Алматы қаласындағы бас офисте OSUNG PLANT жетекші корей компаниясының бойынша кездесу өтті

Алматы қаласындағы бас офисте OSUNG PLANT жетекші корей компаниясының өкілдерімен сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті. Айтулы кездесудің қорытындылары бойынша «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС пен OSUNG PLANT Co., LTD корей компаниясының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

OSUNG PLANT компаниясының TCO Chevron, Inpex, Statoil, DynaGas, басқасы сияқты шетелдік жобаларды іске асыру тәжірибесі көп. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық серіктестікті бастауға мүмкіндік береді.

КГНТ қауіпсіздік саласындағы жаңа нәтижеге қол жеткізді – оқыс оқиғалар және оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішпен 8 000 000 адам-сағат!

КГНТ қауіпсіздік саласындағы жаңа нәтижеге қол жеткізді – оқыс оқиғалар және оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішпен 8 000 000 адам-сағат! Аталған оқиға компанияда қолданылатын «Safety 360» бағдарламасының, сондай-ақ үлкен ұжымның еңбек қауіпсіздік саласында салған бірлескен күшінің арқасында орын алды. «Safety 360» бағдарламасы қауіпсіз еңбек мәдениетінің деңгейін арттыруға және қауіпті факторлардың қызметкерлер мен олардың туыстарының өмірі мен амандығына тиетін әсерін барынша азайтуға бағытталған.
Осы оқиғаға орай компания қауіпсіздік мәдениетін жалпы дамытуға бейілділік пен қосқан үлесі үшін әрбір қызметкерге естелік кәдесыйлар дайындады.
Компанияның әкімшілігі өзінің әрбір үндеуінде бірыңғай ойды жолдайды: «Қауіпсіздік өзімізден басталады, сондықтан айналамыздағы адамдарға бей-жай қарамайық және өзіміз бен туыстарымыз үшін қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы барынша күш салайық!»

Ағымдағы жылы 29 қарашада Ғылыми-техникалық кеңестің 1-ші отырысы өтті

Ағымдағы жылы 29 қарашада «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ құрған Ғылыми-техникалық кеңестің 1-ші отырысы өтті. Ғылыми-техникалық кеңестің тәуелсіз сараптамалық комиссиясына инженерия саласындағы жетекші ғалымдар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен жас мамандар, өндірістің ірі мамандары, «Атамекен» ҰКП-дан келген бизнес өкілдері, мемлекеттік қайраткерлер, Қазақстан Республикасының Мәжіліс және Парламент депутаттары кірді. КГНТ компаниясының атынан тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамына Инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор Тарасов Геннадий Александрович және жобаның бас инженері Шатов Евгений Иванович кірді.
ҒТК «Қалдықтарды басқару», «Тұрақты энергоресурстар», «Тұрақты қала (жасыл инфрақұрылым)», «Тұрақты ауыл шаруашылығы», «Экология, қоршаған ортаны қорғау» бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады. ҒТК ұсынылатын осы немесе өзге технологиялардың тиімділігін, олардың жергілікті жағдайларға бейімділігін және т.б. бағалайды.
IGTIC – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ 2018 жылдың сәуір айында тұңғыш президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен АСТАНА ЭКСПО-2017 көрмесінің ғылыми және технологиялық мұрасын жалғастыру және дамыту үшін құрылды.

КГНТ бас директорының жобаларды шетелде іске асыру жөніндегі орынбасары Мандария Тадеоз Давидовичтің қайтыс болған

“КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС” ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ” ЖШС біздің әріптесіміз, досымыз және серіктесіміз КГНТ бас директорының жобаларды шетелде іске асыру жөніндегі орынбасары Мандария Тадеоз Давидовичтің ағымдағы жылдың 27 қарашасында қайтыс болғандығын қайғыра отырып хабарлайды.

Жобалау өндірісін ұйымдастыру мен жобалауда инженерлік және басшылық лауазымдардың барлық сатыларынан жоғары дәрежеде өтіп, Тадеоз Давидович Қазақстандық Жобалау институттарын тұрақты түрде басқарды. Осылайша, 2004 жылдан бастап 5 жыл бойы Тадеоз Давидович Инжиниринг жөнінде директор, кейін КГНТ президенті қызметтерін атқарды. Сонымен қоса, 2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту жобасын басқарды, ал 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Фарнбородағы KPJV бірлескен кәсіпорнында Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасында және шетелде іске асырылатын басқа да жобаларда КГНТ мүдессін қорғай отырып, халықаралық жобаларды басқарып келді.

Тадеоз Давидович компанияның дамуына ғана емес, сонымен бірге жалпы Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика салаларының дамуына да баға жетпес елеулі үлес қосты. Сіңірген еңбегі үшін Тадеоз Давидович «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» және «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының Еңбек сіңірген қайраткері» сияқты құрметті атақтармен және мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапатталды.

КГНТ үшін Тадеоз Давидович тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен бірге керемет тәлімгер және парасатты көшбасшы бола білді. Тадеоз Давидовичтің белсенділігі, жарқын жүзділігі, іскерлілігі мен жігерлілігі біз үшін әрқашан да үлгі.

Тадеоз Давидович компания мен еліміздің өнеркәсіп саласының тарихында қуатты қайраткер және мықты басшы ретінде мәңгі қалады. Оны компаниямыздың мақтанышы деп есептейміз және бізге берген өнеркәсіптік қызметтегі білімдері мен дағдыларын сақтап, оларды одан әрі арттыруға  бар күшімізді саламыз.

Тадеоз Давидовичтің жарқын бейнесі біздің есімізде мәңгі сақталады.

2019 жылғы 13 қыркүйекте КГНТ компаниясы өз қызметінің 45 жылдық мерейтойын атап өтті

2019 жылғы 13 қыркүйекте КГНТ компаниясы өз қызметінің 45 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойға орай компанияның басшылығы Rixos Almaty қонақ үйінің бал залында салтанатты гала-кешкі ас ұйымдастырды.

Кеш «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнер көрсетуімен басталды, ансамбль ұлттық қазақ шығармаларын ойнады, ойын-сауық бағдарламасын компанияның нышаны мен оқиғаларды сипаттайтын бейнеәсерлермен әрлендірілген заманауи бал билерін, сондай-ақ қазақ ұлттық билерін билеген би ұжымы жалғастырды.

Қонақтар арасында КГНТ-ның барлық локацияларындағы қызметкерлер, сонымен қатар шетелдік қонақтар, ҚазМұнайГаз, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., Теңізшевройл, Chevron, Worley, Fluor, Axens, KPJV Limited, Hexagon PPM, Schneider Electrics, ҚР мұнай өңдеу зауыттарының, ЦАТЭК, КИНГ, Каспиймұнайгаз, PWC компанияларының, сондай-ақ KAZENERGY Ассоциациясының, ҚР мұнай сервистік одағы мен Қазақстандық Жобаларды Басқару Ассоциациясының басшылығы мен өкілдері болды.

КГНТ қызметкерлерін ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті. Өз кезегінде, КГНТ өз серіктестеріне бірлескен прогреске және мақсаттарға қол жеткізуге қосқан жеке және ұжымдық үлестері, жемісті ынтымақтастық пен компанияның қалыптасуына көрсеткен қолдаулары үшін мерекелік медальдар мен мүсіншелерді, сонымен қатар алғыс хаттарды табыс етті.

КГНТ қызметкерлері компанияның тарихы мен қызметі туралы корпоративтік фильм дайындады.

Танымал A’Studio тобы өзінің хит әндерін орындап, КГНТ компаниясын мерейтойымен құттықтады.

13 қыркүйек күні «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС өз қызметінің 45 жылдық мерейтойын атап өтті

On September 13, ENGINEERING COMPANY KAZGIPRONEFTETRANS LLP celebrated its 45th anniversary.

In honor of the anniversary, as well as with the aim of creating a unique platform for the exchange of the most relevant experience between the leading world and Kazakhstani oil and gas and oilfield services companies, the presentation of medium-term guidelines for the further development of the oil and gas sector of the Republic of Kazakhstan, the promotion of potential contacts and cooperation on future projects of the oil and gas industry, and the activation of information processes key players on the possibilities of domestic engineering and practical aspects of sustainable development, the company conducted International Practical Conference “Transformation of Oil and Gas Engineering in the Face of Global and Internal Challenges” in the conference hall of the Rixos Almaty Hotel.

The conference began with welcoming remarks by the Chairman of the Supervisory Board of KAZGIPRONEFTETRANS ENGINEERING COMPANY LLP, Mr. S.V. Kan, Director of the Kazakhstan Project Management Association, Mrs. M.Kh. Khusainova, General Director of the Kazakh Institute of Oil and Gas JSC Mr. V.R. Li and CEO of KAZGIPRONEFTETRANS ENGINEERING COMPANY LLP. Mrs. A. M. Bekisheva.

The conference was divided into three sessions, which discussed the current state and prospects of development of the oil and gas industry in Kazakhstan, the management of construction projects in the oil and gas sector, as well as modern information modeling technologies.

The conference guests were greeted by a large interactive tablet, where everyone could find out more information about the company by accessing KGNT corporate pages on social networks. In a portable VR room, the event participants could personally see the simulated object thanks to 3D-visualization technology. Banners showing the history of the company in photos were installed in the lobby.

The honorary guests of the conference were U.S. Karabalin, Deputy Chairman of the KAZENERGY Association, Edwin Blom, General Director of KPO BV, Mick Kraly TCO FGP-WPMP Project Director, Rob Leonard, Senior Vice President, Business Development – Europe & Central Asia WorleyParsons, Richard Meserole, Senior Vice President Project Director, Fluor, David Hamilton, Senior Project Manager Gathering, SPV KPJV Deputy Project Director KPJV Limited (Atyrau Branch), John Baltz, Managing Director of Chevron’s Eurasian Unit, Chevron Almaty and Mike Collins, Area Project Manager – Almaty Operations, KPJV LIMITED, Almaty.

Andrew Woodhead, Senior Vice President, E&C Europe Central Asia, Worley, made a presentation on “A good strategy is a good project. How to choose the best strategy for the execution of the contract, bypassing costs and other errors. “

T.D. Mandaryia, KGNT Chief Overseas Production Officer, has spoken on “Transforming the functions and structure of KGNT depending on the requirements of the market for engineering services in 1974 – 2019”, highlighting the transformation of the company in time from its inception to the present.

The conference was moderated and chaired by U.S. Karabalin, Deputy Chairman of the KAZENERGY Association, N. A. Zhumagulov, Director General of the KAZSERVICE Union of Oil Service Companies of Kazakhstan, M.A. Kuangaliyev, Director of the Center for Designing Oil and Gas Industry and Civil Engineering at the Kazakh Institute of Oil and Gas, KGNT employees and management, as well as representatives of Schneider Electric Kazakhstan, Honeywell-Automatic Control System LLP, HexagonPPM and ALKOR LLP.

Foreign representatives from companies such as Worley, Fluor, and HexagonPPM devoted their speeches to EPC project management methods.

12 қыркүйек күні таңертең КГНТ-ның бас офисінде Компания қызметінің 45 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтті.

12 қыркүйек күні таңертең КГНТ-ның бас офисінде Компания қызметінің 45 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтті.
Салтанатты жиналыс барысында КГНТ Қадағалау кеңесінің төрағасы С.В. Кан мырза мен КГНТ-ның Бас директоры А.М. Бекишева еңбегі сіңген қызметкерлерге, менеджерлерге және ерекше көзге түскен мамандарға «КГНТ-ға 45 жыл» естелік мерекелік медальдар мен құрмет грамоталарын табыстады. Компания сонымен қатар әрбір қызметкерге компания мерейтойының нышандары түскен атаулы сыртқы аккумуляторларды (power bank) сыйға тартты.