Белсенді өмір салты – бұл физикалық денсаулық пен психологиялық саулықтың ажырамас бөлігі, сондықтан КГНТ өз қызметкерлерінің спортпен айналысуын және белсенді демалысты ұстануын, сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі корпоративті спорттық шараларды өткізуін қолдайды. 29 шілде күні КГНТ компаниясының бас офисіндегі спорт залында қызметкерлер арасындағы кезекті Спартакиада өтті. Спорт жарысындағы бірнеше спорт түрлері – біздің әріптестеріміздің арасында бірнеше жылдан бергі танымалдыққа ие болып келеді, осы жылы да шетте қалмады. Осы жылғы жарысқа 15 қызметкер қатысты. Біздің қатысушыларымызды әріптестері қолдауға келді.
КГНТ 2022 спартакиадасының қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жеңімпаздарымыз:
1 Тетерин Альберт және Иванов Евгений
2 Уваров Евгений
3 Мухамедьяров Сакен
Қыздар арасындағы жүлделі орынға ие болғандар:
1 Балкибекова Айнур
2 Ербатырова Юлия
3 Садыкова Айнаш
Жеңімпаздар грамоталарымен марапатталды, сонымен қатар спорт залына абонементтер және спорт тауарлары дүкенінің сыйлық сертификаттары табысталды. Спорттық іс-шараның басқа қатысушылары да салауатты өмір салтын ұстану және біздің қызметкерлердің топтық рухын қолдағаны үшін алғыс хаттарымен марапатталды.