ALMATY MARATHON 2025
KGNT RUNNING TEAM командасы Almaty Marathon 2025 трассасын бағындырды! Біз Ekiden (42 км) командалық эстафетасына қатысып, тамаша нәтиже көрсеттік – 109 командалар арасында 25-орынға ие болып, былтырғы нәтижемізді жақсарттық 💪🔥.
Бірақ біздің жетістіктеріміз мұнымен аяқталмайды! Біздің әріптестеріміз 10 шақырымдық жүгіру мен 10 шақырымдық скандинавиялық жүріс бойынша жарысқа қатысып, команданың күші табандылық, қолдау және бірлік екенін дәлелдеді.
🙏 Трассада команданы қолдауға келген әріптестерімізге жеке алғыс білдіреміз. Сіздердің энергияларыңыз, ду қол шапалақтарыңыз және қолдау сөздеріңіз әр шақырымға күш беріп, жарысты нағыз командалық мерекеге айналдырды!
Қатысушылардың әрқайсысы – күш-жігердің, төзімділіктің және командалық рухтың үлгісі болып табылады 🏅. Бұл марафон біз үшін жай ғана спорттық оқиға емес, жаңа мақсаттар мен жеңістерге тағы бір қадам болды. 🚀 👏 #KGNTRunning# AlmatyMarathon2025 #КомандаКүші