КГНТ компаниясы жаңа стандартына ҚР СТ ISO 45001-2019 сәтті өтті

КГНТ компаниясы ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі. Талаптар және пайдалану жөніндегі нұсқаулық» жаңа стандартына сәтті өтті

КГНТ жұмыс жобасын әзірлеу кезеңін сәтті аяқтады

КГНТ Атырау қаласындағы “CҰЙЫЛТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН САҚТАУ ПАРКІ” ЖШС-не арналған “СМГСП құрылысы: №1, №2 СКГ парктері, СКГ одоризациялау блогы және сұйытылған мұнай газдарын сақтау Паркін қайта жаңарту” жұмыс жобасын әзірлеу кезеңін сәтті аяқтады.

КГНТ бас директорының жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженер Сартаев Салахеденнің инженерлік және жобалау қызметіне 50 жыл толып жатыр

2020 жылғы қыркүйек айында КГНТ бас директорының жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженер Сартаев Салахеденнің инженерлік және жобалау қызметіне 50 жыл толып жатыр.

Өз мансабын 1970 жылдан бастап Красноярск өлкесінің Норильск қаласындағы үш ірі металлургиялық зауыты бар және Норильск өнеркәсіптіп өңірінің барлық объектілерін жобалаумен айналысатын «Норильскпроект» жобалау-конструкторлық институтында инженер ретінде бастай отырып, жобалау өндірісінде жобалау мен ұйымдастыруда инженерлік және басшы лауазымдарының барлық дәрежелерін лайықты түрде өтіп, Сартаев Салахеден Қазақстан Республикасында және бірқатар басқа елдерде ондаған маңызды жобаларды іске асыруға белсенді қатысып келді. Сартаев Салахеден ҚР және Орталық Азия республикаларының өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелеріндегі жобалау жұмыстарына жауап берді, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесін басқарды, ҚР және Орталық Азия республикалары әуежайларының барлық жерүсті құрылыстарын жобалаумен айналысты. Сонымен қатар, ол ҚР астанасын көшірген соң Астана әуежайын қайта құру жобасын басқарды. С. Сартаевтың үлкен тәжірибесі мен білімдері КГНТ компаниясын Франция, Германия, Бельгия, АҚШ, Қытай инженерлік институттарымен үйлестіруге оң әсерін тигізді. КГНТ бас директорының жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженер лауазымында Сартаев С. «Атырау облысында Бірінші біріктірілген газ-химиялық кешенді салу. Екінші фаза (Полиэтиленді өндіру)» және «Атырау облысында Бірінші біріктірілген газ-химиялық кешенді салу. Екінші фаза (Газ айырғыш қондырғыны және өнім құбыржолын орнату)» сияқты жобаларда және көптеген басқа жобаларда мұнай-газ өңдеу объектілерін жобалау процесіне тікелей басшылық етуді жүзеге асырды.

Сартаев С. Қазақстан Республикасындағы және алыс және таяу шет елдердегі мұнай-газ және энергетикалық кешендердің кәсіпқойлары арасында зор беделге ие, бұл жайды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» төсбелгісі сияқты наградалары куәландырады.

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС Сартаев Салахеденді мақтан тұтады. Ол өз әріптестерімен қуана бөлісіп отыратын оның бай тәжірибесі мен білімдері, оның тәлімгерлік кеңестері КГНТ компаниясының бүкіл ұжымын дамытуға әсерін тигізуде. Біз осындай кәсіби өмірлік тәжірибесі бар басшылардың КГНТ компаниясында жұмыс істейтіндігін мақтаныш етеміз!

КГНТ ұжымы Сартаев Салахеденді инженерлік және жобалау қызметінің 50 жылдығымен шын жүректен құттықтайды және мықты денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық жетістіктер, жеке өміріне бақ-береке мен бақыт тілейді!

КГНТ командасы компанияның Бас директоры – Александра Бекишеваның Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көшбасшы әйелдердің ТОП-50 рейтингісінде атап өтілгендігі туралы қуана хабарлайды!

КГНТ командасы компанияның Бас директоры – Александра Бекишеваның Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көшбасшы әйелдердің ТОП-50 рейтингісінде атап өтілгендігі туралы қуана хабарлайды!

Команданың табысты болуы басшының басқару дарынына тікелей байланысты, ал біздің Басшының сіңірген еңбегі, белсенді әлеуметтік позициясы мен тәжірибесі мұнай-газ саласы өкілдерінің сарапшылық пікірлері бойынша рейтингте айқын көрсетілді.

Біз данышпан әрі дарынды Басшымызды мақтан тұтамыз және әлемдік рейтингтердегі жоғары позицияларға қол жеткізу үшін өзінің жолын сәтті жалғастыруын тілейміз!

КГНТ компаниясының бас офисінде Еңбек Қауіпсіздігі, Денсаулықты және Қоршаған Ортаны Қорғау мәдениетіне бейілділігі және оны арттыруға қосқан зор үлесі үшін сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

КГНТ компаниясының бас офисінде Еңбек Қауіпсіздігі, Денсаулықты және Қоршаған Ортаны Қорғау мәдениетіне бейілділігі және оны арттыруға қосқан зор үлесі үшін сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Бас директор Александра Бекишева Компанияның басты Құндылығы «Қауіпсіздік» ЕҚ, ДжҚОҚ мәдениетін дамытуға салмақты үлес қосқан қызметкерлерге алғысын білдіріп, бейілділігі үшін сертификаттарды табыстады.

Қауіпсіздік Компанияның жоғары басымдылығы болып табылады және қызметкерлерді қоғам мен қоршаған орта алдындағы жауапкершіліктің деңгейін арттыруға үнемі тарту сөзсіз қошталады.

2020 жылы «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНТИЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың Бас директоры Александра Бекишева «CEO Survey» PWC жаһандық жобасының шеңберінде өткізілетін экономиканың әртүрлі секторларындағы жеке бизнестің бірінші басшылары арасындағы жыл сайынғы 23-ші сауалнамаға қайта қатысып, қатысқаны үшін марапатқа ие болды

2020 жылы «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНТИЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың Бас директоры Александра Бекишева «CEO Survey» PWC жаһандық жобасының шеңберінде өткізілетін экономиканың әртүрлі секторларындағы жеке бизнестің бірінші басшылары арасындағы жыл сайынғы 23-ші сауалнамаға қайта қатысып, қатысқаны үшін марапатқа ие болды. Зерттеу жыл сайын бүкіл әлем бойынша жүргізіледі және 2020 жылы сауалнамаға 83  мемлекеттен жеке бизнестің 1649 басшысының, соның ішінде Қазақстаннан 68 басшының қатысқандығын атап өткен жөн.

КГНТ компаниясының бас офисінде қызметкерлерді кәсіби мереке – Мұнай және газ кешені қызметкерлерінің күнімен дәстүрлі түрде құттықтау рәсімі өтті

КГНТ компаниясының бас офисінде қызметкерлерді кәсіби мереке – Мұнай және газ кешені қызметкерлерінің күнімен дәстүрлі түрде құттықтау рәсімі өтті. Бас директор Александра Бекишева ерекше көзге түскен қызметкерлерді құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады. Адал еңбегі мен Компанияны дамытуға бағытталған қолдаулары үшін алғысын білдірді, сонымен қатар мықты денсаулық, бақыт, ырыс-береке және одан әрі кәсіби жетістіктер тіледі!

КГНТ онлайн режимде «Персоналдың ТЖ туындаған кездегі әрекеттері» оқу-жаттығу сабағын өткізді

Safety 360» бағдарламасы» қауіпсіз еңбек мәдениетін арттыруға және қауіпті факторлардың қызметкерлер мен олардың жақындарының өмірі мен амандығына тиетін әсерін барынша азайтуға бағытталған!

КГНТ онлайн режимде «Персоналдың ТЖ туындаған кездегі әрекеттері» оқу-жаттығу сабағын өткізді. Карантиндік шаралар жалғасып жатқандықтан және бір учаскеде адамдар көп жиналатын іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынғандықтан оқу-жаттығуды онлайн трансляция форматында өткізу шешілді. Өртке қарсы ден қою командасының әрекеттері, эвакуациялау жолдары мен персоналдың әрекеттері талқыланды.

Қауіпсіздік өзімізден басталады, сондықтан айналамыздағы адамдарға немқұрайлы қарамайық және өзіміз бен жақындарымыз үшін қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып көбірек күш салайық!

КГНТ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарды сақтай отырып, Safety 360° бағдарламасы салған бағытты сенімді ұстануда

КГНТ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарды сақтай отырып, Safety 360° бағдарламасы салған бағытты сенімді ұстануда. 2019 жылдан бастап КГНТ қалдықтарды бөлектеуге көшті. Қызметкерлер қалдықтарды бөлектеп жинау мәдениетіне қолдау көрсетіп, офистен шықпай-ақ ғаламшарымызды қорғауда. Әрбір қабатта қалдықтарды бөлектеп жинауға арналған эко-бокстар орнатылды. Ай сайынғы негізде КГНТ қалдықтарды Tazalyk қосымшасы арқылы өңдеуге өткізеді, осылайша эко-үлесін қосып жүр.

Ғаламшарымызды қоқыстан сақтап қалайық!