Тәжірибе алмасу және серіктестікті дамыту
4 ақпан күні Атырау қаласында КГНТ өкілі — Гульнур Жумабай —Petrocouncil компаниясы Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) топ-менеджментінің қолдауымен ұйымдастырған petrocouncil салалық іс-шарасына қатысып қайтты. Кездесу операторлар мен мұнай-газ саласындағы мердігерлер арасындағы кәсіби диалог үшін маңызды алаңға айналды.
Іс-шараның және кейінгі кездесулердің аясында КГНТ сонымен қатар компанияның 50 жылдығына арналған және өзінің тарихы, негізгі даму кезеңдері және оның Қазақстанның алғашқы әрі жетекші жобалау және инжинирингтік институттарының бірі ретіндегі рөлі туралы баяндайтын кітапты ұсынды.
КГНТ-ның мерейтойлық кітаптары төмендегі тұлғаларға табысталды:
• Джанкарло Рую, НКОК Басқарушы директоры;
• Рзабек Артыгалиев, Мұнай-газ Кеңесі Төралқасының төрағасы;
• Стивен Коннер, ТШО Өндіріс жөніндегі бас менеджері;
• Куанышкерей Мухтаров, ТШО Бас директорының орынбасары.
Мұндай кездесулер — серіктестерге құрмет көрсетіп қана қоймай, КГНТ-ның жүріп өткен жолы, біздің сараптамамыз және ұлттық инжинирингті дамытуға қосқан үлесіміз туралы айтып беру үшін керемет мүмкіндік. КГНТ саланың негізгі қатысушыларымен кәсіби байланыс пен ашық диалогты нығайта түсуде.