«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС «Автоматты КриоЭнергоСтанция» технологиясына Қазақстан Республикасының Патентін алды

Технология қазіргі таңда электр энергиясының кез келген көлемін жинау, сақтау және босату бойынша ең заманауи және тиімділігі жоғары технологиялық тәсілдердің бірі болып табылады. КриоЭнергоСтанция жұмыс істеп тұрған кезде қоршаған ортаға кері әсер тимейді.

Сұйытылған ауа криотехнологиясын технологиялық схемаларда өте сәтті қолдануға болады және шын мәнінде ол күн немесе жел электростанцияларының энергия сыйымдылығы үлкен энергоаккумуляторының функциялары бар қуатты тұрақтандыру торабы болып табылады. КриоЭнергоСтанция электр энергиясын өндіру және босату бойынша болжап білуге болмайтын сипатқа ие кез келген энергия көздерінен келіп түсетін энергияны қабылдай және жинақтай алады, яғни – мұндай криоэнерготехнологиямен жасақталған кез келген күн немесе жел энергостанциясы ауа райы жағдайларына, тәулік уақытына немесе жыл мезгіліне қарамастан Желіге ең жоғары технологиялық сападағы электр энергиясын жіберетін болады. КГНТ әлеуетті серіктестер мен тапсырыс берушілерден әртүрлі жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға дайын.

Компания аталған патентті алуға ықпалын тигізген әрбір қызметкерге шексіз ризашылығын білдіреді және өз мамандарын мақтан тұтады!

Инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор Тарасов Геннадий Александровичтің КГНТ компаниясындағы еңбек қызметінің 40 жылдық мерейтойы

40 жыл мінсіз жұмыс – КГНТ Компаниясы үшін шын мәнінде баға жетпес еңбек!

2021 жылғы «28» қаңтарда «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор Тарасов Геннадий Александровичтің еңбек қызметінің бесінші онжылдығын тойлап жатыр.

Геннадий Александрович өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс саласындағы заманауи инжинирингтік компанияның қалыптасу және нарықтағы көшбасшылық орынға жету процесіне белсенді қатысу арқылы жобалауды, құрылыс пен қазақстандық инжинирингтің дамуына едәуір үлес қосып келеді.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтты «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша аяқтады.

Өзінің мансаптық жолын КГНТ қабырғасында тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды зерттеу бөлімінің аға инженерінен бастап, кейіннен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды зерттеу бөлімінің жетекші инженері, құрылыстың жиынтықты-блокты әдісі секторының меңгерушісі, сектордың меңгерушісі, мемлекеттік және салалық нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу жетекшісі, нормативтік-техникалық құжаттама бөлімінің бастығы, бас инженердің орынбасары, сараптау-талдау бөлімінің бастығы, Мұнай және газ объектілерін жобалау институты директорының орынбасары, корпоративтік даму жөніндегі директор, жаңа өнімдер мен технологияларды іздестіру және дамыту жөніндегі директор, жабдықтар мен стандарттар дивизионының директоры, инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор лауазымдарын атқарып келді, сонымен қатар өндірістік бөлімшенің жабдықтар секторына жетекшілік етті.

Тарасов Геннадий Александрович 12 инновациялық тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-техникалық әзірлемені дайындау мен ҚР халық шаруашылығына ендіру, соның ішінде Арнайы техникалық шарттарды әзірлей отырып, ТМД және ҚР мұнай-газ кешенінің тәжірибесіне автогаз құю станцияларын салу бойынша шығындарды 60 %-ға азайтуға және біріктірілген құю станцияларының экологиялық параметрлерін жақсартуға мүмкіндік беретін моноблокты орындау түріндегі автогаз құю станцияларын; инновациялық озық қауіпсіздік әдістерін – ҚР ҚН әзірлей отырып, мұнай-газ кешенінің объектілерін пайдалану кезінде қауіп деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік беретін мұнай және мұнай өнімдері резервуарларындағы өртті сөндірудің аралық қабат тәсілін және ғимараттар мен имараттардың белсенді жайдан қорғау жүйелерін ендіру жұмыстарына басшылық жасады.

 

Геннадий Александрович отыздан астам жоғары білікті кадрлар мен менеджерларды тәрбиелей отырып, құрылыс, техникалық және басқарушылық бейініндегі мамандарды дайындау саласында, сонымен қатар мемлекеттік құрылыс нормативтері мен мұнай-газ кешенінің нормативтерін әзірлеу жөніндегі орталықты құруда және дамытуда көп еңбек сіңірді.

ҚР құрылыстық нормативтік базасын (ҚР ҚНмҚ, ҚР ҚН, ҚР ҚЖ, БҚ) жасау, мұнай-газ кешені үшін жаңа техника мен технологияларды жобалау, мұнай-газ кешенінің объектілерін, соның ішінде ҚР аумағында халықаралық жобаларды жобалау, жобалардың мемлекеттік сараптамасын келісу және жүргізу, халықаралық конференциялар мен семинарлар нысанында мұнай-газ кешенінің техникалық саясатын ұйымдастыру және жүргізу салаларында елеулі еңбек сіңірді, мұнай-газ кешеніндегі стандарттау, соның ішінде мұнай-газ кешенінің объектілерін жобалау бойынша ҚР Мемстандарттың техникалық комитеттерінің (ТК 88, ТК 89, ТК 90) жұмысына қатысты, «KAZENERGY» Ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысына қатысты.

Геннадий Александрович ҚР экономикасы және жаңа техника мен технологияларды ілгерілету үшін оң экономикалық әсер берген мемлекеттік құрылыс нормативтерін, нормативтік-техникалық құжаттарды, сондай-ақ мұнай-газ кешенінің стандарттарын әзірлеу жетекшісі болып табылады.

КГНТ Геннадий Александровичтің компанияның қабырғасынан тыс жерде де танылғандығына қуана назарын аударады. Оның кәсібилігін Agip Caspian Sea, North Caspian Operating company (NCOC), «ҚазТрансОйл» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, Мәскеу қаласындағы «Ақпарат және инвестициялар» БҮ- «Мұнай-газ вертикалі» журналы сияқты серіктестері атап өтті. Бұдан бөлек, Геннадий Александрович төмендегі марапаттарға ие болды:

– 1985 ж. – автомобильдердегі майды ауыстыру қондырғысын әзірлегені және ендіргені үшін КСРО ХШЖК қола медалі;

– 1985-1986 жж. –  ҚазКСР Госкомнефтепродукт дипломдары.

– 2009 ж. – ҚР-да мұнай және газ өндіруді қарқындату бойынша жаңа техника мен технологиялар жөніндегі KazStimOil конференциясын ілгерілетуге және дамытуға қосқан үлесі үшін Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің құрмет белгісі.

– 2012 ж. – «KAZENERGY» Қауымдастығының Құрмет грамотасы.

– 2014 ж. – ҚР Мұнай және газ министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері» төсбелгісі.

КГНТ 40 жылдан астам уақыт бойы өз тәжірибесімен бөлісіп отырған, компанияны ғана емес, сонымен қатар бүкіл саланы дамытуға ықпалын қосып келе жатқан кәсіпқойды мақтан тұтады. Ұжым Геннадий Александровичті КГНТ компаниясындағы еңбек қызметінің 40 жылдығымен шын жүректен құттықтайды және ұзақ өмір, мықты денсаулық пен қызықты жобаларды тілейді!

КГНТ қауіпсіздік саласындағы жаңа нәтижеге қол жеткізді — оқиғалар мен оқыс оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішпен 9 000 000 адам-сағат!

КГНТ қауіпсіздік саласындағы жаңа нәтижеге қол жеткізді — оқиғалар мен оқыс оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішпен 9 000 000 адам-сағат! Аталған жайт компанияда қолданылатын «Safety 360» бағдарламасының, сонымен қатар үлкен ұжымның еңбек қауіпсіздігі саласында бірлесе салған күшінің арқасында орын алды. «Safety 360» бағдарламасы қауіпсіз еңбек мәдениетінің деңгейін арттыруға және қауіпті факторлардың қызметкерлер мен олардың жақындарының өмірі мен амандығына тиетін әсерін барынша азайтуға бағытталған.

Компанияның әкімшілігі өзінің әрбір үндеуінде бірыңғай ойды жолдайды: «Қауіпсіздік өзімізден басталады, сондықтан айналамыздағы адамдарға бей-жай қарамайық және өзіміз бен жақындарымыз үшін қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы барынша күш салайық!»