KGNT жолдама бағдарламасы

КГНТ-дағы рефералдық бағдарлама туралы не білесіз? Бағдарламаның алғашқы қатысушылары өз сыйақыларын алып үлгерді. Наталья Волокитина – алғашқылардың бірі, ол бүгінгі сұхбатта бағдарлама туралы толығырақ айтатын болады.

МАҢЫЗДЫСЫ: рефералдық бағдарламаға КГНТ-ның барлық қызметкерлері қатыса алады және бағдарлама тек қана Алматы қаласындағы бас офистің бос жұмыс орындарына ғана  қолданылады.

КГНТ-ның инновациялар мен маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Тарасов Геннадий Александрович «Автоматты КриоЭнергоСтанция – жасыл энергетиканың болашағы» тақырыбында баяндама жасады

20 қазан күні Ташкентте өткен «Каспий мен Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай-химия» (DCACC)  жыл сайынғы конференциясында КГНТ-ның инновациялар мен маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Тарасов Геннадий Александрович «Автоматты КриоЭнергоСтанция – жасыл энергетиканың болашағы» тақырыбында баяндама жасады. DCACC – толықтай Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай-химия секторына арналған, жалғыз аймақтық іс-шара болып табылады.

Біздің команда КГНТ-ның үздік кәсіпқойларының атынан халықаралық ірі конференцияларда өз тәжірибесімен бөлісуге өте қуанышты!

Туған күніңмен, Кайдзен Центр!

КГНТ компаниясы ұжымының атынан «Кайдзен Орталығы» командасының үздік жаттықтырушыларын 5 жылдығымен құттықтаймыз!

Бір жыл бойы КГНТ белсенді дамып, таңдалған бағытта алға жылжуда, бұл сөзсіз 2022 жылды Кайдзен жылы ретінде белгіледі! Бұл  маңызды жыл болмақ. Өткен оқу модульдерін тәжірибеде табысты іске асырудың барлық алғышарттары қарастырылған. Құрылымдық оқыту процесі, сондай-ақ компанияларда Кайдзенді тиімді жүзеге асыру тәжірибесі, компанияның өмірін алға жылжытып және жоғары дамыту арқылы КГНТ дамуына ықпал етуде.

Кайдзен орталығының ұжымына өз бағытында флагмандық позицияларды берік және сенімді ұстауды, тиімді жұмыс пен мықты денсаулық, барлық қызметкерлерге бақыт пен отбасылық амандық тілейміз!

Туған күніңмен, Кайдзен Орталығы!

#КарьеравКГНТ

Бүгінгі біздің  #КарьеравКГНТ айдарының кейіпкері, Компанияда 42 жылдан астам уақыт жұмыс істеген инновациялар мен маркетинг жөніндегі басқарушы директор – Тарасов Геннадий Александрович.

Геннадий Александрович  Компанияда жұмыс  істеген уақытында біздің ондаған мамандарымызды өсіріп, білім мен орасан зор тәжірибе берді. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысу арқылы жобалауды, құрылысты және қазақстандық инжинирингті дамытуға елеулі үлес қосты.

Г.А. Тарасов  2022 жылғы 20 қазан күні «Каспий мен Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химия» жыл сайынғы 9-конференциясында баяндама жасайды.

Бухгалтер күні құтты болсын

Бүгін еліміздің үздік есепшілері кәсіби мерекелерін тойлауда! Сіздің кәсіби қызметіңізде бәрі сіздің есептеулеріңіздегідей даусыз сақтықпен орындалсын

#KGNTDREAMTEAM

Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы

21-23 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы өтті, форумда біздің бас директор Бекишева Александра Маратовна ” Жетекші батыс жобалау институттарымен және машина жасау кәсіпорындарымен ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ірі жобаларында елішілік құндылықтарды арттыру мүмкіндіктері” тақырыбында сөз сөйледі. Александра Маратовнаның сөз сөйлеуі халықаралық тапсырыс берушілермен бірлесе отырып, біздің елдің аумағындағы ірі жобаларды іске асыруды талқылауға арналған бірнеше тақырыпты қамтыды. Одан бөлек, КГНТ кәсіпқойлар командасы болашақта  салаға ғана емес, сондай-ақ елдің бүкіл экономикасына оң әсер беретін жақсартулар бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды.

КГНТ-дағы көк тусті жұма

Бүгін дәстүр бойынша  – КГНТ-да түрлі-түсті жұма. Біздің қызметкерлер ашық түстермен  жұмыс күніне өң берді. Осы жұманың түсі- КӨК. Біздің акциямызды белсенді түрде қолдауға шақырамыз. Келесі «Түрлі-түсті» жұманың түсі қандай болмақ? Төмендегі пікірде өз ұсыныстарыңызбен бөлісіңіздер. #KGNTDREAMTEAM

КГНТ командасы кезекті «Алматы марафоны» жарысына қатысты.

«Almaty Marathon» марафонының біреуі де біздің Компанияның қатысуынсыз өтпейді. Өткен жексенбіде болған жүгіруге экиден командасынан бөлек, қызметкерлер 10 км. және 21 км. қашықтықта жекелей жүгіруге қатысты, олар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, өткен жүгірістердің рекордын жаңартты. Айта кететін жайт, КГНТ-ның экиден командасы жалпы тізім бойынша қатысушы 62 команданың ішінде 15 үздік команда құрамына енді. Әрқайсыңызға жоғары жетістікке жетуге деген ұмтылыстарыңыз бен салауатты өмір салтын ұстану идеясын таратқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.

Әр адамның физикалық қабілетінің әртүрлі болатынын еске саламыз. Белгілі бір қашықтыққа жүгіруден бұрын оған физикалық және моральды түрде дайын болу керек. Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Өзіңізге қамқор болыңыз және ауырмаңыз.