ESG конференциясы

КГНТ компаниясы тұрақты даму мәселелері бойынша Kursiv ESG Conference тәуелсіз конференциясына қатысып қайтты.
Бұл оқиға бизнес, сарапшылар мен мемлекеттік өкілдер арасында тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды.
Сессиялар тұрақты даму қағидаттарын ендіруге және корпоративтік ортада ESG-тәжірибелерін дамытуға арналды.
Компания ESG-есептілігін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілік пен әлеуметтік бастамалар бойынша заманауи тәсілдемелер туралы құнды білім ала алды.
Ішкі процестерді жетілдіру, ашықтықты арттыру және тұрақты даму мәдениетін нығайту үшін алынған идеяларды біз өз жұмысымызда қолдануды жоспарлап отырмыз.
КГНТ — жауапкершілік пен инновацияларға сүйене отырып құрылатын баянды болашақ үшін.

5С жеңімпаздары

Достар, әріптестерімізді – шілде және тамыз айларындағы жеңімпаздарды үлкен қуанышпен құттықтағымыз келеді! 🎉
5С жүйесі бойынша үздік жұмыс орнын Валентина Телегина мен Галина Божко ұйымдастырған — жарайсыңдар! 👏
Үздік жұмыс кеңістігі — командаларымыз: Персоналды басқару және корпоративтік мәдениет бөлімі, сонымен қатар Құжат айналымы және мұрағат бөлімі бола алды. Сіздер бізді шабыттандыратын жайлылық пен тәртіпті қалыптастырудасыздар! 💼✨
Сондай-ақ Шпарвассер Иринаға БМЖ-ны жақсарту бойынша үздік ұсынысы үшін үлкен рақмет айтамыз — мұндай үлес іс жүзінде бізді алға қарай жетелейді! 💡
Сіздің ұсақ-түйекке деген мұқияттылығыңыз бен жауапкершілігіңіз күн сайын компаниямызды неғұрлым жақсырақ етуде және бұл барлығымызды айтарлықтай ынталандырады! Бір-бірімізді әрі қарай қолдап, дами берейік және жаңа шыңдарға ұмтылып жүре берейік! Жұмыла отырып — біз күшпіз! 💪🚀

ВОЛОНТЕРЛІК АКЦИЯ

КГНТ компаниясы Жас Мамандар Кеңесінің қызметкерлері керемет волонтерлік акцияны өткізді! Олар қаражат жинауды ұйымдастырып, «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы үшін жылытқыштарды сатып алды. Қызметкерлеріміз орталыққа өздері барып, жылытқыштарды табыстады және орталықтың қызметкерлерінен құрмет грамотасын алып, шын жүректен айтылған алғыстарына бөленді. Бұл қолдауға мұқтаж жандар үшін жылы әрі жайлы атмосфераны жасауға қосқан маңызды үлес болып табылады. Біз командамыз бен қызметкерлеріміздің ақпейілділігін мақтан тұтамыз!

«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ-ның мерейтойы

📍«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС серіктестерді «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ-ның мерейтойымен құтттықтап, халықаралық конференцияға қатысып қайтты
«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ-ның мерейтойына арналған салтанатты іс-шарада компанияның атынан Донсков Сергей Эвенридович және «ҚМГИ» АҚ холдингісінің атынан Куангалиев Мурзабек Ахметович жылы лебіздерін білдірді. Олар компанияның Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті, ұзақ мерзімді серіктестіктің маңыздылығына ерекше көңіл аударды және жаңа технологиялық жетістіктер мен тұрақты даму жолында жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға деген сенімдерін білдірді.
🎤 2025 жылғы 19 қыркүйек күні Атырау қаласында өткен конференция саланың өзекті үрдістері мен перспективаларын талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Іс-шараның басты тақырыбы:
«Жобалау мен инженерлік шешімдердің болашағы: инновациялар мен тұрақты даму».
Панельдік сессиялардың аясында жетекші компаниялардың өкілдері, сарапшылар мен мамандар дамудың негізгі бағыттарын талқылады:
• 🔧 Инжиниринг және өнеркәсіптік объектілерді жобалау —инновацияларды ендіруден бастап процестерді цифрлық түрлендіруге дейін.
• 🌱 Экология және тұрақты даму — экологиялық стандарттарды жобалық шешімдерге интеграциялау және саланың тұрақты болашақты қалыптастырудағы рөлі.
• 🏗️ Инженерлік-геотехникалық іздестіру — іздестіру сапасы мен дәлдігі сенімді жобалау мен құрылыстың негізі ретінде.
• 💻 Цифрлық технологиялар мен қауіпсіздік — симуляциялар мен инновациялық цифрлық құралдарды мұнай-газ саласында пайдалану.
📌 KGNT компаниясының осындай маңызды оқиғаға қатысуы біздің инновацияларға деген бейілділігіміздің, жобалауға деген жауапты көзқарасымыздың және жетекші серіктестермен саланы бірлесіп дамытуға талпынысымыздың тағы бір дәлелі болды.

Energy Vibes 2.0

Energo University университетінде Energy Vibes 2.0 кездесуі өтті және оған компаниямыздың бас директоры Александра Бекишева қатысып қайтты. Бұл іс-шара саладағы өзекті үрдістерді талқылап, жас мамандардың маңызды сұрақтарына жауап беру үшін жетекші энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлерін және студенттерді жинады.
Іс-шараның ұйымдастырушысы, Supros компаниясы — университеттің серіктесі, студенттерге энергетика саласында ашылатын мүмкіндіктер мен олардың кәсіби өсу маңыздылығын көрсету мақсатын алдына қойды.
Кездесу тәжірибе алмасу және болашақ энергетиктер ұрпағын шабыттандыру үшін керемет алаңға айналды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысуы және қызықты прікірталас үшін алғысымызды білдіреміз!