«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ-ның мерейтойы
📍«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС серіктестерді «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ-ның мерейтойымен құтттықтап, халықаралық конференцияға қатысып қайтты
«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ-ның мерейтойына арналған салтанатты іс-шарада компанияның атынан Донсков Сергей Эвенридович және «ҚМГИ» АҚ холдингісінің атынан Куангалиев Мурзабек Ахметович жылы лебіздерін білдірді. Олар компанияның Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті, ұзақ мерзімді серіктестіктің маңыздылығына ерекше көңіл аударды және жаңа технологиялық жетістіктер мен тұрақты даму жолында жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға деген сенімдерін білдірді.
🎤 2025 жылғы 19 қыркүйек күні Атырау қаласында өткен конференция саланың өзекті үрдістері мен перспективаларын талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Іс-шараның басты тақырыбы:
«Жобалау мен инженерлік шешімдердің болашағы: инновациялар мен тұрақты даму».
Панельдік сессиялардың аясында жетекші компаниялардың өкілдері, сарапшылар мен мамандар дамудың негізгі бағыттарын талқылады:
• 🔧 Инжиниринг және өнеркәсіптік объектілерді жобалау —инновацияларды ендіруден бастап процестерді цифрлық түрлендіруге дейін.
• 🌱 Экология және тұрақты даму — экологиялық стандарттарды жобалық шешімдерге интеграциялау және саланың тұрақты болашақты қалыптастырудағы рөлі.
• 🏗️ Инженерлік-геотехникалық іздестіру — іздестіру сапасы мен дәлдігі сенімді жобалау мен құрылыстың негізі ретінде.
• 💻 Цифрлық технологиялар мен қауіпсіздік — симуляциялар мен инновациялық цифрлық құралдарды мұнай-газ саласында пайдалану.
📌 KGNT компаниясының осындай маңызды оқиғаға қатысуы біздің инновацияларға деген бейілділігіміздің, жобалауға деген жауапты көзқарасымыздың және жетекші серіктестермен саланы бірлесіп дамытуға талпынысымыздың тағы бір дәлелі болды.