ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Қарттар күніне орай КГНТ қызметкерлері колдауға айрықша мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін күштерін біріктірді. Компанияның қызметкерлері жиналған қаражатты Ұлы Отан соғысының ардагері мен «Шаңырақ» қарттар үйіне жіберді.
КГНТ Ұлы Отан соғысының ардагері Лидия Филипповнамен үнемі байланыста және қызметкерлеріміз оған жиі барып тұрады. Жақында КГНТ Жас мамандар кеңесі оған қажетті азық-түлік пен сыйлықтар апарып берді. Оның шынайы қуанышы мен алғысы біз үшін нағыз шабыт көзі болды.
Сонымен қатар біз «Шаңырақ» қарттар үйіне баруды ұйымдастырдық, қарттармен уақыт өткізіп, суық күндері жылу мен жайлылықты қамтамасыз ете отырып, оларға жылытқыштарды сыйладық. Олардың күлкісі мен ризашыл көздерін көру әрқайсысымыз үшін әсерлі және маңызды болды.
Осындай маңызды іске атсалысқан барлық қызметкерлерімізге шын жүректен алғысымызды айтамыз. Сіздердің қолдауларыңыз бізге аға буынға қамқорлық пен ілтипаттық атмосферасын жасауға, оны копоративтік мәдениетіміздің бір бөлігі етуге көмектеседі. Жұмыла отырып біз олардың өміріне одан да көп жылулық пен мейірімділік әкеле аламыз!