КГНТ: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен серіктестікте отандық Инжинирингті дамытудың жаңа кезеңі

КГНТ: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен серіктестікте отандық Инжинирингті дамытудың жаңа кезеңі
Астанада “ҚазМұнайГаз” ҰК ” АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың еліміздің жетекші жобалау ұйымдарының басшыларымен кездесуі өтті. КГНТ компаниясы қазақстандық инжинирингтің флагмандарының бірі ретінде саланың болашағын талқылауға белсенді қатысты.
Кездесудің негізгі лейтмотиві шетелдік сызбаларды қарапайым бейімдеуден жобалаудың негізгі кезеңдеріне отандық мамандардың толыққанды қатысуына көшу болды.
КГНТ үшін бұл даму векторы компанияның ішкі стратегиясымен сәйкес келеді. Бізде жобаларды сүйемелдеу үшін ғана емес, FEED (негізгі жобалау) және Detailed Engineering (жұмыс дизайны) кезеңдерінде олардың негізгі әзірлеушілері ретінде әрекет ету үшін қажетті тәжірибе мен техникалық база бар.

Неліктен бұл нарық пен КГНТ үшін маңызды?

ҚМГ бастамасымен қазақстандық компаниялардың рөлін күшейту біздің алдымызда жаңа көкжиектер ашады:
1) құзыреттерді арттыру: Күрделі технологиялық жобаларға тікелей қатысу біздің инженерлерге әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
2) ұзақ мерзімді жоспарлау: ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау персоналды оқытуға және заманауи бағдарламалық жасақтамаға инвестиция салуға мүмкіндік береді.
3) Ел үшін тиімділік: өңірдің жергілікті нормаларын, стандарттары мен ерекшеліктерін терең білуді пайдалану ҚМГ жобаларын неғұрлым тиімді іске асыруға кепілдік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша мұнай-газ объектілерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қазақстандық инженерлердің қатысуын кеңейту туралы мәселелер талқыланды/көтерілді. КГНТ жобалық шешімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға үлес қоса отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның сенімді серіктесі болуға өзінің дайындығын растайды.

КГНТ жергілікті қамту жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты

2026 жылғы 15 қаңтар күні Астана қаласында KazEnergy Қауымдастығының алаңында мұнай-газ химиясы жобаларындағы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, оған КГНТ инжиниринг компаниясы отандық инжинирингтің өкілі ретінде белсенді қатысып қайтты.

Отырыстың шеңберінде КГНТ қазақстандық инжинирингтік компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды ірі мұнай-газ химиясы жобаларының іске асырылуына, соның ішінде инжиниринг, жабдықтарды жеткізу және құрылысты сүйемелдеу кезеңдеріне жүйелі тарту маңыздылығын атап өтті. Жергілікті қамтудың үлесін арттыру мен ел ішінде жеткізудің тұрақты тізбегін қалыптастыру бойынша тәжірибелік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Атырау облысында полиэтилен өндіру бойынша зауытты және газ сепарациялық кешенді салу жобалары талқылаудың негізгі тақырыптары болды. Қатысушылардың пікірінше қазақстандық компаниялардың осы жобаларға қатысуын, соның ішінде инжинирингтік қызметтер мен аса маңызды жабдықтарды оқшаулау бөлігінде қатысуын кеңейту үшін зор әлеует бар.

Отырысқа бейінді мемлекеттік органдардың, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен талдау орталықтарының өкілдері, сонымен қатар Tecnicas Reunidas және Tecnimont сияқты халықаралық EPC-мердігерлер қатысты. Шетелдік бас мердігерлермен жүргізілген диалог қазақстандық компанияларды халықаралық EPC-тізбектеріне интеграциялау мүмкіншілігін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді.

Кездесудің қорытындылары бойынша ұсыныстар, соның ішінде мұнай-газ химиясы саласы үшін негізгі тауарлар мен қызметтердің өндірілуін оқшаулауға бағытталған КГНТ ұсынған бастамалар қарастырылды, сондай-ақ ауқымды инвестициялық жобалардағы жергілікті қамтудың үлесін арттыруға кедергі келтіретін негізгі тосқауылдар мен шектеулер белгіленді.

«КГНТ» ИК» ЖШС Мұнай-газ химиясындағы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс тобына кірді

«КГНТ» ИК» ЖШС Мұнай-газ химиясындағы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс тобына кірді

Қазақстанның ірі мұнай-газ химиясы жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыру маңыздылығы мемлекет пен бизнес үшін басымдық болып келеді. Тиімді диалог жүргізу үшін мемлекеттік органдардың басшыларынан, квазимемлекеттік сектор мен саладағы жетекші компаниялардың өкілдерінен тұратын Жұмыс тобы құрылды.

Жарты жылдық талқылаудан кейін ҚР Энергетика министрлігінің шешімі бойынша 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап компаниямыз ресми түрде Жұмыс тобының мүшесі болып табылады.

Жылына екі рет вице-министрдің төрағалығымен еліміздің мұнай сервистік жобаларына отандық қатысуды дамыту бойынша негізгі шешімдер қабылданатын отырыстар өткізіледі.

КГНТ үшін бұл мемлекетпен ынтымақтастық құрудың жаңа кезеңі және жергілікті қамту деңгейін арттыруға және қазақстандық мұнай-газ химиясын дамытуға белсенді түрде ықпал ету мүмкіндігі.