Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші халықаралық конференциясы

Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші халықаралық конференциясы

19.09.2024 ж. «2024 жылғы 17-18 қыркүйекте Аcтана қаласындағы Radisson Astana қонақ үйінде британдық Globuc компаниясының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «KazMunayGas» АҚ ресми қолдауымен Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші халықаралық конференциясы өтті.

🔹 Конференцияның маңызды артықшылығы баяндамалардың жоғары сапасы және талқылауға қатысушылардың жоғары мәртебесі болды – бұл шын мәнінде әлемдік жетекші технологиялық компаниялар, сала үшін заманауи жабдықтар мен қызметтердің жеткізушілері!
🔹КГНТ дәстүр бойынша 11-ші рет осы маңызды оқиғаның медиа-серіктесі болды. 7 ТОП-менеджерден тұратын КГНТ-ның делегациясын Бас директор Александра Бекишева басқарды. Конференцияға өңірлік МӨЗ/МХЗ, ұлттық мұнай-газ және сервистік компаниялардың, Орталық Азия мен Әзірбайжаннан, осы сектордағы жобаларды іске асыратын басқа елдерден келген лицензиарлардың – өңірдің мұнай өңдеу саласының негізгі ойыншыларының, технологиялық көшбасшылардың және сала үшін қызметтерді жеткізушілердің 360-дан астам өкілдері қатысты.
🔴🟢 Тұрақты қатысушылардың арасында – KazMunayGas, KPI, KazAzot, KMG PetroChem, Silleno, Uzbekneftegaz, Uzbekistan GTL, Shurtan GCC, PetroKazakhstan, Samruk-Kazyna Ondeu, KazEnergy, SOCAR, Azerikimya, Türkmengaz, Turkmenkhimiya, KGNT және басқалары бар.
🔹 КГНТ-ның бастамасы бойынша конференцияның бағдарламасында алғаш рет «Еліміздің жаңа мұнай-газ-химиялық жобаларын жүзеге асырудағы қазақстандық инжинирингті дамыту рөлі» тақырыбына пікірталас ұйымдастырылып, жүргізілді.
Сессияның модераторы КГНТ Бас директоры Александра Бекишева болды, спикерлердің бірі – КГНТ Бас директорының жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженері Сергей Донсков болды. Пікірталас конференцияға қатысушылардың қызығушылығын танытты және қазақстандық инжинирингті дамытуға ықпалын тигізді, пікірталас аяқталған соң ұйымдастырушылар мен конференцияға қатысушылар КГНТ ұжымын Компанияның 50 жылдық мерейтойымен қол шапалақтап құттықтады.