5с жеңімпаздары

Елена Воробьеваны маусым айындағы “5C жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны” номинациясындағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! 🎉✨
5C жүйесі еңбек тиімділігін арттыруға, жұмыс кеңістігінің ұйымдастырылуын жақсартуға, қателердің туындау тәуекелін төмендетуге және қызметкерлер үшін қауіпсіздікті арттыруға ықпалын тигізеді. Тұрақты үйлестірудің, жинап-тазалаудың, тәртіп пен тазалықты сақтаудың, стандарттарға сәйкес болудың және қағидаларды үнемі сақтаудың арқасында жұмыс орны барлық адамдар үшін неғұрлым өнімді, қауіпсіз әрі қолайлы бола бастайды.
Еленаны осындай маңызды нәтижеге жетуімен құттықтаймыз және оның үлгісі басқа әріптестеріміз үшін өздерінің жұмыс орындарында 5С жүйесін ендіру үшін ынта болады деген сенімдеміз! 💪🌟 #Құттықтаулар #5Cжүйесі #Тиімділік #Қауіпсіздік #Өнімділік

Microsoft Power BI

🔍 КГНТ қызметкерлері деректерді талдаудағы біздің мүмкіндіктерімізді кеңейте отырып, Power BI бойынша оқуды сәтті аяқтады. Біз қызметкерлерімізді және олардың кәсіби дамуға деген ұмтылыстарын мақтан тұтамыз! 📈✨

Сенбілік

22 маусымда КГНТ қызметкерлері компанияның аумағында және жұмыс орындарында өткен эко-сенбілікке белсенді қатысты. Бұл сенбілік тұрақты даму және қоршаған ортаға жауапты қарау бойынша стратегиямызды іске асыруда мағызды қадам болды.
Осы күннің ішінде қызметкерлеріміз аумақты жинап, жұмыс орындарының абаттылығын жақсартты. Қалдықтарды сұрыптау мен кәдеге жаратуға айрықша көңіл бөлінді, өйткені бұл біздің экология саласындағы бастамаларымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.
Эко- сенбілік қызметіміздің экологиялық және әлеуметтік аспектілерін жақсартуға бағытталған біздің ортақ ESG бағдарламамыздың бір бөлігі болып табылады. Біз қызметкерлеріміз үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, сонымен қатар қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерді барынша азайтуға ұмтыламыз.
Біз барлық қызметкерлерімізге белсенді қатысқаны және жалпы ісімізге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Жұмыла салған күшіміздің арқасында біз қоршаған әлемді неғұрлым жақсы және таза етудеміз!

5с жеңімпаздары

2024 жылғы наурыз және сәуір айларындағы 5С жүйесі бойынша ай сайынғы конкурсымыздың жеңімпаздарын құттықтаймыз! Ольга Гераськина «Үздік жұмыс орны» санатында жеңімпаз атанды, ал ғимаратқа қызмет көрсету секторының техникалық персоналы наурыз айындағы «Үздік жұмыс кеңістігі» номинациясында бірінші орынды иеленді.
Ерболат Муздыбаев сәуір айындағы «Үздік жұмыс орны» санатында жеңімпаз атанды. Барлық қызметкерлерімізге 5С жүйесіне көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін алғысымызды айтамыз! #Жеңімпаздар #5С #Конкурс #ТұрақтыЖақсарту #Тиімділік#кгнт #kgnt50 #мүмкіндіктер #dreamteamkgn

Progress card жеңімпазы

Әріптестеріміз – Ирина Ежелева мен Дильназ Тохтахунованы 2024 жылғы наурыз және сәуір айларында біріктірілген менеджмент жүйесін жақсарту бойынша үздік ұсынысы үшін лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Сіздердің адалдықтарыңыз бен кәсіпқойлықтарыңыз командамызды неғұрлым мықты етуде.
Прогресс-карталарды қолдану бізге тиімдірек дамуға және жұмыс процестерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі лайықты жеңістеріңіз болашақ жетістіктерге түрткі болсын және компаниямыздың барлық қызметкерлерін, жаңа, инновациялық идеяларға шабыттандырсын! #ҮнеміЖақсарту #Тиімділік #кгнт #kgnt50 #progresscard #dreamteamkgnt

Сейсможаттығу

2024 жылғы 7 маусым күні КГНТ-ның Алматы қаласындағы офисінде жоспардан тыс сейсможаттығу сәтті өтті. Іс-шараның маңыздылығын ұғына отырып, қызметкерлеріміз бен келушілер нұсқаулықтарды қолдана отырып, ғимараттан шығып, эвакуациялау жоспарына сәйкес қауіпсіз орынға шығарылды.
Эвакуациялық жаттығу – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесіндегі маңызды, жауапты және күрделі іс-шаралардың бірі болып табылады. Эвакуациялау бойынша оқу жаттығуларын жиі өткізіп тұру жер сілкінісі, өрт кезіндегі мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді және төтенше жағдайлар туындаған кезде ғимараттан жылдам әрі қауіпсіз шығуға даярлықты қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз! #kgnt50 #сейсможаттығу #dreamteamkgnt