КГНТ қауіпсіздік саласындағы жаңа нәтижеге қол жеткізді — оқиғалар мен оқыс оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішпен 9 000 000 адам-сағат!
КГНТ қауіпсіздік саласындағы жаңа нәтижеге қол жеткізді — оқиғалар мен оқыс оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішпен 9 000 000 адам-сағат! Аталған жайт компанияда қолданылатын «Safety 360» бағдарламасының, сонымен қатар үлкен ұжымның еңбек қауіпсіздігі саласында бірлесе салған күшінің арқасында орын алды. «Safety 360» бағдарламасы қауіпсіз еңбек мәдениетінің деңгейін арттыруға және қауіпті факторлардың қызметкерлер мен олардың жақындарының өмірі мен амандығына тиетін әсерін барынша азайтуға бағытталған.
Компанияның әкімшілігі өзінің әрбір үндеуінде бірыңғай ойды жолдайды: «Қауіпсіздік өзімізден басталады, сондықтан айналамыздағы адамдарға бей-жай қарамайық және өзіміз бен жақындарымыз үшін қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы барынша күш салайық!»