Ағымдағы жылы 29 қарашада «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ құрған Ғылыми-техникалық кеңестің 1-ші отырысы өтті. Ғылыми-техникалық кеңестің тәуелсіз сараптамалық комиссиясына инженерия саласындағы жетекші ғалымдар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен жас мамандар, өндірістің ірі мамандары, «Атамекен» ҰКП-дан келген бизнес өкілдері, мемлекеттік қайраткерлер, Қазақстан Республикасының Мәжіліс және Парламент депутаттары кірді. КГНТ компаниясының атынан тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамына Инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор Тарасов Геннадий Александрович және жобаның бас инженері Шатов Евгений Иванович кірді.
ҒТК «Қалдықтарды басқару», «Тұрақты энергоресурстар», «Тұрақты қала (жасыл инфрақұрылым)», «Тұрақты ауыл шаруашылығы», «Экология, қоршаған ортаны қорғау» бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады. ҒТК ұсынылатын осы немесе өзге технологиялардың тиімділігін, олардың жергілікті жағдайларға бейімділігін және т.б. бағалайды.
IGTIC – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ 2018 жылдың сәуір айында тұңғыш президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен АСТАНА ЭКСПО-2017 көрмесінің ғылыми және технологиялық мұрасын жалғастыру және дамыту үшін құрылды.
Ағымдағы жылы 29 қарашада Ғылыми-техникалық кеңестің 1-ші отырысы өтті

30
Қар