Ұлы мереке Жеңіс күні қарсаңында КГНТ бас директоры компанияның мамандарымен бірлесіп «Жақсылық сыйла» қайырымдылық акциясының аясында барлық сақтық шараларын сақтай отырып, Ұлы Отан соғысының 7 ардагері үшін бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерін сатып алу мен табыс етуді ұйымдастырды. Сонымен қатар ҰОС ардагерлеріне арнап КГНТ қызметкерлері балаларының қатысуымен бейне жолдау түсірілді.
Компанияның бүкіл ұжымының атынан барлық ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Барлық адамдар үшін қасиетті бүгінгі мерекеде Сіздерге және Сіздердің туыстарыңызға ашық аспан, мықты денсаулық, аман-саулық тілейміз, жақындарыңыздың жылулығына, ілтипатына, мейірімділігі мен сүйіспеншілігіне бөленіп жүре беріңіздер!