Рапид чемпионы

Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз!
Кеше, 29 наурыз күні, Алматы қаласында Қазақстан Республикасының рапид бойынша чемпионаты өткен болатын (жылдам шахмат), 17-18 жас категориясында Абзал Амирали чемпион атанды, ол біздің материалдық қамтамасыз ету жөніндегі маман Жумашев Арманның баласы және бизнесті дамыту жөніндегі менеджер Раушан Рахматуллинаның жиені, А.Амиралидің жеңісімен құттықтаймыз! Сіздермен бірге туыстарыңыз бен жақындарыңыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз!

Наурыз

Көктем мен жаңарудың мерекесі – Наурызға арналған шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Наурыз Мейрамының тарихы өте терең, бұл мейрам қашан да көп ұлтты Қазақстан халқының бірлік, ынтымақтастық, достық, жаңару мен келісімінің нышаны болып табылады.
Көктем жылулық сыйлап, ал Наурыз әрбір шаңыраққа отбасылық игілік, бақыт пен өркендеу алып келсін!

Наурыз мейрамын тойлау және «Түркі халықтарының тағамы» тақырыбындағы байқау

Компаниямыздың әртүрлі ұлт өкілдерін бір ұжымға жинаған жанұя екендігін мақтан тұтамыз.
Бүгін КГНТ-ның бас офисінде Наурыз мейрамы тойланды, мейрамға қызметкерлер ұлттық киімдермен келді.
Сондай-ақ «Түркі халықтарының тағамы» тақырыбындағы байқау ұйымдастырылды, онда:
1 орын: Евгений Иванов
2 орын: Марина Пермякова
3 орын: Ирина Морозова жеңімпаз атанды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз, қазылар алқасы дайындалған тағамдарды дәміне, түріне және ұсынылуына қарай қатаң түрде бағалады.
Қызметкерлерге арнайы ұйымдастырылған түскі ас үшін компания басшылығына алғыс айтамыз!

Қалалық жастар және әйелдер кәсіпкерлігі форумы

14 наурыз күні Қазақстан-Британ Техникалық университетінде AlmaLeaders қалалық жастар және әйелдер кәсіпкерлігі форумы өтті, онда КГНТ-ның Бас директоры Александра Бекишева сөз сөйледі. Форумның негізгі мақсаты мен тапсырмасы – табысты әйел-көшбасшыларын мысалға ала отырып, Қазақстанның жастарын жігерлендіру.
Александра Маратовна өзінің табысқа жету тарихымен бөлісіп, Қазақстан жастарының өз күшіне сеніп, алға нық қадам жасауларын тіледі. КГНТ компаниясы жас мамандарға қуана есік ашып, мансап жолына келулерін қуана қолдайды!

Көрісу күні

Көктем мен жаңарудың шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Көрісу мерекесі құтты болсын! Ежелден бері бұл күні адамдар бірін-бірі көктемнің басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп және үлкендерге құрмет көрсету қалыптасқан! Жыл бақытқа және игілікке толы болсын!

Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлерінің күні

11 Наурыз Қазақстан Республикасында жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлерінің күні атап өтіледі.
Ең жылы лебіздерімізді қабыл алыңыздар! Сіздердің арқаларыңызда топографиялық карталар жаңарып, объектілерді жоспарлауға арналған геодезиялық жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіби еңбектеріңіз бен Компанияның дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!

Халықаралық әйелдер күні

Құрметті нәзік жандылар!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Келер күн езуіңізге күлкі, жылулық, жылы лебіздер сыйласын, ал үйіңіз бақытқа, үйлесімге және игілікке толы болсын!

КГНТ ерлер қауымының құттықтаулары

Жыл сайын Компанияның ерлер қауымы аруларымызға 8 Наурызға арналған мерекелік құттықтау дайындайды.
Дайындық іс-шараға дейін біраз уақыт бұрын басталып, нәтижесінде аруларымыз жағымды әсерге ие болады.
КГНТ арулары таңертеңнен бастап мерекелік көңіл-күймен қуаттанды, онымен қоса оларға сыйлықтар мен гүлдер сыйға тартылды.
КГНТ-ның ерлер қауымына Компанияның аруларына арнаған қамқорлықтары мен көңілдері үшін алғыс айтамыз!

Семинар: ҚР-да құрылыс құнын анықтау

КГНТ қызметкерлердің біліктілік деңгейі туралы қамқорлық жасай отырып, оларды семинарлар мен оқыту курстарына жібереді, ол міндетті түрде біздің жобаларды іске асыру кезіндегі жұмыс процесіне әсер етеді.
21-22 ақпан күндері біздің қызметкерлеріміз, Антошевская Марина мен Солтанаева Анастасия «Нормативтік құжаттардағы өзгертулерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы 2023 жылғы құрылыс құнын анықтау» тақырыбында семинардан өтті және алған білімдерін жұмыста сәтті қолодана алады.