Ай сайынғы марапаттау

Біздің мақсатымыз – қызметкерлерді жаңа жетістіктерге көтермелеу және жігерлендіру, оларды дамуға ынталандыру және шығармашылық және кәсіби өсу үшін қолайлы атмосфераны қалыптастыру.

Барлық қызметкерлерімізге ынтасы, дарыны мен жұмысқа берілгендігі үшін алғыс айтамыз. Бірге біз күшпіз және бірлесе отырып, біз жаңа шыңдарға жетеміз және компаниямыздың ұстанымын нығайтамыз. Бірге ерлік жасайық және ай сайын жаңа жетістіктер мен жеңістерге бірге қуанатын боламыз!

Студенттер мен кәсіпқойлар

Бүгін КГНТ қызметкерлері: Жоспарлау жөніндегі бас инженер Елнур Нуртай, Жоспарлау жөніндегі инженер Камчыбеккызы Бегайым, персоналды іріктеу, бейімдеу және оқыту бөлімінің бастығы Жайлаубаева Айнур және бас маманы Ирина Эм @kazgasa.kz студенттеріне өздерінің кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен танысудың керемет мүмкіндігін ұсынды.

Олар өз мамандықтарындағы маңызды сәттерге айрықша көңіл бөлді, жетістіктердің нақты мысалдарымен және команданың ауқымды жобаларымен бөлісті. Лекциядан кейін студенттерге жұмыстың атмосферасында болып көру және дағдыларды дамыту үшін компаниямызда тәжірибеден өту туралы ұсыныс жарияланды.

Progress card жеңімпазы

Айнура Ермашеваны 2024 жылғы тамыз айындағы ЕҚ, ДС және ҚОҚ бойынша үздік қадағалауы үшін жеңісімен құттықтаймыз! 🎉 Бұл жетістік — әрбір адам еңбек жағдайларын жақсартуға және компанияны дамытуға үлес қоса алатындығын көрсететін барлық қызметкерлер үшін керемет мысал.

Сіздердің идеяларыңыз болашақты өзгерте алады! Үздіксіз жетілдіруге ұмтылайық, жаңа шешімдерді ұсынуға қорықпайық және жоғары нәтижелерге бірге қол жеткізейік. Сіздердің бастамаларыңыз бен энергияларыңыз — бүкіл команданың жетістігіне жетелейтін негіз! 💡

Атырау облысында полиэтилен шығару бойынша зауытты салу

11.09.2024 ж. Атырау облысындағы ҰИМТ АЭА аумағында полиэтилен шығару бойынша қазақстандық зауыттың құрылысы басталды. Қуаты жылына 1,25 млн. тонна және инвестициялар көлемі шамамен $7,4 млрд болатын полиэтилен өндіру бойынша зауытты алғашқы салу жұмыстары басталды.

Салтанатты рәсімге «ҚазМұнайГаз» МК (жобадағы үлесі 40%) басшысы Асхат Хасенов, ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов, СИБУР-дің (30%) атқарушы директоры Сергей Комышан, Sinopec Overseas Investment Holding (30%) вице-президенті Чжао Тецзю және КГНТ компаниясының (Бас жобалаушы) Бас директоры Александра Бекишева қатысты.

Бұл Қазақстанның өңдеу саласындағы ең ауқымды жоба (Теңіздегі газ бөлу кешенінің және 205 км-дегі этан құбырының құрылысына қосымша $2 млрд-тан астам бөлінетін болады).

Аталған жобаны іске асыру құрылыс кезеңінде шамамен 8000 жұмыс орындарын және өндіріс іске қосылғаннан кейін 800 жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жоба сонымен қатар экономикада мультипликативтік әсерді тудырады: елімізде байланысты салаларды және түпкілікті өнімді шығаратын жаңа өндірістерді дамыту, логистиканы дамыту.

Полиэтиленді ішкі тұтыну көлемі жыл сайын өсуде, 2023 жылдың қорытындылары бойынша 200 мың тоннадан асты.

  • Қаржыландыру: акционерлер және халықаралық банктерден тартылған кредиторлар қаражатының есебінен.
  • Маркалық түржинағы: полиэтиленнің 22 маркасына дейін, олардың 40%-ы премиум сыныбында.
  • Құрылыстың аяқталуы: 2029 жыл.
  • Лицензиар: Lummus Technologies.
  • EPC-мердігер: Tecnicas Reunidas

«Энегетикадағы әйелдер: Серіктестік, Прогресс, Перспективалар» әйелдер энергетикалық форумы

«Самрұқ-Энерго» АҚ «KAZENERGY» қауымдастығымен бірлесіп Астана қаласында «Энегетикадағы әйелдер: Серіктестік, Прогресс, Перспективалар» алғашқы әйелдер энергетикалық форумын ұйымдастырды. Іс-шараға КГНТ компаниясының қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстанның әртүрлі салаларындағы әйел-көшбасшылар және Қырғызстан Республикасы энергетикадағы әйелдер қауымдастығының өкілдері қатысты. Қатысушылар энергетикадағы әйел өкілдігінің негізгі мәселелерін, корпоративтік мәдениеттегі өзгерістерді және әйелдердің осы саладағы жетістіктерін талқылады. Баяндамашылардың арасында Лаззат Рамазанова, Дина Амришева және Ляззат Ахмурзина болды. Форумның қорытындылары бойынша энергетикалық саладағы әйелдерді қолдауға және олардың рөлін дамытуға бағытталған қарар қабылданды.

5с жеңімпаздары

🎉 Керемет жаңалықтар! 🎉

Әріптестеріміз – Айгерім Ақболатова мен Юлия Соколованы маусым және тиісінше шілде айларындағы «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясындағы лайықты жеңісімен мақтанышпен құттықтаймыз!

5C жүйесі — бұл сөздер жиынтығы ғана емес, бұл еңбек тиімділігін арттыруға, жұмыс ахуалын жақсартуға, ықтимал авариялар тәуекелін азайтуға және барлық қызметкерлер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жүйе. Жүйелі үйлестірудің, тазалықтың, тәртіптің, стандарттарға сәйкес болудың және тәртіпке бағытталған көзқарастың арқасында жеңімпаздарымыз әрбір адам өзін жайлы және іскер сезінетін жұмыс орындарын ұйымдастыра білді.

Сонымен қатар Кадрлық әкімшілік ету және іс қағаздарын жүргізу бөлімін осы номинациядағы жеңісімен құттықтаймыз! Олардың жұмыс кеңістігі егжей-тегжейлерге айрықша мұқияттылықпен 5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған.

Ал жеңімпаздарымызды бірге қошеметтейік және осындай жетістіктер үшін мақтан тұтайық!

Сейсможаттығу

28 тамызда КГНТ офисінің аумағында қызметкерлеріміз үшін сейсмикалық жаттығу сәтті өтті.
Мұндай жаттығулар:
• Қызметкерлерді жер сілкінісі кезіндегі дұрыс әрекеттерге дайындауға
• ТЖ жағдайында ден қою мен эвакуациялауды жылдамдатуға
• Жұмыс орнында қауіпсіздік пен сабырлықты қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сейсмикалық жаттығулар – компанияның қызметкерлері мен мүлігін қорғауға ықпалын тигізетін қауіпсіздіктің жалпы стратегиясының бір бөлігі.
Іс-шараға қатысқан және керемет дайындықты көрсеткен барлықтарыңызға рақмет айтамыз! Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз біз үшін бірінші орында. #kgnt50 #safety360kgnt #сейсможаттығуалматы #қауіпсіздік