Техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына аккредиттеуді ұзарту
30.05.2024 ж. «КГНТ аккредиттеуді ұзартып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 «Бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес уәкілетті орган — Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен «Бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлікті» алды.
Аккредиттеу 2026 жылғы 30 мамырға дейін 2 жылға ұзартылды»