«HR-маман» тренингі
Жылды жағымды жаңалықпен бастаймыз – персоналды іріктеу, бейімдеу және оқыту бөлімінің бастығы Жайлаубаева Айнур, HR Сертификаттау Орталығынан «HR Профессионал» бағдарламасы бойынша оқыту грантына ие болды, оқытудың толық курсын аяқтап, сертификаттаудың барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, біліктілік деңгейін растады және Қазақстан Республикасының бекітілген кәсіби стандартына сәйкес «HR профессионал» біліктілік сәйкестігі туралы сертификатпен марапатталды!
Оқыту екі ай бойы жалғасты (120 академиялық сағат), сертификаттау 4 сағаттық емтиханды қамтыды және HR саласында танылған сыртқы сарапшылардың алдында жоба қорғалды. КГНТ өз ісінің үздік кәсібилеріне қолдау көрсетуге өте қуанышты. Жаңа білім пайдалы әрі Компания процестерін жақсартуда белсенді түрде қолданылатынына сенеміз. Барлық КГНТ ұжымының атынан Айнурды құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!