптестеріміздің саны 35-тен асты. Акция қан алуға қажетті техникамен жабдықталған спортзалда өтті.

Барлық қатысушыларға КГНТ-ның атынан тәтті сыйлықтар, сондай-ақ РҚО атынан шай таратылды.

Компанияның кезекті  қайырымдылық акциясына қатысқандарыңыз үшін, сондай-ақ қайырымдылық дәстүріне  бейілділіктеріңіз үшін әрқайсыңызға алғыс білдіреміз.

КГНТ көмегімен тауда серуендеу

Тауға барған сайын қатарымызға жаңадан әріптестеріміз қосылуда, сол себепті КГНТ-да тауға шығуды ұнататын белсенділерге арналған клуб ұйымдастырылған. Клубты құрудағы мақсатымыз – ұжымдық рухты көтеру және әріптестер арасындағы салауатты өмір салты идеясын ілгерілету.

Өткен демалыста біз кезекті рет тауға шықтық және осы жолы Горельник шатқалын таңдадық. Алда әлі біздің ұжымға беймәлім таулы аймақтар бар. Қосылыңыздар, Алматының әдемілігін #KGNTDREAMTEAM

бірге зерттеңіздер.