2020

КГНТ бас директорының жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженер Сартаев Салахеденнің инженерлік және жобалау қызметіне 50 жыл толып жатыр

2020 жылғы қыркүйек айында КГНТ бас директорының жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженер Сартаев Салахеденнің инженерлік және жобалау қызметіне 50 жыл толып жатыр.

Өз мансабын 1970 жылдан бастап Красноярск өлкесінің Норильск қаласындағы үш ірі металлургиялық зауыты бар және Норильск өнеркәсіптіп өңірінің барлық объектілерін жобалаумен айналысатын «Норильскпроект» жобалау-конструкторлық институтында инженер ретінде бастай отырып, жобалау өндірісінде жобалау мен ұйымдастыруда инженерлік және басшы лауазымдарының барлық дәрежелерін лайықты түрде өтіп, Сартаев Салахеден Қазақстан Республикасында және бірқатар басқа елдерде ондаған маңызды жобаларды іске асыруға белсенді қатысып келді. Сартаев Салахеден ҚР және Орталық Азия республикаларының өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелеріндегі жобалау жұмыстарына жауап берді, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесін басқарды, ҚР және Орталық Азия республикалары әуежайларының барлық жерүсті құрылыстарын жобалаумен айналысты. Сонымен қатар, ол ҚР астанасын көшірген соң Астана әуежайын қайта құру жобасын басқарды. С. Сартаевтың үлкен тәжірибесі мен білімдері КГНТ компаниясын Франция, Германия, Бельгия, АҚШ, Қытай инженерлік институттарымен үйлестіруге оң әсерін тигізді. КГНТ бас директорының жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженер лауазымында Сартаев С. «Атырау облысында Бірінші біріктірілген газ-химиялық кешенді салу. Екінші фаза (Полиэтиленді өндіру)» және «Атырау облысында Бірінші біріктірілген газ-химиялық кешенді салу. Екінші фаза (Газ айырғыш қондырғыны және өнім құбыржолын орнату)» сияқты жобаларда және көптеген басқа жобаларда мұнай-газ өңдеу объектілерін жобалау процесіне тікелей басшылық етуді жүзеге асырды.

Сартаев С. Қазақстан Республикасындағы және алыс және таяу шет елдердегі мұнай-газ және энергетикалық кешендердің кәсіпқойлары арасында зор беделге ие, бұл жайды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» төсбелгісі сияқты наградалары куәландырады.

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС Сартаев Салахеденді мақтан тұтады. Ол өз әріптестерімен қуана бөлісіп отыратын оның бай тәжірибесі мен білімдері, оның тәлімгерлік кеңестері КГНТ компаниясының бүкіл ұжымын дамытуға әсерін тигізуде. Біз осындай кәсіби өмірлік тәжірибесі бар басшылардың КГНТ компаниясында жұмыс істейтіндігін мақтаныш етеміз!

КГНТ ұжымы Сартаев Салахеденді инженерлік және жобалау қызметінің 50 жылдығымен шын жүректен құттықтайды және мықты денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық жетістіктер, жеке өміріне бақ-береке мен бақыт тілейді!