КГНТ 2022 жылғы бос орындар жәрмеңкелерін аяқтады

Біз биылғы жылғы бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін @satbayev_university және @kbtu_official университтеріне барумен аяқтаймыз. КГНТ Қазақстанның үздік университеттерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге қуанышты, сондай-ақ Компанияның миссиясын одан әрі ілгерілету үшін өз тәжірибесімен мамандардың жаңа буындарымен бөлісуге әрқашан дайын. Барлық білімгерлердің, сонымен қатар жас мамандардың есіне саламыз, сіздер өзекті бос жұмыс орындарымен біздің сайтта (www.kgnt.kz), LINKED IN парақшасында таныса аласыздар.

Өз еңбек жолыңды КГНТ-мен бірге баста!

#КГНТ  #KGNT #KGNTDREAMTEAM

КГНТ 2022 жартылай марафонына қатысты

Біздің жүгірушілер командамыз жаңа қатысушылармен толығуда. Жексенбі күні 21,1 км. арақашықтыққа жыл сайынғы жартылай марафон өтті, оған біздің қызметкерлер қатысты және өздерінің рекордтарын жаңартты, осылайша арақашықтықты 1 сағат 40 минутта жүгіріп өту бойынша үздік нәтиже көрсетті!

КГНТ қызметкерлердің салауатты өмір салтына және спорттық іс-шараларға қатысуға деген ұмтылысын әрқашан көтермелеп отырады. Дәл сондықтан әрбір жүгіруші алғыс хатпен, сонымен қатар сыйлық сертификатымен марапатталды. Келесі марафон қыркүйек айында өтетін болады және әрине командамыз оған дайын. Ал сіз бізбен бірге жүгіресіз бе? Бізге қосылыңыз 😉

КГНТ КАЙДЗЕН жүйесін енгізуді белсенді жалғастырып келеді

Біздің Командамыз КГНТ компаниясында КАЙДЗЕН жүйесін енгізуді белсенді жалғастырып келеді. Соңғы екі күні қызметкерлеріміз “Процестерді Карталау” интенсивінде Компания мен бөлімдердің жобаларын және міндеттерін талқыға салды. КГНТ үшін бұл үздіксіз жақсартуға ұстанған жолдағы үшінші модуль болды. Көптеген құралдар берілді, солардың арқасында барлық процестерді картаның үстіне шығарып, құндылықтың қай жерде жасалып жатқанын айқын көруге және уақытты шығындайтын әрекеттерден құтылуға болады.

КГНТ бас офисінде Спорт күніне арналған флешмоб

6 сәуір күні Қазақстанда Спорт күні атап өтіледі. Осы салауатты өмір салтының мерекесін біз назарсыз қалдыра алмадық және КГНТ бас офисі үшін таңғы жаттығу-флешмоб ұйымдастырдық. Әріптестерімізге өнімді, белсенді жұмыс күніне сергектік қуатын сыйладық! Бізге қосылып, қолдау білдірген барлық әріптестерге рахмет айтамыз.

Бүкіл КГНТ ұжымының атынан жылы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар. Спортпен шұғылданыңыздар және дендеріңіз сау болсын!

Таңғы жаттығуларды дәстүрге айналдырамыз ба? 😉

Career Marathon 2022

КГНТ-ның есіктері жас мамандар үшін әрқашан ашық. Дәл сондықтан, дәстүр бойынша компаниямыз ҚБТУ ұйымдастырған жыл сайынғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің аясындағы «Career Marathon» іс-шарасына қатысты.

Тағылымдамадан өтуге, сонымен қатар жұмысқа орналасуға қызығушылық танытқан ҚБТУ-ның студенттері онлайн конференцияға қосылды, ол жерде қызметкерлеріміз біздің тату ұжымға жас мамандарды тарту үшін компанияның қызметі, сондай-ақ өзекті бос жұмыс орындары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ал біз еске саламыз, барлық өзекті бос жұмыс орындары біздің сайтта мансап бөлімінде берілген, сонымен қатар сіз өз түйіндемеңізді job@kgnt.kz поштасына жібере аласыз.

#KGNTDREAMTEAM  командасына қосыл 😉🌟

КГНТ Қызыл кілемшесі

Біздің сұлу ханымдарымыздың таңы осылайша өтті.

Жыл сайын біз ұжымымыздың әйелдер қауымын таңғалдыруға тырысамыз және биылғы жылы да біз барымызды салдық. Осы жылдың тақырыптамасы – «Қызыл кілемше».

Біз әрбір аруға өзін жұлдыз сезінуге мүмкіндік бердік. Және де әрбір жұлдызға тән болатын папарацциялар, табынушылар, жеке даңқ аллеясы және тіпті Голливудтың жұлдыздары болды 🌟

#КГНТ #KGNT #8марта #KGNTDREAMTEAM

2019 жылғы 25 желтоқсанда «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың бас офисінде тайм-менеджмент бойынша корпоративтік тренинг өтті.

2019 жылғы 25 желтоқсанда «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың бас офисінде тайм-менеджмент бойынша корпоративтік тренинг өтті. Әлемде ең танымал бизнес-тренер Глеб Архангельскийдің ықыласты жетекшілігімен біздің әріптестер уақытты басқару шеберлігін меңгерді.
Тренинг аясында «жұмыстық-жеке» теңгерімі, мақсатты тұжырымдау, сандық көмекшілер, құнды секундтар мен минуттарды барынша тиімді бөлу мүмкіндіктері сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Оқу іс-шарасы аяқталған соң Глеб қызметкерлер үшін естелік тілектері мен қолтаңбасын қуана қалдырды, ал оған КГНТ командасының атынан керемет күн туралы естелікке сыйлық табысталды.

“КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС” ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ” ЖШС IPMA Delta® моделі бойынша компанияны халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті.

“КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС” ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ” ЖШС IPMA Delta® моделі бойынша компанияны халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті.

КГНТ әлемдегі «Басқарушы» жоғарғы IV құзыреттілік сыныбына сәйкестікті растаған азғана ұйымдардың бірі және IPMA Delta® V 4.0 жаңа стандарты бойынша IV құзыреттілік сыныбына ие әлемдегі бірінші және жалғыз сертификатталған ұйым болып табылады.

Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығы ұйымда стандарттардың, құрылым мен жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді басқару процестерінің болуын және олардың бүкіл ұйымда қолданылуын және басшылық тарапынан бақыланылуын белгілейтін сертификатты табыстады.

Бағалауды техникалық ғылымдар докторы, Украина ғылымдар академиясының, Нью-Йорк ғылымдар академиясының академигі, Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығының (IРМА) Директорлар кеңесінің мүшесі, IPMA Delta халықаралық асессорлар тобының жетекшісі, жетекші асессор – Бушуев Сергей Дмитриевич (Украина) және экономикалық ғылымдар кандидаты, IPMA (A), MBA, IPMA Delta асессоры – Мурзабекова Светлана Викторовна (Қазақстан) жүзеге асырды. Бағалауға сонымен қатар Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығының директоры, э.ғ.к., доцент, IPMA жоба менеджері – Хусаинова Майра Хабижановна (Қазақстан) және ҚЖБҚ сертификаттау орталығының басшысы Сайдуллаев Рахматулло (Қазақстан) қатысты.

Жобаны басқару құзыреттілігінің сыныбын халықаралық бағалау және ұйымды IPMA Delta® моделі бойынша сертификаттау – ұйымның халықаралық стандарттарға және үздік тәжірибелерге сәйкес жобаларды басқару бойынша нақты табыстылығы мен әлеуетті қабілетін тәуелсіз бағалау. Бұл бүкіл әлемде танылған менеджменттің және жобаларды, бағдарламалар мен жобалар портфелін басқару сапасының жоғары деңгейі. Сертификатталған ұйымдар бірыңғай халықаралық тізілімге енгізіледі. IPMA Delta® сертификаты әлемнің 70-тен астам елдерінде танылады.