Әріптестеріміздің әуестіктері мен хоббилары

Әріптестеріміздің әуестіктері мен хоббилары жағымды таң қалдырады. Осылайша, жақында біздің жүргізушіміз Александр Катунцев Алматы облысында жасаған фото суреттері құстар туралы «Handbook of Western Palearctic Birds» халықаралық анықтамалығында жарияланды. Бұл бірегей және әсерлі анықтамалық Батыс Палеарктикадағы торғайлар бойынша неғұрлым толық фотографиялық жөнсілтеме болып табылады. Әлемдегі ең құрметті екі орнитолог Хадорам Ширихаи мен Ларсом Свенссон жазған Батыс Палеарктикадағы құстар анықтамалығында қауырсындану, түлеу, қартаю және жынысты анықтау бойынша барлық аспектілерді қамтитын құстарды сәйкестендіру жөніндегі ең соңғы қолжетімді ақпарат берілген, сәйкестендірудің дауыстық және басқа критерийлеріне арналған тараулар, сондай-ақ егжей-тегжейлі таксономиялық ескертпелер бар.

КГНТ Компанияда кәсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар ең шығармашылық және жасампаз ойшылдардың жұмыс істейтінін шексіз мақтан тұтады! Құттықтауларымызды қабыл алыңыз!

Тазалық – денсаулық кепілі

Бүгінгі жазбаны көзге көрінбейтін майданның таптырмайтын сардарларымыз – Сатып алу және әкімшілік ету бөлімінің ханымдарына арнағымыз келеді. Дәл солар осындай қиын-қыстау уақытта әрқайсысымыздың ауруды жұқтыру қатеріне ұшырамауыз үшін ықпалын тигізуде. Кейде кейбір заттар бізге елеусіз көрінеді – техникалық персоналдың күнделікті еңбегі мен қамқорлығы.

Дәл солардың арқасында күнделікті негізде мынадай санитарлық нормалар орындалып жатыр: кабинеттер мен әрбір қызметкердің жұмыс орнын күніне 2 рет залалсыздандыру, таңғы және кешкі уақытта кварцтау және содан кейін үй-жайларды желдету, есік тұтқалары мен жиі қол тиетін барлық орындарды жуып шығу және бұл олар атқарып жатқан жұмыстардың аз ғана бөлігі. Әрқайсысыңызға Сіздердің табанды еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз!

Әріптестер, есте сақтаңыздар, тазалық әрбірімізден басталады!

Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні

Бүгін, 2021 жылғы 28 сәуірде бүкіл әлемде Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні тойланып жатыр. Қызметкерлер қауіпсіздігінің – КГНТ компаниясының ең басты құндылығы екендігі құпия емес және оның дәлелі – барлық локацияларда оқыс оқиғасыз 9 305 252 адам-сағат болып табылады. Бұл басшылық тарапынан еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы процестерін үнемі жақсарту көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар әрбір қызметкердің барынша көп үлесі мен қатысушылығы.

Біздің қызметкерлер үшін арнайы жұмыс орнында ғана емес, сонымен қатар жұмыс ахуалынан тыс жерде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған «Safety 360» бағдарламасы жасалған. Компанияның біріктірілген менеджмент жүйесі саласындағы процестерді жақсарту, сондай-ақ кері байланысты алу үшін жасалған «Progress Card» сайманы осы бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

Осы сәтті пайдалана отырып, әрқайсысыңызға қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау аспектілеріне деген бейілділік үшін алғыс айтқымыз және ең бастысы – қауіпсіздік екендігін еске салғымыз келеді.

Александра Бекишева PwC CEO Survey жаһандық жобасының шеңберінде жүргізілетін әлемнің ең ірі компанияларының бірінші басшылары арасындағы сауалнаманың жыл сайындық қазақстандық басылымының қатысушысы болды.

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың Бас директоры Александра Бекишева PwC CEO Survey жаһандық жобасының шеңберінде жүргізілетін әлемнің ең ірі компанияларының бірінші басшылары арасындағы сауалнаманың жыл сайындық қазақстандық басылымының қатысушысы болды. 100 мемлекеттен жеке бизнестің 5050 басшысы PwC жобасына қатысты. Қазақстанда биыл зерттеуге тартылған басшылардың саны 71.

PWC серіктестерімізге жүргізілген зерттеу үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай қиын-қыстау уақытта барлық қиындықтарды бірге жеңе алатынымызға шын жүректен сенеміз. Өздеріңізге сақ болыңыздар!

ЭЛОУ-АВТ-3 жүйесі бойынша HAZOP сессиясы сәтті өтті

«Атырау МӨЗ» ЖШС-пен (бұдан әрі – АМӨЗ) жасасқан Шарттың аясында 2020 жылғы қараша айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде HAZOP сессиясы – ЭЛОУ-АВТ-3 жүйесінің қауіптілік проблемаларын және жұмыс қабілеттілігін тәптіштеу және сәйкестендіру процесі сәтті өтті.

HAZOP сессиясы АМӨЗ аумағында өткізілді. Жобаның бүкіл кезеңі ішінде HAZOP сессиясының барысында КГНТ бас офисі қызметкерлерінің төрағалығымен КГНТ, АМӨЗ  және қосалқы мердігерлік ұйымдардың 17 маманы қатысты. КГНТ күштерімен барлық қатысушылар оқытудан өтті және сессияны өткізу жөніндегі егжей-тегжейлі жоспар әзірленді.

Егжей-тегжейлі қарастыру барысында ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының құрамына кіретін 55 торап бойынша тәуекелдер мен қауіпті факторлар анықталып, талданды. Сессияның қорытындылары бойынша қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тәуекел дәрежесін төмендетуге, сонымен қатар объектінің сенімді жұмысын ынталандыруға бағытталған 4 ескерту мен 7 ұсынымды қамтитын қорытынды есеп шығарылды.

Барлық жұмыстар тиісті сапада және белгіленген мерзімде орындалды, оны АМӨЗ 2021 жылғы 4 ақпандағы №62/419 шығыс хатымен жіберген ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысында HAZOP сессиясын өткізу туралы оң пікір куәландырады.

Бекишева Александра Маратовна АМӨЗ-дің 75 жылдығына арналған медальмен марапатталды

Біздің бас директорымыз Бекишева Александра Маратовна АМӨЗ-дің 75 жылдығына арналған медальмен марапатталды. Марапатты бас директорға бас директордың жобалау жөніндегі орынбасары, бас инженер – Жанзаков Рустем Кенжебекович табыстады.

Компанияның, сонымен қатар бас директордың атынан көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан ықтымақтастық пен қолдау үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз. Жақын арадағы болашақта жаңа биіктерді бағындыруыңызға тілектеспіз!

КГНТ офисінде йога жаттығулар ұйымдастырылған

Салауатты өмір салты қағидатын біздің көптеген әріптестеріміз қолдайды, сондықтан қызметкерлер үшін арнайы КГНТ офисіндегі спорт залда йога бойынша жаттығулар ұйымдастырылған болатын, олар аптасына екі рет – түскі уақытта, сонымен қатар кешкі уақытта өтеді.

КГНТ 2021 Спартакиадасы

КГНТ салауатты өмір салтын жүргізу және өз қызметкерлерінің командалық рухын қолдау идеясын белсенді түрде ілгерілетуде. Осыған байланысты, 26 ақпанда офистің қабырғасында кезекті спартакиада өткізілді. Бұл Компаниямыздың спортты сүйетін және мақсатқа ұмтылған қызметкерлерін жыл сайын біріктіретін спорт және достық мерекесі.

Қорытындылар бойынша ерлер арасындағы жүлделі орындарды иеленген қызметкерлер:

  1. Евгений Иванов
  2. Евгений Уваров
  3. Максим Риммер

Қыздар арасында:

  1. Карина  Адильбекова
  2. Виктория Кисселева
  3. Джамиля Бекниязова

Қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталған қызметкерлер: Борис Ли, Константин Доцок, Болат Махамбетов, Мая Бегалиева, Акмарал Джунусова, Инна Бедарева

Аталған іс-шараға қатысқаны, сондай-ақ ұжымда салауатты өмір салтын дәріптегені үшін барлық қызметкерлерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Ең бастысы жеңіс емес, қатысу!

КГНТ компаниясы аккредиттеуді ұзартты және «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлікті» алды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес КГНТ компаниясы аккредиттеуді ұзартты және уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлікті» алды. Куәлік 2023 жылғы 5 ақпанға дейін 2 жылға ұзартылды.

КГНТ мамандарымызға атқарылған жұмыс көлемі үшін шексіз алғысын білдіреді.