«KGNT Construction»
«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС қызметтің бағытын кеңейту және қызметтер пакетін жаңарту жөніндегі стратегиялық жоспарды орындау аясында өзінің «KGNT Construction» еншілес бөлімшесі үшін өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы техникалық және технологиялық күрделі объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу құқығына 1-санаттағы құрылыс лицензиясын қайта тіркеді.