КГНТ маскоты

Компания қызметкерлерінің арасындағы дауыс беру нәтижесі бойынша, КГНТ-ның маскоты (бойтұмары) болатын кейіпкер таңдалды, ол- жапалақ. Ақылды, сүйкімді және өз білімімен бөлісуге дайын!

Осы қуанышты жаңалыққа байланысты, біздің маскотымызға ат таңдау үшін байқау жариялаймыз. Қатысу үшін сілтеме арқылы өтіп, анкетаны толтыру қажет.  Ұсынылғандардың ішіндегі үздік нұсқаны Сапа комитеті таңдайды, жеңімпаз Компания атынан жағымды сыйлыққа ие болады. Өтінім 02.02.2023 жылға дейін қабылданады.

Байқауға қатысыңыздар және КГНТ-ның корпоративтік мәдениетін дамытуды қолдаңыздар!

КГНТ-дағы мансап

КГНТ үнемі жаңа таланттар мен өз ісінің кәсібилерін іздеу үстінде!

Егер сіз белсенді, бастамашыл, нәтижеге бағытталған және мұнай, газ саласында даму мүмкіндігін іздеп жүрген болсаңыз, біз барлық өзекті вакансияларды біздің @JobKGNT телеграм каналымызға және сайтымыздың «Карьера» (www.kgnt.kz) бөлігінде жариялайтынымыз туралы хабарлаймыз.

Өз мансабыңды КГНТ-мен бірге құр!

5С:1С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны

КГНТ-ның әр қызметкерінің жұмыс орны 5С стандартына сай болуы қажет.

Жұмыс орнындағы тәртіпке берілгендігі үшін кез келген қызметкер және бөлім осы жылдың басынан бастап ай сайынғы негізде  «5С:1С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясын жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

Үздік қызметкер және бөлім Сапа бөлімінің тексеруі арқылы анықталатын болады.

Бірінші айдың қорытындылары бойынша:

  1. Кулишова Валерия Андреевна, БЖТПА инженері
  2. Электр-техникалық бөлім жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қалған қызметкерлерді белсенді түрде қатысуға шақырамыз – ол үшін жай ғана жұмыс орнын 5С стандартына сай тәртіпте ұстау жеткілікті.

3D сканерлеу тренингі сәтті аяқтады

КГНТ-ның барлық қызметкерлері үнемі оқытуларға қатысып, білімдерін жаңартып және толықтырып отырады.

Бас геодезист Аскар Баймухамедов «Trimble TX10 сканерімен және  Trimble Real Works бағдарламалық жасақтамаларымен жұмыс істеу» 3D-сканерлеу бойынша оқытудан өтті.

Аскарды құттықтаймыз және кезекті рет кәсібилігін дәлелдегені үшін және 3D-сканерлеу саласындағы білімін растағаны үшін алғыс білдіреміз.

Ең үздік жаңа жылдық костюм байқауының қорытындысы

От лица всей Компании КГНТ искренне поздравляем команду лучших тренеров команды «Центра Кайдзен» с 5-летием!

На протяжении года КГНТ активно развивается и продвигается в выбранном направлении, что несомненно ознаменовало 2022 год, как год Кайдзен в КГНТ! Это значимый год для нас. Имеются все предпосылки для успешной реализации на практике пройденных модулей обучения. Структурированный процесс обучения, а также опыт эффективной реализации Кайдзен в Компаниях способствуют развитию КГНТ, наполняя жизнь компании движением вперед и вверх.

Желаем коллективу Кайдзен Центра прочно и уверенно удерживать флагманские позиции в своём направлении, эффективной работы и крепкого здоровья, счастья и семейного благополучия всем сотрудникам!

С днем рождения, Кайдзен Центр!

«HR-маман» тренингі

Жылды жағымды жаңалықпен бастаймыз – персоналды іріктеу, бейімдеу және оқыту бөлімінің бастығы Жайлаубаева Айнур, HR Сертификаттау Орталығынан «HR Профессионал» бағдарламасы бойынша оқыту грантына ие болды, оқытудың толық курсын аяқтап, сертификаттаудың барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, біліктілік деңгейін растады және Қазақстан Республикасының бекітілген кәсіби стандартына сәйкес «HR профессионал» біліктілік сәйкестігі туралы сертификатпен марапатталды!

Оқыту екі ай бойы жалғасты (120 академиялық сағат), сертификаттау 4 сағаттық емтиханды қамтыды және HR саласында танылған сыртқы сарапшылардың алдында жоба қорғалды. КГНТ өз ісінің үздік кәсібилеріне қолдау көрсетуге өте қуанышты. Жаңа білім пайдалы әрі Компания процестерін жақсартуда белсенді түрде қолданылатынына сенеміз. Барлық КГНТ ұжымының атынан Айнурды құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!

Жаңа Жылыңызбен!

Өткен жылды қорытындылай келе және келер жылды қарсы ала отырып, біздің команда жыл сайынғы қайырымдылық дәстүріне белсенді қатысуын жалғастырады.

Естеріңізге салар болсақ, Ғажайып күнтізбе құрған болатынбыз – КГНТ-дағы соңғы жұмыс аптасының әр күні түрлі оқиғаларға толы болды. Сәрсенбі «Қайырымдылық күні» болып жарияланды.

Бұл күннің алдында бірнеше апта бойы дайындық пен қаражат жинау жүргізілді. Бұл күнге бей-жай қарамаған әріптестеріміз бен Жас мамандар кеңесінің  бірлескен жұмысының нәтижесі – ORHUN онкологиялық медициналық орталығындағы балалар мен Ұлы Отан соғысының ардагері  Лидия Филипповнаға жылулық сыйлады.

Осы жылы өткен жылға қарағанда көбірек қаражат жиналды: медициналық орталықтың балаларына 110 000 теңге, ҰОС ардагеріне 79 000 теңге. Балалар орталығының қарамағындағы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, ал Лидия Филипповнаға дәрі-дәрмектер мен азық-түлік сатып алынды.

Аз болса да, жаңа жылдық қайырымдылық дәстүріне бар күшін, қаражаты мен уақытын сала қатысқан әрқайсыңызға алғыс білдіреміз. КГНТ-да болып тұратын қайырымдылық дәстүрлері үшін рахмет айтамыз.

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

КГНТ жаңа жылдық дәстүрлері

Подводя итоги уходящего года и встречая наступающий, наша команда продолжает активно принимать участие в ежегодных добрых традициях.

Напомним, мы создали Календарь чудес – каждый день последней рабочей недели этого года в КГНТ наполнен событиями. Среда называлась «День доброты».

Этому дню предшествовали несколько недель подготовки и сбора средств. Итогом слаженной работы всех неравнодушных коллег и Совета молодых специалистов стали довольные лица детей онкологического медицинского центра ORHUN и ветерана Великой Отечественной Войны Лидии Филипповны.

В этом году мы собрали больше, чем в предыдущем: для детей медицинского центра 110000 тенге, для ветерана ВОВ 79000 тенге. Для 20 подопечных детского центра были куплены новогодние подарки, для Лидии Филипповны медикаменты и продукты.

Выражаем огромную благодарность каждому, кто приложил усилия, время и средства во благо хоть и небольшого, но новогоднего чуда. Спасибо за то, что позволяете добрым традициям КГНТ быть.

С наступающим Новым годом!

“КотоПес” қорына көмек

Осы жылы  КГНТ-ның жаңа жылдық дәстүрі «КотоПес» панажайындағы үйсіз иттер мен мысықтарға көмек көрсетуден басталды.

КГНТ-ның барлық жанашыларының атынан ақшалай қаражат жиналды, жиналған қаражатқа 8,3 кг иттерге арналған азық және 120 дана мысықтарға арналған сұйық азық алынды. Сондай-ақ панажайдағы отадан кейінгі және көшеден табылған жануарларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, көптеген қызметкерлерімізден көрпе, ақжайма, ойыншықтар және басқа да төсек жабдықтары келіп түсті.

Барлық жанашыр әріптестерімізге және котопес фондқа панажайына төрт аяқты жануарларымызға көрсетіп жатқан жақсылықтары үшін алғыс білдіреміз.

Панажайдың қарауында 60 мысық пен 20 ит бар екендігін еске саламыз. Естеріңізде болсын, кез келген адам жануарларды үймен қамтамасыз етіп немесе материалдық көмек көрсетіп, олардың өмірін құтқара алады.

#ДОБРЫЕТРАДИЦИИКГНТ