КГНТ —«ҚАЗМҰНАЙГАЗСЕРВИС-2026»! конференциясының Алтын серіктесі

КГНТ —«ҚАЗМҰНАЙГАЗСЕРВИС-2026»!
конференциясының Алтын серіктесі
3 сәуір күні Астана қаласында саланың ең басты оқиғаларының бірі — мұнай-газ құрылысы және инжиниринг бойынша XIII жыл сайынғы конференция үлкен дәрежеде өтті. Компаниямыз, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС Қазақстанның энергетикалық секторының болашағына инвестициялауға дайын болуын тағы да растай отырып, алаңның Алтын серіктесі ретінде қатысты. Сонымен қатар Конференцияға компаниямыздың атынан Бас директор Бекишева А.М., Бас директордың стратегиялық дамыту жөніндегі орынбасары Куинтин Голди және Бизнесті дамыту жөніндегі бас менеджер Әндіжан Ж.Б. қатысып қайтты.
Биылғы жылы форумның ұйымдастырушысы, «KazService» мұнай-сервистік компаниялар одағы өзінің 15 жылдығын тойлап жатыр. Мерейтойлық кездесу ауқымды болды:
1. 500-ден астам қатысушы және 200-ден астам компания;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деңгейінде қолдау;
3. Дүниежүзілік алыптар (Shell, Eni, Petrofac) мен негізгі операторлардың (Теңізшевройл, NCOC, Karachaganak Petroleum Operating) қатысуы;
4. Жоғары дипломатиялық қонақтар — Италия, Түркия және БАӘ елшілерінің, сонымен қатар танылған салалық сарапшылар мен ардагерлердің қатысуы.
Талқылаулар жаңа инжинирингтік жобалар мен құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталды. Форум трендтерді талқылап қана қоймай, сонымен қатар нәтижелі B2B-кездесулерді өткізу үшін керемет мүмкіндікке айналды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан вице-министр Акбаров Ерланның «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың Бас директоры Бекишева Александра Маратовнаны «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттауы конференцияның айтулы сәтіне айналды. Осындай жоғары марапат көпжылдық кәсіпқойлық пен компанияның отандық мұнай-газ саласын дамытуға қосып жүрген зор үлесін мойындау болып табылады.
Қатысушыларға құрмет білдіру және салалық естелікті сақтау дәстүрін жалғастыру ретінде компания конференцияның негізгі спикерлеріне КГНТ-ның жарты ғасырлық тарихы мен жетістіктеріне арналған басылым – КГНТ-ның 50 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық кітапты табыстады.
КГНТ үшін осындай мәртебелі бастамаларға қатысу — тек абырой ғана емес, сонымен қатар жаһандық стратегия болып табылады. Біз жаңа іскерлік байланыстар үшін ашықпыз және еліміздің бүкіл мұнай-газ индустриясын тұрақты дамыту үшін берік серіктестік қарым-қатынас орнатуды жалғастырамыз.