Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы КГНТ-да қонақта
🌟 Біз өмірді құтқарып қалуды үйрендік! 🌟
Бүгін біз керемет тәжірибемізбен қуана бөлісіп отырмыз —командамыздың қызметкерлері Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы ұйымдастырған алғашқы көмекті көрсету курсынан өтті!
Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы — Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық Қозғалысының бір бөлігі болып табылатын ең ірі гуманитарлық ұйым. Бұл тренинг бізге теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін іс жүзінде пысықтауға бірегей мүмкіндік берді.
Тәжірибелі нұсқаушы Роман Чуриловтың басшылығымен заманауи манекендерді пайдалана және дағдыларымызды бір-бірімізге қолдана отырып, әртүрлі жағдайларда алғашқы көмекті көрсетудің дұрыс әдістерін үйрендік. Бұл пайдалы әрі өте қызықты болды!
Біз алған біліміміз кәсіптік қызметте ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде бізге көмектеседі деген сенімдеміз. Өйткені алғашқы көмекті көрсете алу қабілеті өмірді құтқарып қалуы мүмкін.
Қызыл Жарты Ай қоғамына олардың маңызды жұмысы мен бізге неғұрлы даярланған және жауапты болуға мүмкіндік бергендері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Әлемді бірге қауіпсіз етейік! ❤️