КГНТ-ның Бас директоры Александра Бекишева «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30 көшбасшы әйелдер» тізіміне енді

Күн жаңалығын хабарлауға асығамыз.

Petrocouncil.kz 2021 жылғы Қазақстанның мұнай саласындағы ТОП-30 көшбасшы әйелдері бойынша жыл сайынғы шолуды ұсынды. «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30 көшбасшы әйелдер» шолуына мұнай-газ операторларында, ТҰК, білім мен бизнесте басшылық лауазымдарды атқаратын әйелдер кірді.

КГНТ-ның Бас директоры – Александра Бекишева биылғы жылы құрметті 23-ші орынға ие болды. Еске сала кетсек, Александра Бекишева мұнай-газ саласындағы ТОП көшбасшы әйелдер тізімінде бірнеше рет орын алған болатын. Мысалы, өткен жылы Александраға ТОП-50 тізімінде 32-ші орын берілді.

Александра Маратовна, Сізді бүкіл ұжымның атынан шын жүректен құттықтап қоюға рұқсат етіңіз! #KGNTDREAMTEAM командасымен бірге бөліскен жетістіктеріңіз бізді алға қарай және биікке жетелей берсін. Компанияның, сонымен қатар саланың дамуына қосқан Сіздің жеке үлесіңіз баға жетпес. Сіздей көшбасшымыздың болғанын біз мақтан тұтамыз.

Халықаралық деңгейдегі еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау жөніндегі IOSH сертификаты табысталды.

Қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі – Компаниямыздың ең негізгі құндылықтарының бірі болып табылатындығы ешкімге құпия емес. Оқыс оқиғасыз 9897593 адам-сағат көрсеткіші дұрыс құрылған қызметкерлеріміздің қауіпсіздің жүйесінің нәтижесі болып табылады. Компания барлық қызметкерлерді өзінің локацияларында, сонымен қатар офистерінде барынша қауіпсіздендіру үшін бар күш-жігерін салуда.

Таяуда IOSH халықаралық стандарты бойынша оқыту шеңберінде ЕҚ, ДжҚОҚ жөніндегі менеджер Виктория Киселева оқудан өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болу арқылы өз  білімін растады.

Курстың негізгі мақсаты – «менеджерлер ретінде қабылданған мамандардың ҚТ жөніндегі талаптарды орындауына көз жеткізу және оларға ҚТ жөніндегі өз жүйелерін қайта қарауға мүмкіндік беру, бақылаудың жаңа шараларын ендіру немесе жұмыс орындарын неғұрлым қауіпсіз ету үшін мүмкіндігінше өзгертулерді қолдану».

Әріптестер, естеріңізде болсын, қауіпсіздік – әрқайсысымыздан басталады!

Үстел теннисі бойынша КГНТ ішкі турнирі өз соңына жетті.

Үстел теннисі бойынша КГНТ ішкі турнирі өз соңына жетті. Жарысқа қызметкер қатысты. Конкурстың қорытындылары бойынша жүлделі орындар төмендегідей үлестірілді:

  1. Шулятьев Денис Владимирович – Жетекші бухгалтер
  2. Доцок Константин Викторович – Сәулетші
  3. Изгликов Саттар Мухтарович – Құбырлар жөніндегі бас маман

Барлық жеңімпаздарға сертификаттар, сонымен қатар 1, 2 және 3-санаттағы грамоталар табысталды. КГНТ-да барлық қызметкерлердің спортшыл екендігіне ешбір күмән жоқ.

2021 КГНТ кітапханашысының күні

КГНТ техникалық кітапханасының 47 жылдық тарихы бар, оны ынташылдар құрған, мұнда 4000 кітап бар және ол Ақпараттық Орталықтың ажырамас және маңызды бөлігі болып табылады.

Сіздер 15 қазанда Қазақстан кітапхана жүйесі қызметкерлерінің өзінің кәсібі мерекесі – Кітапханашылар күнін атап өтетіндігі туралы білдіңіздер ма. Осыған байланысты КГНТ кітапханасы бүгін ашық есік күнін ұйымдастырды. Бүгін әрбір бөлім шағын құраммен кітапханамызға барып, ол туралы көбірек біле алды. Пайдалы ақпараттан бөлек, әріптестерді шағын ас-шай күтіп тұрды, бұл, әрине, екі есе жағымды.

КГНТ ақпараттық орталығының мамандарын құттықтай отырып, осындай шағын іс-шараны ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды айтқымыз келеді және КГНТ әдеби қазынамызға одан әрі өркендеуді тілейміз.

Әріптестер, естеріңізге саламыз, сіздер ақпараттық ресурстарымызды дамыту игілігі үшін кітапханаға өз кітаптарыңызды тапсыра аласыздар.

10-шы мерейтойлық Алматы Марафонының қатысушыларын марапаттау

10-шы мерейтойлық 2021 Алматы Марафонында кезекті рет КГНТ-ның намысын қорғаған батыр-жүгірушілерімізді қабыл алыңыздар. Солардың арқасында Компаниямыз 9-шы орынды иеленді, осылайша өзінің рекордын жаңартты – қазіргі таңда бұл 42,2 км қашықтықтағы біздің үздік нәтижеміз.

Бүгін таңертең жүгірістің барлық қатысушылары бас директордың атынан алғыс хаттармен, сонымен қатар шағын сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ бүкіл Компанияның атынан сіздерге салауатты өмір салтын қызметкерлер арасында насихаттауды дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер!

10-шы мерейтойлық 2021 Алматы Марафоны

Тұрақты негізде КГНТ командасы жыл сайынғы Алматы Марафонына қатысып келеді. Биылғы жылдағы Экиден (42,2 км) қатысушылары:

  1. Мұқашев Айдос Бауржанұлы – 5 км.
  2. Иванов Евгений Викторович – 10 км.
  3. Доцок Константин Викторович – 5 км
  4. Уразаков Ильяс Амангельдиевич – 10 км
  5. Турабеков Нурлан Даулетович – 5 км
  6. Асанбай Құлмұхаммед Құдайбергенұлы – 7,2 км

10-шы мерейтойлық марафонда біздің қаһармандарымызға қолдау көрсету үшін қызметкерлеріміз жанкүйерлер қатарына қосылды. Барлық жүгірушілерге және дәстүрге айналған іс-шараның қатысушыларына сыйлаған жағымды эмоциялар және ең бастысы белсенді және салауатты өмір салты идеясын ілгерілеткені үшін алғысымызды айтамыз.

Earns and Young компаниясы оқыту жөніндегі сертификаттарды табыстады

Үздіксіз оқу – орындалған жұмыстар сапасының кепілі. Әріптестеріміздің білімді үнемі толықтыру және жаңарту жөніндегі компанияның бастамасын толық қолдайтындығы қуантады. Компанияның Earns and Young сияқты серіктестерінің сапалы оқыту материалын ұсынуға мүмкіндігінің болуы екі есе қуантады.

Жуырда ғана әріптестеріміз, соның ішінде бас директор «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне кіріспе. Келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға келу дағдыларын дамыту. Келісу комиссиясы туралы бүкіл ақпарат» тақырыбы бойынша онлайн семинарға қатысу туралы сертификаттарға ие болды. Жаңа білімді тәжірибеде қолдануда сәттілік тілейміз!

КГНТ-ның СТОП КАРТАСЫ

Біздің қызметкерлеріміздің қызметі қауіпсіздік техникасына тығыз байланысты. Дәл сондықтан, өндірістік объектілерде, сонымен қатар офистерімізде жұмыс істейтін әрбір қызметкердің қауіпсіздігін сақтап қалу үшін көптеген рәсімдемелер жасалған. Осы рәсімдемелер құрылғыларының бірі – СТОП КАРТА болып табылады. СТОП КАРТА – әрбір қызметкердің оқиға туындағанға дейін қауіпсіз емес жағдайлардың алдын алуға және қауіпсіз емес әрекеттерді болдырмауға бағытталған жұмыстарды тоқтату құқығы.

Егер жұмыс қауіпсіз емес тәсілмен орындалып жатыр немесе қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің қағидаттарына сәйкес келмейді деп есептейтін болсаңыз, КГНТ компаниясының немесе мердігерлік ұйымдардың қызметкері ретінде Сіз оны кез келген уақытта уақытша тоқтата тұру немесе тоқтатып тастау үшін ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРЕСІЗ және Сізге осы әрекеттерге ӨКІЛЕТТІКТЕР БЕРІЛЕДІ.

Есіңізде болсын, қауіпсіздік – әрқайсысымыздан басталады!

Үстел теннисінен КГНТ командасы

КГНТ-да әрбір қызметкер өзінің сүйікті хоббиі бойынша жақтастарын таба алады. Спорт – әріптестеріміздің ең басты және көшбасшылық сүйікті істерінің бірі болып табылады. Компания әрбір қызметкерге қолдау білдіреді және Компанияның рухы мен салауатты өмір салтын қолдау үшін өзін көптеген спорттық іс-шараларда көрсете білу ниетіне қосылады. КГНТ-дағы спортзал барлық спорт әуесқойлары үшін жабдықталған. Үстел теннисі де шетте қалған жоқ.

Назарларыңызға үстел теннисінен КГНТ командасын ұсынамыз. Команданың құрылғанына 5 жыл болды және әртүрлі жарыстарға қатысқаны үшін көптеген марапаттар мен жүлделі орындарға ие болды. Үстел теннисі бойынша жуық арадағы ішкі жарыс 4 қазанға жоспарланып отыр. Барлық қатысушыларға сәттілік пен көптеген спорттық жетістіктер тілейміз!