ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР!

ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР! 🏆
КГНТ-да табыс күнделіктің жұмыстың, жауапкершілік пен дамуға деген ұмтылыстың нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан ай сайын біз нәтижелерімен, бастамашылдығымен және кәсіби тәсілдемесімен бүкіл команда үшін үлгі болып жүрген әріптестерімізді атап өтеміз.
Сәуір және мамыр айларының қорытындылары бойынша марапатталғандар:
🏆 Ақпараттық технологиялар бөлімі — мамыр айында 6С жүйесінің қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңістігі.
🏆 Сатып алу және әкімшілік ету бөлімі — сәуір айында 6С жүйесі бойынша жұмыс кеңістігін ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін.
⭐ Иванов Евгений мен Сарина Лаззат — сәуір және мамыр айларында 6С жүйесі бойынша жұмыс орнын үлгілі ұйымдастыру үшін.
Сонымен қатар БМЖ бағдарламасының шеңберінде компанияны дамытуға қомақты үлес қосқан қызметкерлер атап өтілді:
🖼️ Баженова Наталья мен Нурлан Адамбаев — сәуір және мамыр айларындағы үздік прогресс-карталар мен жұмыс процестерін жетілдіруге белсенді бастамашылдық танытқаны үшін.
Әрбір осындай жетістік — бұл КГНТ-ны дамытуға үлес қосу, тиімділікті арттыру және корпоративтік мәдениетімізді нығайту.
Бірге біз мықты команданы қалыптастырамыз және жаңа жетістіктерге сенімді қадам басып келеміз! 💙

KGNT компаниясы WorleyParsons Kazakhstan басшылығын қабылдады

KGNT компаниясы WorleyParsons Kazakhstan басшылығын қабылдады
KGNT инжиниринг компаниясы ұйымдар арасындағы берік көпжылдық серіктестік қарым-қатынастарды растай отырып, WorleyParsons Kazakhstan компаниясының басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді және Қазақстанның энергетикалық секторындағы стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Делегацияны KGNT Бас директоры Александра Бекишева қарсы алды. Кездесу барысында тараптар серіктестікті нығайту, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту және Қазақстан аумағында ірі энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады.
WorleyParsons Kazakhstan делегациясын «WorleyParsons Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Акшай Савант басқарды.
Кездесу шеңберінде қонақтар KGNT қызметімен танысты, компанияның офисін аралап шықты. Оларға жұмыстың негізгі бағыттары, жобаларды жүзеге асыру амалдары, корпоративтік мәдениет, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі мен компанияның кәсіби стандарттары ұсынылды. Боалашақта өзара әрекет ету перспективаларына, бірлескен бизнес-мүмкіндіктерді дамытуға және Қазақстанның мұнай-газ, мұнай химиясы және энергетикалық салалары бойынша жобалардағы ынтымақтастықты кеңейтуға айрықша көңіл бөлінді.
Бүгінде KGNT көпжылдық халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып және саладағы жетекші операторлар — North Caspian Operating Company (NCOC), Tengizchevroil (TCO) және Karachaganak Petroleum Operating (KPO) компанияларымен ынтымақтаса отырып, жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Халықаралық серіктестермен ұзақ мерзімді өзара әрекет ету кәсіби сараптамамен алмасуға, үздік әлемдік инженерлік тәжірибелерді ендіруге және жобаларды басқаруда заманауи тәсілдемелерді пайдалануға ықпалын тигізеді.
Кездесудің қорытындылары бойынша тараптар жаңа ортақ жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен ұзақ мерзімді құныдылықтарды қалыптастыруға өзара қызығушылығын растады.
Кездесуді аяқтай отырып, WorleyParsons Kazakhstan өкілдері KGNT-дағы жұмысты ұйымдастыру деңгейінің жоғары болуын, дамыған корпоративтік мәдениетті, қызметкерлердің кәсіпқойлығын және компанияның қауіпсіздік мәселелеріне бейілділігінің әрдайым жоғары деңгейін ерекше бағалады.
Осындай кездесулер сенімге, кәсіпқойлық пен жалпы құндылықтарға негізделген тұрақты серіктестіктің ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асыру және Қазақстанның энергетикалық саласын одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылатындығын растайды.
KGNT болашаққа сеніммен қарайды және халықаралық серіктестікті дамыту нәтижесінде жаңа мүмкіндіктерді ашатын WorleyParsons Kazakhstan компаниясымен алдағы жемісті ынтымақтастыққа сенеді.

Ақпараттық орталықтың жаңалықтары

Достар, компаниямызда дамудың және тәжірибе алмасудың қалайша бағаланатындығын білесіздер ғой? Сондықтан ай сайын Zoom бағдарламасында біз «Оқығаныңмен бөліс» атты сүйікті іс-шарамызды өткізіп жүреміз. Бұл біз күшті кітаптарды талқылай, түйген оймен бөлісе алатын кеңістік.
Бірақ біздің кітап клубымыздың тағы бір керемет дәстүрі бар. Жиі жағдайларда спикерлер кітап туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар оны сыйға тартады! 🎁
Осы ай да қалыптасқан дәстүрді жалғастырды. Спикеріміз Ирина эфирде бөліскен кітабын тікелей Ақпараттық орталықтың (АО) қорына сыйға тартты! Енді осы құнды жаңа туынды кітапханамыздың сөресін толықтырды.

“How I Started My Journey in Oil and Gas Engineering Sphere”

Компанияның қызметкерлері ҚБТУ студенттері үшін “How I Started My Journey in Oil and Gas Engineering Sphere” тақырыбына шақырылған спикер дәрісін өткізді ⚙️🎓
Кездесу барысында мамандарымыз өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті, мұнай-газ саласында жасаған алғашқы қадамдары, мансаптық жолдары, заманауи инженерияның сын-қатерлері мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Осындай дәрістер студенттерге кәсіптің қыр-сырларын неғұрлым жақсы түсінуге, жұмыс істеп жүрген сарапшылардан практикалық білім алуға және инженерлік салада дамуға шабыт алуға көмектеседі. Болашақ мамандар үшін бұл сұрақ қойып, нақты жобалар туралы білуге және теорияның тәжірибеде қалайша қолданылатындығын көруге керемет мүмкіндік.
Компания үшін білім беру бастамаларына қатысу — бұл болашақ инженерлер буынын дамытуға үлес қосу, жас дарындарды қолдау және білім беру мен индустрияның арасындағы байланысты нығайту.
ҚБТУ-ға шақырғандары мен керемет кездесу үшін алғыс білдіреміз! 🤝

Қазақстан мен Гонконг арасында экономикалық байланыстарды нығайту: KGNT «Атамекен» ҰКП-ның эксклюзивті бизнес-миссиясына қатысуда

2026 жылғы 2 маусым күні «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың (KGNT) жоғары басшылығы Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ritz-Carlton Astana қонақ үйінде ұйымдастырған жабық іскерлік кешке барып қайтты. Іс-шара Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы Басшысының Қазақстанға ресми сапарының шеңберінде өтті.

Кеш ең ірі компаниялар мен қаржы институттарының өкілдерін біріктірген жоғары деңгейлі Гонконгтан Қазақстанға бизнес-миссиясының шеңберінде өтті. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серик Жумангаринмен Өзара түсіністiк туралы меморандумға қол қою сапардың негізгі нәтижесіне айналды, бұл Қазақстан мен Гонконг арасындағы экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпалын тигізеді.

KGNT «Атамекен» ҰКП-ның қызметіне толық қолдау көрсетеді және шетелдік инвестицияларды тартуға және халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын екендігін растайды.

Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Бүгін КГНТ-да Балаларды қорғау күніне арналған жарқын әрі көңілді мереке өтті!

Көп жылдар бұрын компаниямызда қызметкерлеріміздің балаларын КГНТ-ға қонаққа шақыру дәстүрі пайда болды. Және бүгін балалар үшін кәсіптер, жобалар мен инженерлік шешімдер әлеміне есік аша отырып, осы дәстүрді қуана жалғастырудамыз.

Ата-аналар өздерінің жұмыс міндеттерін орындап жатқан кезде, біздің үйлестірушілеріміз — күні бойы балалармен бірге жүрген компанияның қызметкерлері, — осы күнді қызықты, танымдық әрі көңілді етуге көмектесті.
Балалар үшін офисте экскурсия өткізілді, мұнда олар өздерінің аналары мен әкелері қайда және қалай жұмыс істейтіндігін көре алды, сонымен қатар компания қызметінің әртүрлі бағыттарымен танысты.

Күні бойы күлкілер, сұрақтар, таңдану мен шынайы қызығушылық мол болды ✨
Мерекенің аяғында әрбір бала сыйлық пен естелік грамотаға ие болды — бұл оқиғаға толы және ұмытылмас күннің керемет соңы болды!
Осы күн балалық шақ, қамқорлық және КГНТ-дағы жылы отбасылық атмосфера мерекесіне айналды.