КГНТ-ның жаңа жылдық тимбилдингі сәтті өтті!

КГНТ-дағы жылы дәстүрлер жалғасуда…

КГНТ-ның жаңа жылдық тимбилдингі сәтті өтті!

2021 жылғы 23 желтоқсан күні КГНТ-ның бүкіл ұжымы Жаңа жыл қарсаңында тимбилдинг ұйымдастырды, «Медеуде» қайта ғажайып орнатты, мұнда барлық әріптестер керемет уақыт өткізді. Көптеген фотосуреттер жасалды, жарқын сәттер суретке түсірілді, және дәстүрлі жаңа жылдық лотереяда сыйлықтар ойнатылды. #KGNTDREAMTEAM ұмытылмас, жарқын сәттер үшін рахмет! Естеріңізде болсын, әрқайсысыңыз – бірегей және баға жетпес тұлғасыздар. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор – Тарасов Геннадий Александрович Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құрмет грамотасымен атап өтілді

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құрмет грамотасымен атап өтілген инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор – Тарасов Геннадий Александрович бүгін құттықтауларды қабылдауда!

КГНТ ардагерін шын жүректен құттықтаймыз және одан да көп жетістіктер тілегіміз келеді!

Еске сала кетейік, Геннадий Александрович КГНТ-да 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде бірқатар жобаларды сәтті іске асырды. Бүкіл ұжым өзінің жұмыс күндерін сізбен өткізуге және өз ісінің үздігінен үлкен тәжірибе алуға қуанышты!

Ашық есік күні

Қызметкерлерге қамқорлық жасау КГНТ-ның маңызды құндылықтарының бірі болып табылады. Дәл сондықтан, әрбір айдың 3-ші күні сағат 10.00-ден бастап «Ашық есік күні» өтетіндігі туралы қуана хабарлаймыз. Аталған іс-шараның шеңберінде офис бойынша экскурсия, әріптестермен таныстыру болады, кофе іше отырып, өзіңіздің жоба үйлестірушіңізбен, сонымен қатар бас директормен қызықтыратын мәселелерді тақылауға болады. Келер алдында, ұйымдастыру сәттері мен бас директормен кестені келісу үшін жоба үйлестірушісін алдын ала хабардар етуіңізді сұраймыз.

КГНТ көшбасшылары Кайдзен жүйесінің «Персоналды ұқыпты басқару» атты бірінші модулін оқып шықты.

Уақыт бір орнында тұрмайды және өз қағидаларын белгілейді, жаңа үздіксіз бизнес-процестердің әзірленуін, сонымен қатар қолданыстағы бизнес-процестердің жетілдірілуін талап етеді. Аталған идеология жапон жүйесімен, Кайдзен философиясымен тығыз байланысты. Заманауи әлемде Кайдзен – соның негізінде өндірістің барлық процестерін үздіксіз жақсарту жатқан менеджменттің негізгі тұжырымдамаларының бірі болып табылады.

Тұрақты дамыту Компаниямызда әрбір қызметкердің ең маңызды бағытының бірі болып табылады. Жақсыға ұмтылу – командамыздың барлық көшбасшыларының айрықша белгісі, дәл сондықтан жақында олары Кайдзен жүйесінің «Персоналды ұқыпты басқару» атты бірінші модулін оқып шықты. Әрқайсысыңызға шын жүректен сенеміз және сіздердің арқаларыңызда Кайдзен жүйесі компаниямыздың барлық процестерінің бір бөлігі болады деп үміттенеміз!

Теңізде қызметкерлерді құттықтау

КГНТ-да жаңа дәстүр – бас директор өзінің бастамасы бойынша компанияда мерейтойлық дата жұмыс істеген әріптестерді құттықтайды. Теңіздегі қызметкерлеріміз де назардан тыс қалмады. Пандемияға байланысты Теңізге бару саны едәуір азайды, бірақ жуық арада бас директор Александра Бекишева Теңіз кен орнына барып қайтты, сол кезде қызметкерлерімізге Компаниядағы 5 жылдық адал еңбегі үшін КГНТ құрмет грамоталарын табыстады. Теңіздегі әріптестеріміз торт түріндегі дәстүрлі сый-сияпаттан да құр қалмады. Өкінішке орай, барлық мерейтой иелерін суретке түсіріп алуға мүмкіндік болмады, бірақ біз әрқайсысыңызға алғыс айтамыз және әрқайсысыңызды құрметтейміз. Сенімдеріңіз үшін рақмет!

КГНТ «Каспий мен Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» атты жыл сайынғы 8-ші конференцияға қатысты

2021 жылғы 9 және 10 қарашада Өзбекстан Республикасының астанасы – Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «KAZENERGY» қауымдастығының ресми қолдауымен GLOBUC компаниясы – Англияда, Лондонда іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі агенттік ұйымдастырған «Каспий мен Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» атты жыл сайынғы 8-ші конференция өтті.

КГНТ конференцияның жұмысына делегациясы мұнай-газ секторындағы негізгі қазақстандық инжинирингтік компания ретінде қатысты. КГНТ дәстүрлі түрде аталған конференцияның салалық серіктесі болды және біздің логотип барлық жарнамалық материалдарда қамтылды. Конференцияның жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Қырғызстан мемлекеттерінің мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия компаниялары, сонымен қатар Өзбекмұнайгаз,  KLPE,  Узкимесаноат,  ҚазМұнайГаз,  SOCAR,  Jizzakh Petroleum,  Enter Engineering,  Eriell, Газпромнефть,  Навоиазот сияқты технологиялар және инжиниринг саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың, Өзбекстан Энергетика министрлігі басшылығының 260-тан астам өкілдері қатысты.

Конференция дәстүрлі түрде өңірдегі мұнай өңдеушілер мен мұнай-химия компанияларының әлеуетті жеткізушілермен тілдесуі, салаға арналған шешімдер мен жабдықтарды талқылау үшін алаңды құрды, бұл ретте бірінші тұлғадан алған бірегей ақпарат және жаңалықтармен және пікірлермен алмасу мүмкіндігі Орталық Азия мен Каспий өңірінде бизнес дамытуды жоспарлайтын барлық тұлғалар үшін белсенді және бетпе-бет тілдесу ахуалын қалыптастырды

КГНТ – ұжым отбасына айналатын орын болып табылады

Біздің арқамызда ұжымымыздың ынтымақты болуына қуанышымыз шексіз. КГНТ – ұжым отбасына айналатын орын болып табылады 💙

Бұл әріптестеріміздің офистен тыс жасаған фотосуреттері мен бейнелерінің шағын бөлігі ғана.

Бізді жарияланымдарыңызда атап өтуге, сонымен қатар #KGNTDREAMTEAM хештегін көрсетуді ұмытпаңыздар✨

Тәуекел-Менеджмент Жүйесінің Негіздері» сертификаттары берілді

Тәуекелдерді басқару – қолайсыз нәтиженің туындау ықтималдылығын төмендетуге және ықтимал шығындарды барынша азайтуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және орындау процесі. Тәуекелдерді талдау кез келген қызмет үшін маңызды.

КГНТ-да барлық процестер жоғары нәтижелерге қол жеткізуде негізгі рөлді атқаратын тәуекелдерді басқару арқылы жүзеге асырылады. Дәл сондықтан осы саладағы білім үнемі толықтырылып және жаңартылып отырады. Жақында сапа жөніндегі мамандарға, сонымен қатар ЕҚ, ДжҚОҚ жөніндегі менеджерге «Тәуекел-Менеджмент Жүйесінің Негіздері. ISO 31000:2018 стандарты» тақырыбындағы сертификаттар табысталған болатын.

Әріптестер, алған жаңа білімдеріңіз құтты болсын! Жаңа дағдыларыңыз жаңа биіктіктерге жетелер жолда пайдалы болсын.