«PetroPolymers & PetroChemicals» халықаралық форумы

16 ақпан күні Атырау қаласында мұнай-газ химиясы саласына және Қазақстанның полимер нарығына арналған «PetroPolymers & PetroChemicals» I халықаралық форумы өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Petrocouncil мұнай-газ кеңесі осы форумның ұйымдастырушысы болды. Форумға Экономика және бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Демесін Айдос Оразбайұлы бастаған КГНТ делегациясы белсене қатысты.

Форумның жалпы отырыс барысында «QazagGaz» ҰК» АҚ, «KPI» ЖШС, АМӨЗ, «ТатНефть» ЖАҚ, «GPC Investment» ЖШС, «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесі сияқты ірі мұнай-газ химиясы саласының отандық және халықаралық компанияларының сондай-ақ бірқатар қазақстандық кәсіпорындардың басшылары мен жетекші мамандары сөз сөйледі, олар іске асырылып жатқан жобалар туралы әңгіме қозап, жұмыс барысында туындайтын түрлі мәселелердің ұтымды шешімдерімен де бөлісті.

Форумның айрықша ерекшелігі шағын және орта бизнестің қатысуымен жаңа жобалар құрудың, отандық полипропиленді қайта өңдеу жөніндегі шағын индустриялық аймақты қалыптастыру мен дамытудың, полимерлерді қайта өңдеу жөніндегі жобалардың, EPC-жобалардың, МӨЗ құрылысының өзекті мәселелерін, сондай-ақ “Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі”арнайы экономикалық аймағын одан әрі кеңейту перспективаларын талқылау болды («НИНТ» АЭА)

Форумға Қазақстанның барлық аймағындағы 420 компаниядан, сондай-ақ Еуропа, Қытай, Түркия, ТМД елдерінен жалпы жиыны 600-ден астам өкіл қатысты.