Алматы қаласындағы КГНТ бас офисінде «open space» форматындағы 4-қабаттың ашылуы өтті

Алматы қаласындағы КГНТ бас офисінде «open space» форматындағы 4-қабаттың ашылуы өтті.

Алматы қаласындағы КГНТ бас офисінде соңғы он жылдықтағы ірі өзгерістердің орын алғандығы туралы қуана хабарлаймыз. Біз жұмыстың жаңа форматына көштік – офисіміздің 4-қабаты «open space» сәулетіне ие болды. Аталған өзгерістердің неғұрлым тиімді жұмысқа, жаңа идеяларға жетелейтіндігіне, ұжымымызды біріктіре түсіп, жаңа шыңдарды бағындыруға ынталандыратындығына шын жүректен сенеміз.

Ресми ашу салтанаты өтті, онда Бас директор таспаны кесіп, салтанатты сөз сөйледі және КГНТ ұжымына жемісті жұмыс пен шексіз уәждеме тіледі.  Ашылу салтанатына КГНТ компаниясының барлық қызметкерлері онлайн трансляция арқылы қатысты. Әлеуметтік қашықтық шаралары мен маскалы режим сақталды.

Үздіксіз жетілу – табыс кепілі!

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Азаматтарға арналған үкімет КГНТ компаниясына ЖҚҚ – бетке арналған қорғаныс қалқандарын ұсынғаны үшін алғыс хат табыстады

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Азаматтарға арналған үкімет КГНТ компаниясына ЖҚҚ – бетке арналған қорғаныс қалқандарын ұсынғаны үшін алғыс хат табыстады.

Берілген ЖҚҚ ХҚКО қызметкерлеріне жұқтыру қаупінен қорғану үшін көмектеседі деген үміттеміз. Медеу ауданындағы ХҚКО орталығына жылы қабылдағандары үшін алғыс білдіреміз. Өтінеміз, өздеріңізге қамқор болыңыздар!

КӨҢІЛ АЙТУ

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯCЫ» ЖШС «Қазақстандық мұнай-газ ұйымдарының қауымдастығы және «KAZENERGY» энергетикалық кешені» ЗТБ төрағасы Кулибаев Тимур Аскаровичке, сондай-ақ оның туыстары мен жақындарына  Кулибаева Раиса Алдабергеновнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғыра көңіл айтады.

Раиса Алдабергеновна сүйікті жар, аяулы ана және ардақты әже болған және болып қала береді.

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯCЫ» ЖШС ұжымы орны толмас қазаға байланысты қайғыға ортақтасып, осындай қиын уақытта марқұмның отбасына көңіл қосын білдіреді. Раиса Алдабергеновна туралы жарқын естелік әрдайым біздің жүрегімізде қалады.

КГНТ Алматы қаласының “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕАҚ-ға 1000-нан астам бетке арналған қорғаныс қалқандарын тапсырды

23.06.2020 ж. Бүкіл әлемде коронавирустық инфекция өршіген тұста халықпен үнемі байланыста болатын қызметкерлер үшін тиісті ЖҚҚ-ның жетіспеуі жаһандық проблемаға айналды. Осыған байланысты, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС қызметкерлері коронавирустық инфекцияны жұқтыру тәуекелі жоғары болатын орындарда және адамдармен үнемі байланыста болатын барлық ниет білдірген ұйымдарға көмек көрсету мақсатында компанияның қабырғасында бетке арналған қорғаныс қалқандарын (қалқаншаларын) дайындау бойынша еріктілер штатын тарта отырып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруді шешті.

2020 жылғы 23 маусым күні «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС бетке арналған қорғаныс қалқандарын 1050 данада пайдалану жөніндегі нұсқаулығымен бірге  Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО-сына тапсырды. Алматы қаласы бойынша ХҚКО орталықтарында 960 қызметкер жұмыс істейді, және бетке арналған қорғаныс қалқандары барлық қызметкерлерге берілетін болады.

КГНТ халықпен үздіксіз байланыста жұмыс істейтін ұйымдардағы қызметкерлердің денсаулығына немқұрайлы қарамайтын компания болып табылады. Компания олардың әрқайсысына ауыр жұмысы мен өз ісіне берілгендігі үшін алғысын айтады және өз ишаратымен басқа компанияларды жоғарыда аталған ұйымдарға қолдан келерлік көмек көрсетуге шақырады!

Алматы қаласындағы КГНТ бас офисінде бетке арналған қорғаныс қалқандарын жинау бойынша штаб ұйымдастырылды

17.06.2020 ж. Қалыптасқан жағдаяттарға байланысты «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС өзіне жергілікті қоғам алдындағы жауапкершілікті қабылдай отырып, халықпен үздіксіз жұмысты қамтамасыз ететін, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысатын ұйымдарға, сонымен қатар медициналық ұйымдарға, яғни ауру жұқтыру қаупіне бейім ұйымдарға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Осы міндетті іске асыру үшін Алматы қаласындағы Бас офистің Баспасөз орталығында бетке арналған қорғаныс қалқандарын жинау бойынша штаб ұйымдастырылды.

Бетке арналған қорғаныс қалқандары COVID-19 вирусының таралуы үдеп бара жатқан кезде өзектілікке ие бола отырып, бетпердеге қосымша, үстеме, тыныс алу және көру мүшелерін жеке қорғау құралы болып табылады.

Қорғаныс қалқандарын жинау жұмыстарына қатардағы қызметкерлермен қатар КГНТ басшылығы да белсене қатысты. Жинау жұмыстары сақтық шаралары мен еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтай отырып, мақұлданған сызбалар мен нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылды. Қызметкерлер жинаған қорғаныс қалқандарының жалпы саны бірнеше мыңнан астам дананы құрады. Шығыс материалдары ретінде денсаулық үшін қауіпсіз және барлық қажетті сапа сертификаттары бар материалдар қолданылды.

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының басшылығымен кездесу

03.06.2020 ж. Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының (ХАҚҚ ҚР АД) Алматы қаласындағы бас офисінде КГНТ Экономика және бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директорының м.а. Демесін Айдос Оразбайұлы мен КГНТ Инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Тарасов Геннадий Александровичтің құрамына г.ғ.к., директор Бекнияз Болат Кабыкенулы, г.ғ.к., директордың орынбасары Нарбаев Марат Турсынбекович, г-м.ғ.к., Экология департаментінің басшысы Джабасов Абай Маратович кірген Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен компания мен Қордың стратегиялық серіктестігі және іскерлік ықтымақтастығы мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – КГНТ және ХАҚҚ АД ықтымақтастығы нысанын талқылау, сонымен қатар байланыстарды орнату және Арал теңізі бассейнінің проблемаларын шешуге бағытталған өзара әрекетті белсендіру, атап айтқанда өңірде экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және су-шаруашылық ахуалды жақсарту мақсатында болашақ жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру болып табылды.

Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2020 ж. «Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы Париж қаласында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгрессінің шешімімен бекітілген болатын. Жыл сайын осы күн 1 маусымда үлкендердің назарын балалардың пікірін білдіру, білім алу бостандығы құқықтарын сақтауға, оларды зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқықтарын қорғауға аударту мақсатында атап өтіледі.

Жыл сайын осы күні «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС балаларды осы мерекемен құттықтай отырып, дәстүрлі конкурстар өткізіп тұрады.

2020 жылы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында бұл мереке КГНТ қызметкерлерінің балалары үшін «Мен анамның/әкемнің жұмысы туралы не білемін» тақырында бейне-сұхбат нысанында өтті.

Балалар төмендегі сұрақтарға жауап берді:

1) Өзің туралы, ата-анаң туралы айтып бер?

2) Сенің анаң/әкең КГНТ компаниясында кім болып жұмыс істейді?

3) Анаңнан/әкеңнен олардың жұмысы туралы не естідің?

4) Анаңның/әкеңнің жұмысына барып көрдің бе? Барған болсаң, ол жерде нені көрдің?

5) Сен ер жеткен кезде кім болғың келеді?

Бейне компанияның экрандарында көрсетіліп, КГНТ-ның Instagram желісіндегі корпоративтік парақшасында жарияланды. https://www.instagram.com/tv/CA4bqGkApoI/?igshid=msug2564llpk

Компания әрбір балаға мықты денсаулық және ата-анасының қамқорлығына бөленіп жүре беруді тілейді. Аспанымыз ашық, әрбір күніміз мейірімге толы болсын.»

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың Орал қаласындағы филиалы

2020 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың Орал қаласындағы филиалы тірткелген болатын. Аталған фактіні 26.05.2020 жылғы 10100411579345 тіркеу нөмірімен берілген филиалды тіркеу туралы куәлік пен БСН 200541017782 растайды.

Филиал Батыс Қазақстан облысының аумағында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту бойынша жүргізілетін жұмыстың аясында КГНТ қызметін жүзеге асыру үшін құрылған.

Филиалдың тіркелуі жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сияқты салық аударымдарының түсуін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар бизнесті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдау үшін қосымша мүмкіндік береді.»

Бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық зерттеп-қарау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлік

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 «Бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес КГНТ аккредиттеуден өтіп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен «бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық зерттеп-қарау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлік» алды.