КГНТ компаниясының Globuc өкілдерімен кездесуі

15.03.2024 ж. КГНТ бас офисінде Басшылық пен КГНТ мамандарының «Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» атты жыл сайынғы 11-ші конференцияның ұйымдастырушылары – энергетикалық көшу, мұнай-газ химиясы және цифрлық трансформациялау саласындағы жоғары деңгейдегі бизнес іс-шараларға мамандандырылған Globuc британдық компаниясымен кездесуі өтті. Конференция Астана қаласында 2024 жылғы 18-19 қыркүйекте өтетін болады және сонымен қатар өткен жылдағыдай өңірдегі сутекті жобаларды дамытуға арналған «Орталық Азия мен Каспийде сутекті өндіру» арнайы тоғыс-күнімен қатар өткелі тұр. КГНТ дәстүр бойынша конференцияның серіктесі және тұрақты қатысушысы болып табылады.

Аталған іс-шара бүкіл саланың негізгі күн тәртібін айқындайтын мұнай-газ, мұнай химиялық және басқа салалардағы таңбалы халықаралық оқиға болып табылады.

Форум көптеген ірі қатысушыларды жинайды, солардың ішінде нарықтың ірі ойыншылары, энергетика министрлігі, инжиниринг компаниялары және басқалары бар.

Кездесуде алдағы іс-шараның стратегиялық мәселелері, конференцияның тақырыптамасы, қатысу нысаны және КГНТ өкілдерінің сутекті энергетика және қазақстандық инжинирингтің құрылыс жобаларындағы рөлін күшейту жөніндегі баяндамасымен сөз сөйлеуі талқыланды.

Кездесудің қорытындылары бойынша тараптар аталған іс-шараны сәтті іске асыру үшін әрекеттерді үйлестіруге, тығыз өзара әрекет етуге және барлық күштерін салуға уағдаласты.