«Құрмет» орденін табыстау

Кәсібилік пен саланың дамуына қосқан үлестің жоғары бағалануы

КГНТ Бас директоры Александра Бекишева Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл награда мемлекет алдындағы елеулі еңбегі, жоғары кәсібилігі және тиісті саланың дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

«Бұл марапаттың табысталуы мен үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ мен бұл марапаттың артында біздің жүздеген қызметкеріміздің — күн сайын өз еңбегімен KGNT-ны қалыптастырып жүрген адамдардың есімі тұрғанын анық білемін.

Бұл марапаттың артында мыңдаған сағаттық еңбек, күрделі міндеттер, ауқымды жобалар, жеңістер және компаниямыздың үлкен тарихын қалыптастыратын күнделікті шағын жетістіктер бар.

Бұл марапат — бәріміз туралы. Біздің командамыз, күшіміз және бір-бірімізге деген сеніміміз туралы . Әрқайсыңызға сенемін.
KGNT-ға сенемін ✨

Құрметпен және сүйіспеншілікпен,
Александра Бекишева

P.S.
Алда — жаңа міндеттер, жобалар мен мақсаттар.

Алда KGNT тарихының жаңа беттері бар. Оларды біз бірге жазуды жалғастырамыз».

Нечаев Анатолий Петрович атындағы инженерлік кітапхана

Нечаев Анатолий Петрович атындағы инженерлік кітапхана
КГНТ-да ерекше кітапхана пайда болды — Анатолий Петрович Нечаевтың кәсіби әдебиеттерден құралған құнды кітаптар топтамасын оның жұбайы компанияға сыйға тартты.
Анатолий Петрович өмірден өткеннен кейін де оның кәсіби білімі мен тәжірибесі осы кітаптар арқылы өз жалғасын табуда.
Бұл — кәсіби мұраның бір бөлігі, адам туралы естелікті сақтап, жинақталған білімді инженерлік ой-пікірді дамытуға, жас мамандарды қолдауға және жобалау дәстүрлерін сақтауға бағытталған мүмкіндік.
Оның кәсіби жолында серік болған бұл кітаптар алдағы уақытта да өз пайдасын тигізіп, шешімдер табуға көмектесіп және жаңа идеяларға шабыт беріп, болашақтың жобаларын жасауға жол ашсын.
«Білім бөліскен сайын еселене түседі».

Инжинирингтік компаниялар кеңесінің отырысы

Іс-шараның шеңберінде «КГНТ» ИК» ЖШС-тың Бас директоры Александра Бекишева отандық инжинирингті дамытудың стратегиялық маңызы мен оның Қазақстанның экономикасындағы рөлі туралы баяндама жасады. Бүгінде еліміз мұнай-газ, энергетика, тау-кен, мұнай-химия және инфрақұрылым салаларында ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар инженерлік жобалау кезеңінде негізгі технологиялық шешімдер, жобаның құны мен оның болашақтағы тиімділігі айқындалады. Өз сөзінде Александра Қазақстанда өзіндік инженерлік құзыреттерді қалыптастырудың – цифрлық инжинирингті дамытудың, AI ендірудің, білікті мамандар даярлау мен отандық компаниялардың ірі жобаларға қатысу үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті. КГНТ үшін отандық инжинирингті дамыту — бұл еліміздің технологиялық болашағына үлес қосу.

KGNT CORE сабағы: Құнды түпкі өнім

КГНТ-да компанияның көшбасшыларын дамыту бағдарламасының шеңберінде екінші сенбілік сабақ өтті. Кездесулер демалыс күні өтеді және қызметкерлер үшін кәсіби білімдерін кеңейту, тәжірибе алмасу және жұмыста жаңа тәсілдемелер табу үшін қосымша мүмкіндікке айналады. Тұрақты оқыту — заманауи компанияның дамуындағы маңызды процесс. Жаңа білім кәсіби дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс процестеріне жаңаша көзқараспен қарауға, неғұрлым салмақты шешімдер қабылдауға және команданың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қызметкерлерге жеке уақытын дамыту мен оқуға арнауға дайын болғаны үшін, ал компания басшылығына бастаманы қолдап, кәсіби өсу үшін мүмкіндік жасағаны үшін ерекше алғыс білдіреміз.

I жарты жылдықтың қорытындылары бойынша қызметкерлерді Таунхолда марапаттау

I жарты жылдықтың қорытындылары бойынша қызметкерлерді Таунхолда марапаттау
I жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Таунхолл өз үлесімен, бастамашылдығымен және жетістіктерімен компаниямызды одан да мықты ететін қызметкерлерді атап өту сәтіне айналды.
Іс-шараның шеңберінде әртүрлі номинациялар бойынша қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті:
Шілде айында сызбаларды шығару бойынша ТОП-10 қызметкерлер — жоғары нәтижелері мен кәсіби тиімділігі үшін.
Рефералдық бағдарламаның қатысушылары — бастамашылдығы мен мықты команданы қалыптастыруға қосқан үлесі үшін.
Маусым айындағы 6С жүйесі бойынша үздік жұмыс орны мен 6С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңістігі — тәртіпке, тиімділікке және корпоративтік стандарттарды сақтауға ерекше мән бергені үшін.
Tay Jarys марафонына 6 км қашықтықта және Summer Relay 2026 қалалық эстафетасына қатысушылар — спорттық рухы, командалық қолдауы және жаңа жетістіктерге ұмтылысы үшін.

Қызметкерлерді өміріндегі маңызды оқиғаларымен және айтулы кезеңдерімен жеке құттықтадық:
— компаниядағы 5 жылдық жұмысы үшін;
— Жас мамандар кеңесінің қатарына қосылғаны үшін;
— зейнетке шығуымен;
— баласының туылғанымен.
Әрбір марапат — бұл нақты үлеске, бастама мен жетістікке берілген лайықты баға. Ал бірге олар ең бастысы — адамдар КГНТ-ның негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін көрсетеді.
Марапатталған барлық қызметкерлерді құттықтаймыз! Жаңа мақсаттар, жарқын жетістіктер, кәсіби өсу мен жаңа жеңістерге жетелейтін жаңа мүмкіндіктер тілейміз! 💙

«ДЕРЕКТЕР АЙТА БЕРСІН»: БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША КГНТ ТАУНХОЛЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ

«ДЕРЕКТЕР АЙТА БЕРСІН»: БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША КГНТ ТАУНХОЛЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ

КГНТ-да 2026 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Таунхолл өтті — осы жолы «Айта берсін» әйгілі теледидарлық шоуының ерекше форматында болды.

КГНТ-ның Бас директоры Александра Бекишева шығарылымның бас жүргізушісі болды, үйреншікті студияның орнына — басты мәселелер: нәтижелер, жетістіктер, жобалар мен оларды күнделікті жасап шығаратын адамдар туралы сөз қозғалған кеңістік.

Студияға спикерлер —компанияның басшылары мен қызметкерлері шақырылды, олар өз нәтижелерімен бөлісті, бірінші жарты жылдықтың негізгі оқиғалары туралы айтып берді және жүргізушінің сұрақтарына жауап беріп отырды. Артық ресмиліксіз өткен еркін әңгімеде нақты деректер, маңызды көрсеткіштер, түрлі пікірлер мен компанияның өмірінен алынған шынайы оқиғалар қамтылды.

Шығарылымның ең әсерлі сәті – кәсіби жетістігі, бастамашылдығы және ортақ іске қосқан үлесі арқылы КГНТ-ның табысына зор үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі болды.

Бірінші жарты жылдық аяқталды. Қорытындылар шығарылды. Алайда ең қызықтысы — алда.

Деректер айта берсін. Ал нәтижелер — растайды.

ҚБТУ-дағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Мансап бірінші кездесуден басталады
КГНТ компаниясы Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) дипломдарын салтанатты табыстау рәсімінің шеңберінде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қайта қатысып қайтты.
Біз үшін осындай іс-шараларға қатысу керемет дәстүрге айналды. Жыл сайын біз студенттермен және түлектермен кездесеміз, инженер кәсібі, мансаптық өсу мүмкіндіктері, тағылымдамадан өту және кәсіптегі алғашқы қадамдар туралы айтып береміз. Бұл жүзбе-жүз танысу, сұрақтарға жауап беру және КГНТ-ның еңбек жолын бастап, мансапты сәтті дамытуға болатын орын екендігін көрсету үшін керемет мүмкіндік.
Биыл біз түлектермен ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарымен сұхбаттаса алдық. Олардың көбісі компанияның корпоративтік мәдениетіне, жұмыс жағдайларына және жас мамандарды кәсіби дамыту мүмкіндіктеріне қызығушылықтарын білдірді.
Осындай кездесулердің нақты нәтижелер беретіндігі ерекше қуантады. Өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен кейін командамызға ҚБТУ-дың екі түлегі қосылған болатын және қазір КГНТ-да табысты жұмыс істеуде. Сондықтан біз университетпен тығыз ынтымақтастығымызды жалғастырудамыз және осындай іс-шараларға әрдайым зор ықыласпен қатысамыз.
ҚБТУ-ға жәрмеңкені ұйымдастырғаны және жылы күтіп алғаны үшін алғыс білдіреміз. Түлектерге еңбек жолын сәтті бастау, қызықты жобалар мен кәсіби жеңістер тілейміз. Бәлкім, жуырда сіздермен КГНТ командасында кездесіп қалармыз! 💙

SUMMER RELAY 2026: КГНТ — командалық жеңістің ырғағында!

18 шілде күні КГНТ қызметкерлері Summer Relay 2026 — қозғалысты, өзара қолдау мен спорттық бәсекелестік рухын бағалайтын командалардың басын қосқан қалалық эстафетаға қатысып қайтты. Командамыз 5 × 2 км форматына қатысты, мұнда әрбір кезең — бұл сенен кейін қашықтықты жалғастыратын қатысушылардың алдындағы жауапкершілік.

Жарыстардың қорытындылары бойынша КГНТ командасы «Бизнес» санатында 17 орынға ие болды. Біз үшін бұл лайықты нәтиже және жұмыста болсын, спорттық трассада болсын бірге кез келген қиындықты жеңіп шыға алатынымызға көз жеткізу үшін тағы бір себеп.

КГНТ командасының қатарында болған:

 

Қатысушыларымызға сөреге шығу батылдығы, командадағы керемет жұмысы мен үздік нәтиже көрсетуге ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз.

Командаға қолдау көрсету үшін келген әріптестерімізге ерекше алғысымызды айтамыз.

Осындай іс-шаралар команданың тек жұмыс жобаларында ғана қалыптасып қоймайтындығын еске салады. Сөреден бірге бастау, ортақ эмоциялар мен өзара қолдау цифрмен өлшеуге келмейтін — сенімді, ұйымшылдықты және ілгері қарай бірге қозғалу ниетін нығайтады.

Осы спорттық кешке қатысқан барлық әріптестерге рақмет. Жаңа сөрелерде кездескенше!

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның NEXT LEVEL: Skills. Opportunities. Leadership атты Әйелдер энергетикалық клубының форумы

Әйелдер энергетикалық клубының форумы
КГНТ қызметкерлері «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның NEXT LEVEL: Skills. Opportunities. Leadership атты Әйелдер энергетикалық клубының форумына қатысып қайтты

Талқылаудың басты өзегінде – қазірдің өзінде еңбек нарығына әсер етіп жүрген өзгерістер: жаңа құзыреттерді дамыту, жасанды интеллектті, цифрлық технологияларды қолдану және кәсіби өсу негізі ретінде үздіксіз оқыту.
КГНТ үшін осындай салалық іс-шараларға қатысу – тәжірибе алмасу, үздік тәжірибелермен танысу және адамдарды, процестер мен корпоративтік мәдениетті дамытуға көмектесетін шешімдерді табу үшін керемет мүмкіндік.
Ұйымдастырушыларға ашық диалог жүргізу және тәжірибе алмасу үшін арналған кәсіби алаң үшін алғыс білдіреміз.