ҚБТУ-дағы шақырылған спикер дәрісі

ҚБТУ-да өткен Халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде әріптесіміз, КГНТ-ның жетекші инженер-технологы және осы ЖОО-ның түлегі Зарема Ибрагимова, студенттер үшін шақырылған спикердің дәрісін өткізіп қайтты. 👩‍🏫
Зарема студенттік кезеңнен бастап жетекші маман лауазымына дейін жүріп өткен жолы туралы шынайы айтып берді: 🔹 Болжам vs Ақиқат: түлекті нақты өндірісте не күтіп тұр. 🔹 Қиындықтарды еңсеру: жоғары жауапкершілікті қалайша көтеріп, күрделі техникалық тапсырмаларды қалай орындап жүруге болады.
🔹 КГНТ-ның артықшылықтары: тәлімгерлік, жаһандық жобалармен жұмыс істеу және оқиғаға толы корпоративтік өмір.
КГНТ үшін жас мамандарды қолдау және ЖОО-лармен байланыста болу — Қазақстанның бүкіл инженериясының болашағына үлес қосу. Жаңа ұрпаққа шабыт беретін сарапшыларымызды мақтан тұтамыз! 🚀