2024

9 мамыр – Жеңіс Күні

9 мамыр – ерлікті, отаншылдықты, бейбітшілік пен бірлікті дәріптейтін жарқын мереке. Соғыс алаңдары мен еңбек майданындағы ерліктің айбындылығы халықтың жадынан ешқашан өшпейді. Ұлы Отан соғысынындағы Жеңістің 79-жылдығы қарсаңында «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС ұжымының өкілдері қаза тапқан Отан қорғаушыларды, ардагерлерді құрметпен еске алып, 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалы алдындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.