Алматы қаласындағы КГНТ бас офисінде құрамына Чех Республикасы Елшілігінің сауда-экономикалық бөлімінен келген қонақтар
Алматы қаласындағы КГНТ бас офисінде құрамына Чех Республикасы Елшілігінің сауда-экономикалық бөлімінен келген қонақтар – Петр Юрчик және Эльмира Тургаева, CzechTrade сауданы қолдау жөніндегі чех агенттілігінен – Marek Zmrzlik, сонымен қатар DIMER, Benvig Heat Transfer, FASTRA, DEKONTA, StemCon, Královopolská, SIGMA GROUP, AO MSA сияқты жетекші компаниялардың өкілдері кірген чех делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында компаниялардың өкілдері өз қызметі туралы таныстырылым өткізді, өзара әрекет және ынтымақтастық жасау мәселелері талқыланды. КГНТ бас директоры Бекишева Александра Маратовна қонақтарға келгендері және КГНТ-ға қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдірді, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық орнатуға қызығушылығын білдірді. Кездесудің ресми бөлігі аяқталған соң қонақтарға VR-бөлменің технологиялары көрсетілді.